|
Ер есімі-ел есінде
Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде» Мақсаты: 1. Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін,туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. 2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту. Көрнекілігі: (лы т9л5а – Бауыржан Момышұлының суреттері, мәңгі алаудың макеті жасалып, гүл шоқтары қойылған, оның тұсына әсем безендірілген «Мұны ұмытуға болмайды» тақырыбы бойынша плакат ілінген. Онда ерлік жайында түрлі – түсті суреттер, буктемелер, жауынгер жазушының нақыл сөздері ілінген. 1. Ердің туы — намыс. 2. Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. 3. Ердің Еділ тобығынан келмейді. 4. Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың. 5. Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті. 6. Жауды өлтірсең — өлімнен қүтылдың, өлтірмесең — өлімге тұтылдың. Барысы: Ұйымдастыру. Кіріспе. Мұғалім сөзі. Сабақтың тақырыбын хабарлап, жоспарымен таныстырып, мақсатын айту. Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы . Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын өзінің кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуірдегі интернатта тәрбие алады. 1929 жылы ”Әулие Ата” тоғыз жылдық мектебін бітіреді. Мектепті тәмамдағаннан соң шалғай аудандардың біріндегі ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады. Коллективтендіру кезеңінде кеңестік мекемелерде қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады
1-оқушы:Адам тарих.Адам кешкен жолын ұқ, Неше ұрпақ күнтізбектен алындық. Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық, Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық. Сұрапылдан дауа таппай шерленген, Әлем демін әрең алды шеңберден. Ажыратып қанды қара шеңгелден, Жарып шықты қарғыс пенен дозақтан. Баукеңнің бойында қандай қасиеттер бар еді? Баукең ең алдымен АҚЬІН болатын. Соғыста жүргенде де көп өлеңдер жазды. Мәселен, "Серігім”, "Жазушыға”, "Қалы¬бек аға”, "Біреулерге”, "Омарбекке”, "Жар¬дың мұңы”, "Ғ-ға”, "Ана тілін ар¬¬дақта”, "Достыма”, "Толғау”, тағы басқа. 1944 жылы 15 ақпанда жазған "Ана тілін ардақта” деген өлеңінде былай дейді: Көшеде бояу ерін сылқылдаған, Былдырлап, орысшалап жырқылдаған. Ұмытып ана тілін, салт-санасын, Не қалды тілімізден жыртылмаған. Отбасы түсініксіз жатқан былдыр, Газетте қазақ сөзі аз, шылдыр-мылдыр. Оқысаң алып кітап шым-шытырық, Опырмау, сандырақ па, бұл не былжыр. Ержеткендер сөйлейді орысшалап, Кім отыр сөз құрылысын қынап-сынап. "Мамасы” мен "папасы” шүршіт болып, Күйдірді-ау, шүршітшілеп, бала жылап. Бұл – Баукеңнің бұдан 66 жыл бұрын жазған өлеңі. Жарты ғасырдан асса да ескірген жоқ. Сол мағыналы, маңызды қал¬пында. Баукең бұдан 65 жыл бұрын көтер¬ген ана тілінің мәртебесі туралы мәселе енді ғана қолға алынып, ұлттық үлкен өзекті мәселеге айналып отыр. Баукең туралы өлең жазғандар өте көп қой, ал поэма жазған бір ғана ақын бар. Ол жасы биыл 80-ге шығып отырған Мыңбай Рәш ақсақал. Өз поэ¬масын ақын домбыраға қосып, Баукеңнің алдында жырлап беріп, батырдың өз аузы¬нан алғыс алған. Ақын былай деп толғайды. Жаралған жаны дауылдан, Шыққан қазақ ауылдан. Тайсалу білмес жауыңнан, Намыстың ұлы Бауыржан. Қырқадан қырға қараған, Алып туған анадан. Кастро көкке көтеріп, Қолбасы оны санаған. Ақын ақсақал осы тойда отыр. Ол кісіге де алғыс айтайық. Қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының есімін халқы ерекше қадірлейді. Бауыржан аты ауызға алынғанда ерлік пен өрлік үлгісі көз алдымызға келеді. Кешегі Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған қанды қырғынды ешкім де ұмыта алмас. 1941 жыл. Жаудың ел астанасы – Мәскеуге ентелеп келіп қалған кезі. Осы сәтте қазақтың құрыштай берік ұланы қол бастап, таңғажайып ерлік көрсетті. Одан есімі төрткүл дүниені шарлап кетті. Бауыржанның ерлігі ту¬ралы басқа¬лар тамса¬на жаз¬ды. Оған куә – А.Бектің «Во¬ло¬калам тас жолы», А.Кривицкийдің «Москва тү¬біндегі тосқауыл» атты кі¬таптар. Даңқты қолбасшылар К.Галицкий, И.Чистяковтар өз естеліктерінде оның өрлігіне, ерлігіне, қолбасшылық талан¬тына айрықша тоқталды. Оны айтасыз, Куба елінің басшысы Ф.Кастро үшін де ол сүйікті кейіпкерге айналды. Биыл қазақтың қайсар ұлының туғанына 100 жыл толды. Мерейтой шаралары еліміздің жер-жерлерінде өтті. Әлі де өтіп жатыр. Таяуда ғана Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқын әлемге танытқан ержүрек қолбасшы, қаһарман жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы Жамбыл облысында қалың көпшіліктің қатысуымен ай¬рықша тойланды. Ұлтын, қазағын ардақ тұтқан Батыр Баукең туған елімен бірге мәңгі жасай береді. «ҰРПАҚ АТАР СЕКСЕН МЕН ЖҮЗДІГІМДІ, ТАРИХТЫҢ ТЕРЕҢІНЕН СӨЗ КЕЛГЕНДЕ!» Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл. Аңыз адам Мақсаты: қазақ халқының қаһарман ұлы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толуына байланысты оқушыларға Бауыржан атамыздың өмір жолынан мағлұмат беру, ерліктерін, артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету; оқушылардың шығармалыққа, ізденімпаздыққа баулу. Әдіс -тәсілдер: топпен жұмыс, баяндау, әңгімелеу,іздендіру. Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайдтар, Б.Момышұлы арналған «Аңызға айналған ғұмыр» кітап көрмесі, буклеттер. Барысы. (Оқушылар 4 топқа бөлінеді.Әр топтың өз аты, мақсаттары, тапсырмалары бар.Топ жетекшілері сабақ барысында өз топ оқушыларына басшылық жасап ұйымдастырып отырады .) 1-топ.«Ұшқан ұя».Б. Момышұлының өмірі, білім алған ордасы , еңбек жолы жинаған мәліметтерін ортаға салды. 2-топ .«Отан үшін от». Соғыстағы ерліктері, қаруластары туралы баяндайды. 3-топ.«Ұрпаққа өсиет».Б. Момышұлының артында қалдырған өнеге-өсиет сөздеріне, жазған шығармалары мен өлеңдеріне тоқталды. 4-топ. «Өмір дастан». Б. Момышұлы туралы жазылған шығармалар, өлеңдер. Кіріспе сөз Кітапханашы : Екінші дүниежүзілік соғыс туралы айтсақ, алдымен елін жерін қасықтай қаны қалғанша қрған 1 жарым миллионнан астам отандастарымыз еске түседі. Соғыстың оты әрбір отбасын шарпып өтті. Ана баласынан , сүйген жар сыңарынан айырлды. Елін, жерін қорғауда өшпестей ерлік көрсеткен, ерлігі бүгінде аңызға айналған батырларымыздың есімі тарихта мәңгілік қалды. Бүгінгі сынып сағатымыз аты аты аңызға айналған қазақ халқының қаһарман ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлына арналады . Бауыржан атамыздың 100 жылдық мерейтойы жер жерде аталып өтіліп жатыр. Өзі ерлікпен қорғаған Мәскеу қаласында бір мектепке Б.Момышүлының есімі берілді. Топ төртке бөлініп Бауыржан атамыздың өмірін, шығармашылығын зерттеп, сіздерге таныстырады. Сөз «Ұшқан ұя » тобына беріледі. 1-оқушы : Б. Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы орта мектепті 1928 жылы бітіріп, еңбек жолын бастауыш мектепте мұғалім болып бастады. 1932 жылы Қызыл армия қатарына алынды. 2-оқушы: Әрі қарай еңбек жолын Шымкент, Алматы қалаларында банк салаларында жалғастырады.1936 жылы Ленинград қаласыцнда финанс акедемиясы жанындағы курсты бітіріп, қайтадан Қызыл армия қатарына лынады. Взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмкешісі, ал 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы жұмыстарын атқарады. 3-оқушы : Соғыс басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады .Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты.Панфилов атындағы 28-гвардиалық дивизианың батальон, полк командирі болды, соғыстың соңғы жылдары осы дивизианы басқарды. 4-оқушы: Соғыс кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, батырлық атақдаңқы аңызға айналды.1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери акдемияны бітірді. 1950-1956 жылдары әскери акедемияда сабақ береді және тұрақты әскери қызмет атқарады. 5-оқушы: Бауыржан атамыз соғыстағы ерен ерлігі мен жастарға патриоотық тәрбие берудеге еңбегі үшін «Қызыл Ту» , «Еңбек Қызыл Ту» , «Халықтықтар Достығы»,«1-дәрежелі Отан соғысы», 2рет «Қызыл Жұлдыз»,«Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталды. «Ұрпаққа өсиет» тобы. 6- оқушы : Бауыржан Момышұлы батыр, ержүрек қолбасшысы ғана емес, бойында жазушылық, ақындық қасиет те болған.Баукеңнің қаламынан шыққан шығармалары «Ұшқан ұя», «Офицер күндерігі», «Бір түннің тарихы».ССРО –Германия соғысының үлкен шежіресі іспетті күрделі шығармалары –«Москва үшін шайқас» (1959 жыл). Мұнымен қатар «Жауынгер тұлғасы», «Майдандағы кездесулер», «Толеген Тоқтаров»т.б шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылды. 7-оқушы : Бауыржан атамыздың шығарған «Ескертпе » өлеңін сіздердің назарларыңызға ұсынамын. Ескертпе Найзадан қол босаса, қалам алдым, Толғанып оқиғаны көп ойладым. Тырысып әл келгенше көргенімді, Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.
Отырсам көп ойланып, күнім жақын, әр адам біле бермейд сөздің парқын. Ұрпаққа арнап істеген адал еңбек, Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.
Жазушы болмағн соң менің затым, Көркемді жұмыр емес жазған хатым. Салмақтайтын саналы ер табылса, Атаусыз неге қалсын менің атым
8-оқушы: мен Бауыржан атамыздың артында қалдырған, қазір ел арасында мақалға айналп кеткен өнеге-қасиет сөздерін сіздердің назарларыңызға ұсынамын. 1) Тізе бүгіп тірі жүргеннен, Тіке тұрып өлген артық. 2) Жерге тер төгіп қызмет ет, Халыққа қан төгіп қызмет ет. 3)Қайатыңа әдісінді жолдас ет. 4) Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық. 5) Отан үшін отқа түсіп күймейсің. 6) Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады. 7) Ердің туы-намыс. 9-оқушы : Мен Бауыржан атамыздан қалған өсиет сөздері мен баталарын жинақтап сіздерге бірнешеуін ұсынайын. Өсиет Ақыл айтар мезгілде Мың жасаған шалдай бол. Қатал болар мезгілде Шатырлаған жайдай бол . Мейірім түсер мезгілде Ағарып атқан таңдай бол. Жауды бөгер кезеңде Көлденең жатқан ордай бол. Бата Иә, құдайым! Тілегімді қабыл ет! Дозақтың отынан сақта, Қаңғыған оқтан сақта, Парақор соттан сақта. Халықты жеген бастықтан сақта, Ынмақсыз туыстан сақта, Адамды қадірлемес есерден сеқта, Нанды басқан кесерден сақта. Мезгілсіз келген келген сақта, Ұятсыз қызыңнан сақта, Қайырмсыз жекжаттан сақта. Түнере атқан таңнан сақта, Жаңбырсыз шаңнан сақта. Еңбегіміз өнімді блсын, Қамбамыз астыққа толсын, Маңыраған мал өріске толсын. Ағаш берсең, жемісті ғып бер. Жомат болсаң, осы айтқандарымның Бәрін үйіп-төгіп бір-ақ бер! 10-оқушы: Бауыржан Момышұлы ана тіліне араша бола бәлген. Ол сонау 1944 жылы 25- ақпанда қазақ тілінің жай-күйін мәсәлә етіп көтере білген. Ол Орталық Комитеттің хатшысы М.Әбдіхалықовтың атына «Қазақ тілі туралы пікір» атты арнайы хат жазды. 11- оқушы: Ол хатында «Тілсізді-айуан деген. Тілі кедей елді мәдениетсіз, анайы, надан халық» дей келіп сол кездері қазақ тілінің тілдік сапасының жоғалып бара жатқанын тілге тиек етіп, мүшкіл халіне күйінеді және үкімет тарапынан қолға алынбаса қазақ тілі құмға сіңген судай жоғалып кетерінің өзі ғажап емес екендігін айтқан. «Отан үшін от кешкен» тобы. 11- оқушы :Бауыржан Момышұлына жауынгерлік мінездеме : 1910 жылы туған, 1942 жылдан БКП мүшесі, ұлттық қазақ, әлеуметтік тегі –қызметші,жалпы білімі –орта ,әскери білімі –бір жылдық.1932 жылдан 1934 жылға дейін Қызыл Армия қатарында.1941 жылдың қыркүйегінен майдандағы армияда. 12- оқушы : Б.Момышұлы жолдастың тактикалық даярлығы жақсы, өзінің әскери білімін неміс –фашист оккупантарына қарсы кескілескен шайқастарда ,іс жүзіндегі командирлік жұмыста арттырған және ол білімін ұрыста шебер қолданды. 1941 жылғы шілде –қыркүйек айларындағы кезеңде атқыштар батальонының командирі болған каитан Б.Момышұлы жауынгерлер мен командирлерді өз Отанына шексіз берілгендік рухында тәрбиелеп, өз батальонының жауынгерлік құрамының сапалы әскери даярлығына қол жеткізді. 13- оқушы: 1941 жылы қазан айында Мәскеу үшін болған ұрыстарда Бауыржан Момышұлы жолдас басқарған батальон жауға қарсы ерлікпен шайқасып, оған елеулі берді. 1941 жылы қараша айынан Бауыржан Момышұлы жолдас -1073-полктің командирі, ол басқаратын полктің жауынгерлік құрамы Батыс майданда жауға батыл тойтарыс беріп, оның бірқатар әскери құрамалары мен көптеген техникасын жойды. Дивизияның басқа бөлімдерімен бірге Б.Момышұлының полкі неміс оккупанттарын Мәскеу түбінде талқандауға жол ашты. Дивизияның бүкіл еліміз алдында белгілі жалпыға мәлім еңбектері оның гвардиалық және Ление орденімен награтталуы майор Б.Момышұлы басқаратын 1073 –атқыштар полкінің жауынгерлік табыстарымен байланысты. Бауыржан Момышұлының тұлғасын қай жағынан алып қарасақ та үлгі- өнеге болып қала беретіні ақиқат. «Өмір –дастан тобы». 14-оқушы: Бауыржан атамыздың өмірі, ерлігі –бізге үлгі.Ол кісі туралы жазылған шығармаларды оқи отырып, өмірде ештеңеден қаймықпаған, әділ, бірбеткей, туған халқын шексіз сүйген адам деп танимыз. Сіздердің назарларыңызға атамызға арналған «Аңызға айналған ғұмыр» а тты кітап көрмесін ұсынамыз. Бауыржан атамыздың өзімен бетпе –бет жүздесіп, сұхбат түрінде жазылған шығарма -халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» туындысы. Аты айтып тұрғандай ел арасында Бауыржан атамыздың ерлігі туралы аңыз әңгімелер оте көп. Осы шығарманы оқи отырып атамыз туралы ақиқат пен аңызға көз жеткізуге болады. 15- оқушы: Атамыздың келіні, этнограф жазушысы Зейнеп Ахметованың жазған шығармасы -«Шуақты күндер». Бұл шығармадан ата мен келін арасындағы сыпайылық, тәлім-тәрбие, салт-дәстүр сияқты көптеген құндылықтарды білесің. 16-оқушы: Ж.Егембердиеваның «Омірінің өзі- дастан» шығармасы. Бауыржан атамыздың өмірінің соңғы кездерінде бірге болған жары Жәмиля атамыздың естелік шығармасы.Бұл шығарманы оқи отырып атамыздың мейірімді, балаша адал мінезқұлқын біліп таңқалдым.Көбіне ол кісіні қатал, тік мінезді дейді ғой. Ауруханада жатып откізген уақыттарын, өмірінің соңғы минуттарын көзіңе жас алмай оқи алмайсың. 17-оқушы: Бауыржан атамыз туралы жазылған бұдан басқа да мынадай шығармалар бар : А.Бек «Волоколамовское шоссе», «Арпалыс» сонымен қатар «Қазақ фильм» түсірген көркем фильм-«Ел басына күн туса» (1967 жыл). Қ о р ы т ы н д ы. Кітапханашы: Міне, оқушылар, бүгінгі сынып сағатынан Бауыржан атамыздың туралы көптеген мәліметтер білдіңіздер. Әр қырынан танып, жан-жақты таныстыңдар. Ол кісінің омірі сендерге үлгі, өсиет сөздері таза бұлақтай жаныңды тазалайды. Әр топ Оқушылары өздеріне берілген тапсырманы орындап, сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын. Тау алыстаған сайын биіктей түседі. Қанша уақыт өтседе Бауыржан Момышұлының есімі әр ұрпақтың санасында мәңгі қалады, бірге жасайды. Бауржан тамыз бір олеңінде былай деп жазды: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде», Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде. Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түкпірінен сөз келгенде. Қандай көрген ада,керемет сөз!
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері - Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға, олжа — елдікі, оған тимегін. - Қырағының өзі де, көзі де батыр. - Ерлік елеусіз қалмасын. - Именіп жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. - Арпалысып жүріп алған абырой — өмірдің ең шырын рақаты. - Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта. - Ежелден ел тілегі — ер тілегі, Адал ұл ер боп туса — ел тірегі. - Екі сырттан қанға батып таласса, қарақұсқа жем болады. - Қой бастаған арыстан тобынан арыстан бастаған қой тобы артық. - Командир — аға, солдат — іні. - Айқаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен алғын. - Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі. - Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді. - Екі сөзді — ер емес, серт — ер серігі. - Ту сыртыңнан тиген дұшпанды торға түсір, өршеленген жаудың үнін өшір. - Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады. - Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында. - Өз қадірін білмеген — ер қадірін білмейді. Ер қадірін білмеген — ел қадірін білмейді. - Қорқақ қаққа шөгіп өледі. - Белдескеннің белін сындыр, Тірескеннің тізесін бүктір. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет. - Әдіссіздік — әлсіздік, Ептілік те — ерлік. - Қара бет болып қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық! - Таяқтан тайсалмасаң, Семсерден сескенбесең, Жеңдім дей бер…
|
Категория: Уроки | Добавил: 444 (11.05.2013)
| Автор: мирамгул
|
Просмотров: 10983
| Рейтинг: 1.0/1 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|