|
Сыни тұрғыдан ойлау-"ойлау туралы ойлану".
Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіредіСыни тұрғыдын ойлау екі мағынада қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Шынымен де ең бірінші өзімді оқушыдай сезініп, берілетін тапсырмаларды жан – жақты ойлауды қажет етті. Ол оқушыға тиімді ме? Сыныптың жас ерекшелігіне сәйкес келе ме? деген сұрақтарға жауап бере отырып ойландым. Қазіргі заманның талабына сай білімді, жан-жақты, дарынды, талантты ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Мен оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойланушы,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы,ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сыни ойлауда - оқушылар қай нәрсеге болса да терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын білдіреді, өзіндік мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады. Сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау”, "Түртіп алу”, "Ойлану”, "Жұпта талқылау”, "Болжау”т.б. деген аттары бар әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені,үйрену –енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Мен өз тәжерибеде»ББҮ»,»Сатылау»,»Кластер»,»Жигсо»,»Ыстықорындық» т.б әдіс-тәсілдерін қолданып жүрмін. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы –ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Венн диаграммасы”,"Еркін жазу”,"Семантикалық карта”сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қолдандым. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін диалогтың, соның ішінде жұптық әңгіменің орны басым.Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме кезінде оқушылардың бойында жеке ерекшеліктерін байқадым, пікірлерінің құнды екеніне көз жеткіздім.Топ болып бірауыздан бағдарламаның жеті модуліне сәйкес жұптық әңгіме барысында оқушылардың бойында кездескен жетістіктерді атап көрсеттік: талпыныс, жауапкершілік, қарама-қайшы пікір, жетелеу, зерттеушілік, жаңа идея, қолдау, таланты ашылды. Сабақтарды өткізу барысында мен мынандай жетістіктерге қол жеткіздім: топқа бөліну кезінде тез орындарын таба білу, жұппен, топпен жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдаланып өз пікірлерін ортаға сала отырып талқылай алатынына көзім жетті . Мысалы:«Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан тұздардың ортақ химиялық қасиеттері» сабағымда химиялық формулалар бойынша I топ -NANO3, II топ -CАCO3,III топ -K2CO3 топтастырып,оқушылар тұздарға қысқаша мәлімет береді.Сабағымды бастамас бұрын оқушыларды жан – жақты ойландыру,жаңа тақырыппен байланыстыру мақсатында алдыңғы өтілген тақырыпақа қатысты сұрақтар қойдым, мәселен: 1.Қышқылдардың ортақ химиялық қасиеттері қандай? 2. Негіздерге тән ортақ қасиеттері қандай? Т.б. Топтар сұрақтардың жауаптарын өзара талдап, топ басшылары жауаптарын ортаға салып, қорғайды. Бұл сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар жаңа тақырыпты ашуға атсалысады. Сұрақтарды барлық сабақ кезінде қолданым – деп айта аламын, себебі біздің сабағымыз үнемі сұрақтар беру арқылы оқушыны жетелей отырып, өзі түсініп жазғанға дейін жүргізіледі. Сұрақ қою арқылы оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырдым,білімге құштарлықты дамытуға және зерттеуге ынталандырдым, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал еттім, оқушылар бір-бірінен үйренді, оқытудағы қиындықтарды анықтады. «ББҮ» кезенің өткізгенде барлығы белсенділік танытты;8,9класта жинақталған білімдерін «Білемін» деген бағанға стикерге жазып дәлелдеді. «Білгім келеді» бағанға өз ойларын емін еркін жеткізе алды. Сынып оқушылары бір-бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды. Түсініксіз жерлерін сұраудан қорықып қысылған жоқ.Жас ерекшеліктеріне сай балаларға мазмұнын бірнеше шағын бөлімдерге бөліп ресурстар дайындап, сабақ жоспарының тапсырмаларына сай таратып отырдым. Оқушылар тапсырма бойынша өз ойларын постерге, «Венн диаграммаға» жазып қорғады. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың тақырыпты өздігінен түсінуге құлшынысы байқалды.Постер құру-оқушыларға ең ұнаған әдістердің бірі. Топпен жұмыс жасауға тиімді тәсіл деп ойлаймын. Топ мүшелері өз міндеттерін белгілеп алғасын жауапкершілік сезінді. Үлгерімі төмен оқушылардың өздері белсенділек танытып, басқа қырынан көрінді. Ақылбек пен Тұрсынбек топтары үшін постерді безендірді. Біреуі қажет қаламды жеткізіп тауып тұрса, екіншісі сурет салды. Постерді тақтаға шығып қорғау оқушыға сөйлеу мәнерін үйретті. Көпшілік алдында сөйлеуге үйренді. Бір айналым сөйлесу кезеңінде оқушылар өз ойларын ашық айтуға дағдыланады. Оқушылардың деңгейлік тапсырма бойынша ынтасын арттыру үшін топтарға біріктіріп, әр тапсырмадан соң топтарын деңгейлеп ауыстырдым.Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында рефлексия кезеңінде «Ыстық орындық» әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекітуде жөн санадым. Бүгінгі сабақты жақсы меңгердім деген оқушы шығып, ыстық орындыққа келіп отырды, осы оқушыға сыныптастары сұрақ қойды. Осы сәтте сыныбымдағы орташа деңгейдегі оқушы Бексұлтан белсенділік танытып алға суырылып шықты. Сабақ оқушыларға ұнады. Топтық жұмыстың артықшылығы: 1- Оқушылар өзара достық қатынаста болады; 2- Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді, 3- Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді; 4- Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді; 5- Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. 6- Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді. 7- Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды. Мерсер сипаттағандай оқушылар білімді бірлесіп алуға немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады деген. [Нұсқаулық, 40 бет] Сөйлеуі қиын, сыныпқа араласа алмайтын оқушының да бұл пікірталас, топтық жұмыстарда белсене араласуы таң қаларлық жағдай. Топпен жұмыс барысында оқушылардың ойы сан түрлі болды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың тақырыпты өздігінен түсінуге құлшынысы байқалды ,оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады. Сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына, жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Ой толғау білім беруді ұйғарады, мұғалімдер өзінің және оқушының іс - әрекеттерін байқайды және салыстырады, оларды бағалап сыни сәтті негізге алып соңындағы шараларды қолданадым. Ой толғаныс білімде де, өмірде де қажетті дағды ретінде мұғалімге де, оқушыға да маңызды. Ой толғауда әсіресе, сұрақ қоя білген маңызды деп ойлаймын. Оқушы өз ойын нақты, терең айту үшін кеңінен ойландыратын сұрақтар қойылады. Әр сөйлесудің қатысушысы сұрақ қоюға және сөз айтуға құқылы, әр қатысушыда толық және шынайы қатысу міндеттемесі бар, әрқайсысы оған тура сондай сұрақ қоюы мүмкін екеніне дайын болуы керек. Г.Хендерсонның айтуынша осының барлығы ішкі әңгімелеуге жатады. [Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде 130 бет].Сыни ойлауды дамытатын оқу шарттарын, яғни оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін оқушыларға еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру, сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету, кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру, сыни ойлауды бағалау, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға мүмкіндік беру. Сыни ойлауда - оқушылар қай нәрсеге болса да терең оймен қарайды, салыстыра отырып талдау жасайды, өз көзқарасын білдіреді, өзіндік мәнін қалыптастырады, өз ойын тұжырымды жеткізе алады. Тәжірибе барысында оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды.Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды. Білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырады. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір - біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтты. Алғашқы сабақтарда бір-бірін»Екі жұлдыз,бір тілек»,үш шапалақ,әр түрлі көліктерімен,жетон, арқылы бағалауын ұсындым.Бұл бағалауды қолданғандағы ең негізгі мақсатым-өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау. Сыныптағы бағалау Александер айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерінжүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Нұсқаулық, 56-бет.) Сонымен сабақтарымда оқушыларым өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыра бастады. Бұған дейін менің түсіндіруіммен ғана тақырыпты түсінуге дағдыланған оқушыларым әуелгі уақытта қиынсынып, үйренісе алмай жүрген бес-алты оқушыларым болды. Сабақ барысында өз ойын айта алатындай мүмкіндікке ие болғанын түсінген оқушыларым оқу ретін өздері қалыптастыра бастады. Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таңғалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Мұндай зертеудің кішігірім түрін оқушыларыма зерттеп көрдім. Зерттеу нәтижесінде оқушылар сыни ойлай алды. Сындарлы пікірлер айта алды. Сыни қабілеттерін көрсете алды.Күнделікті сабақ жоспарларын жеті модульді ескере отырып өзгертіп беру арқылы сабақтарым қызықты өтті. Мектептегі іс-тәжірибемде енгізген жаңа идеяларым сабақтың мазмұнын ашуға көмек берді деп нақты айта аламын. Тәжірибемде өткізген әдіс-тәсілдерімді әлі де түрлендіріп қолдану менің мақсатымның бірі. Сабағымда оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында диалогтың түрлерін қолдана алуды шыңдау қажет. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын қалыптастыратын сұрақтар түрлерін енгізуім шарт. Сыни ойлау қабілеттерін шыңдау барлық мұғалімдердің құзырында деп білемін. Сондықтан да алдағы жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде оқушылардың сыни ойлана бағалауын дамытуым қажет. Сонымен қатар, сапалы және табысты оқыту барысында оқушылардың бойындағы сыңаржақтылықтың болмауына жағдай жасау, ұтқырлығын тиімді пайдлануға дағдылануды қолға аламын. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік» ДББҰ, 2012
Источник: http://sabak.ucoz.org/publ/0-0-0-0-1 |
Категория: Статьи | Добавил: Даухаренова (11.02.2014)
| Автор: Даухаренова E W
|
Просмотров: 18052
| Рейтинг: 2.0/3 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|