Айымгул Кадырбаевна Арыстанғалиева
Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы
Т.Жароков ЖББОМ-нің
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Адам өмірімдегі ең кажетті білім -өзін-өзі тану
(эссе)
Руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеу-бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әркайсысының және баршамыздың басты міндетіміз екеніне сенемін.
Рухани байлыққа апарытын жолдың бірі-білім, екіншісі-сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің қүндылығына сүйіне отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. өйткені рухани жетілдірудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен магынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке үстаган қоғамның мақсаты-әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу.
Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз оны жан-жақты дамыт, жаңаша дағдыларға тэрбиелеу қажет. әлемдік даму, ғылыми технология адамның үшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік түрғысынан білім беру әр түлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіруді көздейді.
«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілікті дамыту пәні балаға аз жас ерекшелігіне сай өзін-өзі түсінуіне, айналадағы қоршаған ортамен қатысы туралы, адамдар мен айналадағы қоршаған элем қүбылыстарын қабылдауға өзін-өзі түсінуге көмектеседі.
«Тәрбие табалдырықтан басталады» демекші, бала тәрбиесіне ұсақ-түйек деп қарауга болмайды. Ата -аналардан алынған сұхбат пікірлерге қараганда «Өзін-өзі тану» пәнінің бала психологиясы мен дамуына ерекше әсер беретіндігін аңғардық. Осындай жүйелі жүргізілген жүмыстар ата-аналарға баланың ішкі жандүниесін жаксы түсінуге көмектеседі.
Ұстаздың міндеті бала жүрегіне жол таба білу, баламен бірге мүңаю, яғни әр оқушыны жеке тұлға ретінде жарыққа шығару, арлы, саналы, шынайы жүректі бала тәрбиелеу.
Сол үшін де, осы пәнді дүниеге әкелуге көп, жемісті еңбек еткен «Бөбек» орталығына ризамыз.
|