Воскресенье, 22.12.2024, 06:33
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Статьи

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»
І жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың жетсем деймін үндігін
Татулығын жырға қосқан ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
ІІ жүргізуші: Келдің бе, ырысы боп бұл даламның
Сен келсең қалай ғана мұңданармын
Кешегі Мұқағали жырлаған мың
Ақынын күллі дала тыңдаған күн
І жүргізуші: Қазақстан халқының ұлттығы мерекесі құтты болсын!
1 мамыр бірлік пен ынтымақ мерекесі құтты болсын!
ІІ жүргізуші: Мерелеріңіз құтты болсын!
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер:
І жүргізуші: ақын Мұқағали Мақатаев ағамыз айтқандай
Мына бір келген мамыр ма
Мамырла дала мамырла
Арқаңды төсеп жауынға
Дамылда тірлік дамылда
ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!
Құттықтау сөз колледжіміздің басшысы Смағұлов Ержан Мәлікұлына беріледі.
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Махатова Күлиза Джүйсенбаевнаға беріледі
І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
II- жүргізуші
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! - дей келе әр ұлттың өкілдерін қарсы алыңыздар! (киім киген ұлттар ортаға шығады)
I-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
II- жүргізуші хормен (бастайды , киім киген ұлттар хормен аяқтайды.) музыка ойнап тұру
1 мамыр бірлік пен ынтымақ мерекесі , құтты болын!
Қазақстан халқының даңқы, арта берсін!
Бейбітшілік пен ізгілік мерекесі, жасасын!
Берекелі мерекелі мамыр айы, құтты болсын!
Тұрақтылық кепілі , бейбітшілік жасасын!
Мемлекет қутты, халық бақытты болсын!
Бір Отан, бір Тағдыр, бір Ел,
Халықтың қуаты – бірлікте!

І -жүргізуші: Абай оқуынан қалалық және облыстық байқауларда бірінші орынға ие болған Алина қарындасымызды Көзімнің қарасы әнімен ортаға шақырамыз. (Қошеметтеріңіз)
II- жүргізуші
Жәнібек менің не айтайын деп тұрғанымды білесің ба?
I- жүргізуші
сен ортаға,,,,,,,,

II- жүргізуші
жо,жоқ
I- жүргізуші
Елдар жұмбақтамай тезірек айтсаң болар еді.
II- жүргізуші
Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді.
II- жүргізуші
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә!
ӘН «Жаса Қазақстан» Рамазан мен Арман
І жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
II- жүргізуші : Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!

«Шаңырақ» биімен ортада Қыздар тобы
II- жүргізуші Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
І- жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

Сіздердің көңіл күйіңізді көтереді деген үмітпен ортаға жайдарманшыларымызды шақырамыз

II- жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
І- жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,
Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын бере, «Сыған» халқын төрге би билеуг шақырамыз!
II- жүргізуші: Ортада УА-14-9 тобы, қарсы алыңыздар

І жүргізуші: Келесі кезекті бүгінгі кеште қонақ болып отырған кәріс ұлтының өкілі Тян Галина Венияминовна ұстазымызға сөз берейік.

ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенген елміз!
Көзімнің қарасы әнімен ортаға Алина Гагаринаны шақырамыз
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»

І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

ІІ жүргізуші:
Құрметті қонақтар, біз кешімізді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 сессиясында сөйлеген сөзімен қорытындыламақпын. «Береке басы – бірлік», дейді қазақ. Ал, береке-бірлігі жарасқан елдің туы биік, болашағы жарқын болатынын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.
I- жүргізуші Кешіміздің соңғы нүктесін қазақ халқының екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнімен қоямыз. Қабыл алыңыздар!

( «Атамекен» әні айтылған кезде, қазақ үй шаңырағын көтерген, ұлттық киімдер киген ұлдар шығады, барлық ұлт өкілдері шаңырақтың астына жиналады, сонымен аяқтайды.) флажоктар ұстау
Категория: Статьи | Добавил: mhashnik01 (13.05.2015) | Автор: Мукышева Айгуль Бакытовна E
Просмотров: 1881 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика