Воскресенье, 22.12.2024, 12:31
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Статьи

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту.

БҚО,Жәнібек ауданы,

Т.Жароков атындағы ЖББОМ

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Сарбалина Индира Серікқызы

Тақырыбы: Ерте жастан ағылшын тілін оқыту.

Жоспар:

I Кіріспе

      1. Ағылшын тілін оқыту –заман талабы

II Негізгі бөлім           

  1. Мектепке дейінгі жас балаларды және бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тіліне  үйретудің  мақсаты.

III Қорытынды.

 

  I.  Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп  тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру- өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі-Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолында тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты.

    Елбасы жолдауында кез-келген орта білім беретін  мектеп балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.

    Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда, оқытудың жаңа жүйесіне көшу әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. 12 жылдық оқу мерзімінде оқытуда жалпы орта білім беру мазмұнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет.

     Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. 12 жылдық білім беруге көшудің қажеттілігі бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізудегі мәселе жалпы білім беретін мектептерде баланың білім, білімдік сапасын арттыру, оқушылардың бір мезгілде үш тілде-қазақша,орысша және ағылшынша ауызекі сөйлеудің негізін игеруге жәрдемдеседі. Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын артттыруында болып табылады. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырамыз. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы-дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.

  II    Мектеп оқушыларына қарағанда мектепке дейінгі жастағы балалардың  еліктегіш қасиеті жақсы дамыған, сондықтан олар ағылшын тілін үйренгенде азырақ қиналады. Сонымен қатар, олар ағылшын дыбыстарын, сөздерін, сөййлемдерін қайталағанды ұнатады. Бастауыш мектеп балалары да еліктеу арқылы үйренеді, бірақ бұл балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу үшін сөйлеу мүшелерінің жұмыстарын түсіндіруге болады.

       5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін мұғалім осы факторды ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдалану керек. Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді,сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір  білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады.

Ойын дегеніміз:

  1. іс-әрекет (тілдік)
  2. зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы
  3. жеке адамға ғана тән іс-әрекет
  4. коллектив арқылы тәрбиелеу және білім  беру
  5. баланың психикасын, ой-өрісін дамыту
  6. қызықтыра отырып үйрету

   Шет тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар, қолғап ойыншықтар, жануарлар, көкөністер т.б. түрінде де ойналады. Шетел тілін үйрету ойынының мынадай түрлері бар:

  1. грамматикалық ойындар
  2. фонетикалық ойындар
  3. лексикалық ойындар
  4. орфографиялық ойындар
  5. рольдік ойындар

   Шет тілі сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады. Мысалы: сабақтың басында ұйымдастыру бөлімі кезінде алынатын фонетикалық рифмовка алған кезде, ал кәне кім мына өлеңді бірінші жаттап алып, маған айтып берер екен деп жарыс ойынын ұйымдастырса және эстафета таяқшасын дайындап алып барып, оны алда отырған оқушыға берсе, ал оқушы өлеңді айтып болып, келесі оқушыға берсе, балалар  жарыса отырып өлеңді қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады.

   Сабақ процесінде ойын пайдаланылған кезде баланың миында Не істеймін? Қалай айтам? Қалай жеңем? деген сұрақтар тұрады. Шет тілін нашар білетін бала ойын  басқалармен бірдей үйретіліп жатқан тілде сөйлеп, мен де басқалармен бірдей екенмін ғой, мен де біледі екем деген ойда болады. Психологтардың айтуы бойынша бастауыш сыныптардың балалары ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшеді. Дегенмен, ойынның маңызы бұл жаста мол. 6-7 жастағы балалардың қызығушылығы мол, жаңа тақырыпты қабылдағанда әдемі, қызықты заттарға назар аударады, бірақ олардың назары тұрақсыз болып келеді. Балалар 2-3 минуттан астам әңгімесін тыңдай алмайды, сондықтан сабақ түсіндіргенде сұрақ-жауап тәсілін қолданған жөн. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ отыра алмайды,тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15 минут сайын ойындар, қимыл іс-әрекет жаттығулар өткізген жөн.

       Белгілі бір сөйлеу үлгілерін бекіту үшін ойыншықтар, құрылыс құралдарын қолдануға болады. Ойыннан оқу іс-әрекетіне көшу үшін ойыншықтардан суреттеуге көшуге болады. Әдетте 6-7 жастағы балалар жалпы жасалған нұсқауларды қабылдамайды, сондықтан тапсырма беру үшін әр балаға жеке ескерту жасаған жөн.

     Мектепке дейінгі балаларды және бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тіліне  үйретуге арналған бағдарлама бар. Осы бағдарлама бойынша шетел тіліне оқытудың мақсаттары: белгілі бір шетел тілі бойынша оңай біліктіліктерге үйрету, яғни қарапайым әңгімені түсінуге үйрету және шет тілінде сөйлеуге үйрету болып табылады. Бағдарламада Отан, отбасы, сандар, түстер, көкөністер, тағамдар, жануарлар тақырыбында материалдар енгізілген. Қойылған мақсаттарға жету үшін мұғалім 6-7 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін білуі . Бұл жастағы балалар шет тілін үйренуге  икемделген: олар қысқа тіл материалын оңай жаттап алып, оны айтып бере алады, бірақ бала өскен сайын бұл қабілеттерді жоғалта бастайды.

      Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйреткенде басты төрт  дағдыны үйретеміз. Олар: тыңдау, оқу, сөйлеу және жазу.  Бірінші сыныпта осы төрт дағдыны қалыптастыру сақталған, ал мектепке дейінгі сыныптарда жазу дағдысы болмайды, олар қайталап, жаттап, ойыншықтарды бейнелеп, әртүрлі ойындар  меңгереді. Оқытуда  жаңа технологияларды қолданып, мысалы әндерді бірге орындауға, тексттерді тыңдатуға т.б. қолданылса, көзбен көріп үйренген есте көп сақталады.

 III. Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Балдырғандарымыз тіл жағындағы нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын  тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйрету тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет.

      Мектебімізде биылғы жылдан бастап мектепке дейінгі және бірінші сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын  тілін ерте жастан оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу-уақыт талабы.

Категория: Статьи | Добавил: Kairat (17.02.2014)
Просмотров: 12487 | Рейтинг: 2.5/11
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика