Понедельник, 23.12.2024, 09:05
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Жол тәртібін жадыңда сақта
Даухаренова Назира Эргасеновна
Химия,биология пәнінің мұғалімі
Ақтөбе қ.
Георгиевка орта мектебі
Тәрбие сағатының тақырыбы:Жол тәртібін жадыңда сақта
Мақсаты:
1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері «Жол травматизмінің алдын алу».
Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды. Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ? Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
1.Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі "Жол тәртібін жадыңда сақта" жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
2.жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!
1.жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Жиынымыз басталсын сәлемменен.
Енді сөз кезегін оқушыларға берейік
I топ. "Бағдаршам"
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.
II топ. "Жол белгілері"
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
III топ. "Жүргізуші"
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!
IV топ. "Қиылыстар"
Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
I топ. "Бағдаршам"
(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.)
1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы жол белгілері автокөліктерге емес, жаяу жүргіншілерге арналған болатын. Ал жол белгілері мен ережелерін тарихқа ең алғашқы болып енгізген – белгілі ел билеуші Юлий Цезарь. Ол Римде қандай да бір көлікті әйелдің жүргізуіне тыйым салатын заң қабылдаған еді. Кейіннен көлік көбейе бастаған тұста қала көшелерінде жол бағыттарын қол бұлғап көрсетіп тұратын бағдарлаушылар пайда болды. Тағы біраз уақыттан кейін олардың қолдарына белгі беретін қолшамдар берілді. Алайда мұндай бағдарлаушылардың уақыт өткен сайын көбейе түскен көліктердің қозғалысын реттеуге шамасы келмейтін еді.
2.оқушы: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
3.оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алдыБағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.
4. оқушы Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
1. ескерту белгілері
2. басымдылық белгілері
3. тыйым салу белгілері
4. міндеттеу белгілері
5. ақпараттық-көрсеткіш белгілері
6. қызмет көрсету белгілері
7. қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар).
ІІ топ. "Жол белгілері"
1-оқушы: Үйрен таппай тыным бір.
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең.
Тартар жолың бұлыңғыр.

2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

3-оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

4-оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
5-оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын, Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады. Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12. Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады.
III топ. "Жүргізуші"
1-оқушы: Жол ережесін білу өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды.
2-оқушы: Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет.
3-оқушы: Есігінен артқы Көлікке сен мінгін. Дәл осы бір сәттен Құлағыңды тіккін.
4-оқушы: Кезекте сен әлгі Артқы есіктен кіргін. Енді есіктен алғы Түсеріңді білгін.
Жүргізушілердің ережесі.
1. Көліктерді тек ғана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тратуарда немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.
2. Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.
3. Жүк көліктердің жүк салғышына тұруға, барып қырына отыруға тыйым салынады.
Жаяу адамның міндеттері.
1. Жаяулар тратуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.
2. Жолдан өтіп бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққ қарау керек.
3. Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы керек.
4. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.
IV топ. "Қиылыстар"
1-оқушы: Жолдар қиылысында
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа оны.
2-оқушы: Бос болмаса алайда
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып.
3-оқушы: Ирек-ирек көшелер. Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де Үйренесің біртіндеп.
жүргізуші: Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Ойын шарты
1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
2.Ой қозғау.
Келесі сайысымыздың бөлімі «Сұрақ –жауап» Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші. Өздерін қалап алған ұпай бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер. А деңгей сұрақтар(10ұпай)
1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ? Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
2. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол
болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн 3. Мына көліктер қалай аталады, көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру - 01, жедел жәрдем - 03 МАИ - 02 )
4. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі?( алдан түсіп, арттан мінеді)
5. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
6. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады? - Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
7. Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз? - Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.
8. Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді? - Төрт - бес адам қатар жүруге болмайды.
9. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?
10. Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды..
Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?
В деңгей сұрақтар(5 ұпай)
1.КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?
- Көшеде жүру тәртібі
2- Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?
жаяу жүргінші тротуар
жол белгілер
машиналар бағдаршам инспектор қиылыстар
3.Мұғалім: - Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.
4. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)
5. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
6. Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
7. Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? - Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады..
8. Бағдаршамд сигналдар қалай орналасқан?
9. Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі.
10. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?
3.Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
1.жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
2.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар?
(Велосипед
3.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Ысқырықпен түзеткен.
Өміріңді күзеткен (Милиционер)
4.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
5.Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
6.Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
7. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
8. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
9. Өзі сөйлей білмейді,
ірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
4. -кезең МАИ емтиханы .Тест
1. Жүргіншілер деген кім?
А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер
2. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А) болады В) болмайды С) білмеймін
3. Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек?
А) аялдамалардан В) кез - келген жерден С) дүкен алдарынан
4. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
А) кез - келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен
5. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?
А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері
6. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
А) сары В) жасыл С) қызыл
Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер. Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.
Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын! Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар.
Үй тапсырмасы : «Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!» эссе жазу.

Источник: http://sabak.ucoz.org/publ/0-0-0-0-1
Категория: Уроки | Добавил: Даухаренова (06.02.2014) | Автор: Даухаренова E W
Просмотров: 5794 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика