|
Шоқан
Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Шоқан – ұрпаққа үлгі» Сабақтың мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны, баға жетпес құнды еңбектерімен таныстыру; Құйрықты жұлдыздай ағып өткен ұлы ғалымның жүріп өткен жолдарын, еңбектерін оқушыларға үлгі ету, өнеге алуға баулу. Ұлтжанды, иманды, инабатты, іскер мәдениеттің тілін қадірлейтін жеткіншек тәрбиелеу. Сабақ барысы «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Шығысты зерттеу ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды” В.И.Веселовский І. Ұйымдастыру. Балалар,мына сурет кімнің суреті? Бұл бала туралы не білеміз? (Балалардың жауабын сұрау). ІІ Негізгі бөлім а) Бала Шоқан. Шоқан Шыңғысұлы 1935 жылы қараша айында Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын бекінісінде аға сұлтан Шыңғыс әулетінде дүниеге келді. Шоқанның азан шақырып қойған аты Мұхамед Қанапия. Кішкене кезінде әжесі Айғаным еркелетіп «Шоқаным» деп айтқан, содан Шоқан атанып кеткен. Шоқанның әкесі Шыңғыс орысша білімді, полковник, екі рет Петербургке патша алдына барған. Атасы Уәли орта жүздің ханы, арғы атасы қазақ халқының ұлы ханы Абылай. Шоқан - Абылайдың шөбересі. Осындай отбасында тәрбие алған Шоқан білімге өте құштар болды. Шоқанның алты інісі, жеті қарындасы болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды Омбыға әкеліп, сол кездегі Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны кадет корпусына орналастырады. Шоқан Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. Енді Шоқанның саяхаты жөнінде топ оқушылары айтады. 1-оқушы: Шоқан 1855 жылы алғашқы саяхатында генерал Госфортпен бірге Семей, Аягөз, Қапал, Іле, Верный, Жоңғар Алатауы, Алакөл, Тарбағатай, Балқаш, Баянауыл, Көкшетау арқылы өтіп, әдебиетші ретінде ауыз әдебиеті ескерткіштерін жинап жазып алады. 2-оқушы: Осы сапарында Қозы Көрпеш-Баян сұлу кешенінің суретін, оның ішіндегі төрт тас мүсінді біреулер зеңбірекпен атқылап, ұшар басын опырып тастайды. 3-оқушы: 1856 жылы Шоқан Ыстықкөл, Құлжа саяхатына шығады. Ыстықкөлдің топографиялық картасын жасайды. 4-оқушы: 1858-1859 жылдары Шоқан «Әлімбай» деген лақап атпен Қытайдың батыс өлкесі «Алты шаһар» елінің тарихын ашады. Шоқанның дүние жүзіне атын шығарған Қашқария саяхаты еді. 1-оқушы: Әлемді шалып ой көзбен, Тереңге сүңгіп бойлаған Қайғыны жазып бойды езген Тойланған әр кез ойлы адам. Тарихшы елді зерттеген Сапармен барып Қашқарға Тауларын кезіп Тянь-Шаньнің Манасын жазған қырғыздың Жете алмай кеткен сан қыран Нақ жұлдыз еді бұл біздің.
2-оқушы: Жоңғардың батыс сілемін, Мекендеп қалған мәңгілік. Туған жер жауып кілемін Алтынемел тұр жаңғырып. Ғылым оқып білгенше, Дүние кезіп көргенше, Рахат іздеп жатпаған. Құйрықты жұлдыз секілді Туды да көп тұрмады Көрген, білген өкінді Мін тағар жан болмады. Талдықорған облысының Шоқан атындағы колхозда «Алтынемел» мұражайы бар. Мұражайға Шоқанның жеке заттары қару-жарақ, ер-тоқым , өзі жасаған карталары, суреттері қойылған. Шоқан өкпе ауруына шалдығып, 1864 жылы Верныйға келеді. Албан руының сұлтаны Тезек төренің Айсара атты қарындасына үйленеді. 1865 жылы қазақ халқын дүние жүзіне танытқан, Азия аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен Шоқан 123 сәуірде қайтыс болады. Қазір Шоқан тұқымынан Мақы деген інісінің Ыдырыс деген баласынан, яғни, Ыдырыстан Шота дүниеге келеді. Шота – Елтаңба авторларының бірі. Шоқанның немере інісі. Сендер де Қазақстанның болашақ азаматысыңдар, еліміздің көркеюіне Шоқан ағаларың сияқты қандай үлес қосасыңдар? Алдарыңдағы жұлдызшаға жазып, тақтаға іліңдер. Ән «Туған ел».
|
Категория: Уроки | Добавил: 444 (11.05.2013)
| Автор: мирамгул E
|
Просмотров: 1543
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|