Суббота, 21.12.2024, 18:03
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » 2014 » Октябрь » 13 » Қысқы еңбек.
14:35
Қысқы еңбек.

қазақ тілі 4 сынып

Тақырып/ Тема: Қысқы еңбек.

Сабақ түрі/ Тип урока:жаңа тақырыпты игеру, қайталау , біріккен, дағды мен білімді қалыптастыру,бақылау, білімді жүйелеу, білім мен дағдыны түзету сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: тәуелдік жалғаудан өткенді пысықтау; олардың лексикалық мағынасын меңгерту. Олардың сөздерге жалғану тәртібін меңгерту. Қазақ тіліндегі екпіннің қызметімен таныстыру.
Дамытушылық: сөздік қорын байыту. Теориялық білімдерін практика жүзінде қолдануға дағдыландыра отырып, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» (Мақалдың мәнін түсіндіру арқылы еңбексүйгіш болуға шақыру).
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.
а) Сәлемдесу.
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
б) Сөйлесу.
1.1. Ой шақыру:
Өткен сабақтарда біз зергерлік бұйымдар туралы білдік. Сендер қандай зергерлік бұйымдарды білесіңдер? Оларды кімдер жасайды? Әдемі бұйым жасау үшін зергер (шебер) аз жұмыс істей ме? (т.с.с.)
III. Жаңа сабақ.
Сөздік жұмысы. Тындалым. Айтылым. Жазылым.
а) Оқу, аудару, айтылуы мен жазылуын меңгерту.
ә) Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру арқылы сөздердің лексикалық мағынасын меңгерту. Үлгі:
Жуу —> ыдыс жуу—>Сәуле ыдыс жуды. Дайындалу —>сабаққа дайындату —>Мен сабаққа дайындаламын. (т.с.с.)
2. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым.
а) Оқу, не істейді? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, оқып шығу.
ә) Сұрақтарға жауап беру.
3. Сөйлесім. 2-жаттығуды орындау.
а) Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді тіркескен сөздерімен қоса тауып жазу.
ә) Тәуелдік жалғауларын дұрыс пайдалана отырып, бір-біріне сұрақтар қойғызып, жауап алу. Мысалы: Кітап—>Мынау сенің кітабын ба? Иә.мынау менің кітабым. Қарындаш—>Мынау сенін қарындашын ба?- +Жоқ, бұл менің қарындашым емес, бұл Сергейдің қарындашы. (т.с.с.)
IV. Ережемен таныстыру. Тындалым. Айтылым.
- Сөздерді айтқанда сөздегі буындардың (дауысты дыбыстардың) бәрі бірдей бір қалыпта айтылмай, біреуі басқалардан ерекше қарқынмен, күшпен айтылады. Мысалы, оқушы деген сөз үш буыннан тұрады да, соңғы үшінші буыны (-шы) күшті айтылады. Осын¬дай сөз ішінде бір буынның (дауысты дыбыстың) басқа буындардан ерекшеленіп, күшті айтылуын екпін деп атайды.
Әдетте қазақ тіліндегі екпін сөздің соңғы буынында болады.
Екпінге анықтама берілгеннен кейін, мысалдар келтіріледі.
V. Грамматикалық тақырыпты пысықтау. Тындалым.
а) Оқулықтағы сызбаға назарларын аударып, қазақ тілінің тәуелдеу (меншіктеу) формасының бір түрі - тәуелдік жалғаулар арқылы жасалатынын айту.
Мұғалім алдында отырған оқушының бірінен оның алдындағы кітаптың кімдікі екенін қазақша сұрайды. Әрине, оқушы өзінікі екенін қазақша айта алмауы мүмкін. Мұғалім сұрақты орысша қойып, жа¬уап алғаннан кейін, осы сөйлемнің қазақша қалай жасалатынын түсіндіреді.
Это - моя книга. —> Бұл менің кітабым.
Моя (мой, мое) - менің
Твоя (твой, твое) - сенің
Ваша (ваш, ваше) - сіздің
Ее (его) - оның
ә) Түсіндірілген тақырыпты меңгеру дәрежесін байкау үшін оқулықтағы 3-жаттығу орындалады.
1. Жазылым. Айтылым. 4-жаттығуды орындау. Қажетті есімдікті қойып жазу.
а) Мақалдарды оқу, мазмұнын түсіндіру.
ә) Мақалдардың мазмұны бойынша өзара ой бөлісу. Мұғалім оқушыларға өз ойын жеткізе алу үшін мынадай көмек бере алады:
(Адамдар жақсы өмір сүру үшін, денсаулығы жақсы болу үшін, көп ақша табу үшін (т.с.с.) не істеу керек? —>(Еңбектену керек)
VI. Сабақты қорытындылау.
6.1. Үйге тапсырма беру.
1. Жаңа сөздерді жаттау.
2. Мәтінді оқу, әңгімелеу.

Просмотров: 2803 | Добавил: Мадина4061 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Архив записей
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика