Понедельник, 23.12.2024, 12:43
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Сабақтың мақсаты:
1. «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» атты тақырып бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорытындылау.
2. Оқушылардың өздігінен ізденуін, өз бетінше жұмыс жасау әдетін, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
3. Мақал-мәтелдер арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың жүргізілу әдісі:
 Сұрақ-жауап;
 Ойландыру, іздендіру;
 Карточкалар арқылы ойлау қабілетін, сауаттылығын анықтау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу.
2.Түгендеу.
3.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

ІІ. Өткенді қайталау
1.Лото.
2.Сұраққа жауап беру
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне қандай мүшелер жатады?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Құрамына қарай қандай болады?
- Орыс тілінде оган сәйкес сөйлем мүшесі бар ма?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Құрамына қарай қандай болады?

ІІІ. Жаңа тақырып.

1. Мына мақалдардың тұрлаулы мүшелерін табыңыз, қай сөз табынан екенін анықтаңыз, ауызша қазақ тіліне аударыңыз.
 Глупый осудит, а умный рассудит.
 Голова – всему начало.
 Доброму добрая память.
 Доброта без разума пуста.
 Клевета что уголь: не обожжет, так замарает.

2. Төмендегі сөйлемдердің бастауыштарын табыңыздар және кестені толтырыңыздар.

сөйлем сөз табы
Жақсы арына құл, жаман малына құл.
Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Өз інінде көртышқан да батыр.
Біреуге біреу сеп, талға тіреу сеп.
Халыққа қарсы жүру – ағысқа қарсы жүзу.


3. Берілген мақал-мәтелдердің баяндауыштарын өздеріңіз ойлап табыңыздар, қай
сөз табы екенін анықтаңыздар.
Аққу көлін…, адам туған жерін… .
Ата қоныс – алтын… .
Туған жердің жуасы да … .
Ел құлағы … .
Естімеген елде … .
4. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қай жағдайларда сызықша қойылады?
Кестені толтыру.

бастауыш баяндауыш мысалы
І-қатар

ІІ-қатар

ІІІ-қатар зат есім
сын есім
сан есім
тұйық етістік
тұйық етістік
сілтеу есімдік
зат есім
сын есім
сан есім
тұйық етістік
зат есім
зат есім


5. Деңгейлік тапсырма.
Туған жердің жуасы да тәтті.

1-д.-Сөйлемді мүшелеріне қарай талдау.
2-д.- Сөйлемді мүшелеріне қарай талдау және әр сөйлем мүшесінің
қызметін қай сөз табы атқарып тұрғанын анықтау.
3-д.-Толық синтаксистік талдау жасау.

ІV.Оқушыларды бағалау.
V.Үй тапсырмасын беру.
Берілген сөйлемнің синтаксистік талдауын жасаңыздар.
Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол.

Сабақтың тақырыбы: Айқындауыш мүше.

Сабақтың мақсаты:
1.Айқындауыш мүше дегеніміз не, оның қандай түрлері бар екенін анықтау.
2. Оқушылардың өздігінен ізденуін, өз бетінше жұмыс жасау әдетін, қалыптастыру. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
3.Қазақ тілін құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың жүргізілу әдісі:
 Сұрақ-жауап;
 Ойландыру, іздендіру;
 Карточкалар арқылы ойлау қабілетін, сауаттылығын анықтау.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу.
2.Түгендеу.
3.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

ІІ. Өткенді қайталау
1. Лото.
2. Сұраққа жауап беру
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне қандай мүшелер жатады?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Орыс тілінде оған сәйкес сөйлем мүшесі бар ма?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
- Жалпылауыш сөз дегеніміз не?
3. Сөйлемдерді мүшелеріне қарай талдау.
Кеше де, бүгін де күн жылы болды.
Менің досым мейірімді, ақылды.
Шымкент, Алматы, Астана – бәрі де ірі қалалар.

ІІІ. Жаңа тақырып.

1. Мына сөйлемдердің синтаксистік талдауын жасап, салыстырыңыздар.
Мы, молодежь,- будущее страны.
Біз, жастар, - еліміздің ертеңіміз.
( сөйлемдерді талдау, сұр. жауап беру, орыс тіліндегі уточн. сл. салыстыру)

2. Айқындауыш мүшелерд. анықтамасын беру, кестемен жұмыс (презентация).

Айқындауыш мүше-сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем


Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз.

 Оңашаланған айқындауыш мүшенің екі жағынан үтір қойылады.

 Синтаксистік қызметі: Сөйлемде әрқашан анықтауыш қызметін атқарады.

Өзімен қатар тұрған сөздің мәнің қосалқы аты арқылы айқындап көрсететін сөз.
 Қосарлы айқындауыш мүшелер оңашаланбайды.
 Синтаксистік қызметі: Сөйлемде барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.
 Қосарлы айқындауыш айқындап тұрған сөз қандай сөйлем мүшесі болса, айқындауыш сөзде сондай сөйлем мүшесі болады.

3. Мына сөйлемдердегі айқындауыш мүшелердің түрін анықтаңыздар, тиісті тыныс белгілерін қойыңыздар.

Оның алдында үстел үстінде хаттар жатыр.
Т. Әубәкіров – бірінші қазақ ұшқыш ғарышкері.
Шешен Қазыбектің сөзін жаттадық.
Ақан серінің әндерін қазақ әдебиеті сабағында талдадық.
Оның үлкен ұлы Алексей Айманның ұстазы қаладан келді.

4. Сөйлемдердегі оқшауланған сөздердің түрін анықтаңыздар.
Бірыңғай мүше Жалпылауыш сөз Қосарлы айқындауыш мүше Оңашаланған айқындауыш мүше Оқшау сөз


Аптаның соңғы күні, сенбі күні, саяхатқа шығамыз.
Бұлардың сөзін Баян бәйбіше мұқият тыңдады.
Шіркін, ақын болсаң осындай бол.
Ермек пен Едіге Өмірбектің үйіне асыға кіріп барды.
Ұста Болат – он саусағынан өнер тамған шебер адам.
Ата, қалаға қашан барамыз?
Арман, Асқар және мен – үшеуміз театрға бардық.
Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, шам жанып тұр.

ІV. Бекіту.
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІ.Үйге тапсырма беру.

Категория: Уроки | Добавил: multik (23.02.2014) | Автор: Омарова Жумабике Кабдуллаевна E
Просмотров: 2789 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика