|
"Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары", 8 сынып, алгебра
Тақырыбы: Квадрат теңдеутүбірлерініңформулалары Мақсаты:Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару. Білімділік: «Квадрат теңдеулерді шешу» тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін жинақтап, формулаларды есептер шығаруда пайдалана білу дағдыларын жетілдіру. Материалды меңгеру дәрежесін тексеру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, өз беттерімен жұмыстануды, логикалық сауаттылығын дамыту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, белсенділіктерін арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды алдарына қойған мақсаттарына жетуге, жауапкершілікке, ұжымдық жұмысқа, өзара көмек көрсетуге, адамгершілікке, патриоттыққа, толерантылыққа тәрбиелеу Міндеттер: 1. Дискриминанттың мәніне байланысты квадрат теңдеудің түбірлер санын анықтай отырып түбірлердің формулаларын қолданып квадрат теңдеуді шешу; 2. Білім алушылардың ой - өрісін кеңейтіп, қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, есептеу дағдысын жетілдіре отырып танымдық қызығушылығын дамыту; 3. Өз бетінше есептер шығара білуге, тез ойлап ойын жеткізуге және ізденуге, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Бекіту сабағы. Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, есептер шығару, проблемалық, іздену әдістері Көрнекіліктер: тест тапсырмалары, интерактивті тақта, түрлі-түсті жетондар(рефлексияға) Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру II. Үй тапсырмасын тексеру III. Ой қозғау IV. Білімінді тексер V. Тест VI. Қорытындылау VII. Үйге тапсырма VIII. Бағалау
|
Категория: Презентации | Добавил: aika (23.01.2015)
| Автор: Айшолпан E
|
Просмотров: 1814
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|