|
«Армысың, әз Наурыз»
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: ауылдың іші оқушылардың әр түрлі қима қағаздардан жасаған суреттері мен макеттері,плакаттар, ұлттық аспаптар. Мейрам өтетін «Достық» ауылы салт –дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Залда әсем әуен ойнап тұрады. Наурыз думан Р.Рымбаеваның «Наурыз» өлеңінен бастау алады. Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Күн мен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді. Соны тойлар ел енді. Наурыз тойы салтымыз, «Көгерсін!» деп халқымыз, Көшеге тал егеді. Бабалардың үмітін, Жас ұрпақтар ақтаймыз. Қыдыр атаны шақырып, Наурыз тойын бастаймыз! Ортада 2 «Б»класс оқушыларының «Қамажай» биі, қарсы алыңыздар! Содан кейін оқушылардың Наурыз мерекесіне арналған тақпақтары айтылады: 1 оқушы: Жасай бер жаңа күн! Туа берсін жаңа күн Құтты болсын жаңа жыл!! Құтты болсын Наурыз – той! 2 оқушы: День ночи равен стал, победа! Над тьмою света, солнце в высь! Мы видим приближенье лета В весенний праздник Наурыз Здесь скачки, гульбища, забавы: Вот в схватке силачи сошлись. Почувствуй вкус и запах славы В чудесный праздник Наурыз!
3 оқушы: Наурыз менің елімнің берекесі, Жаңа жылы қазақтың мерекесі. Шаңырағы биіктеп күнге жақын, Ұлаңғайыр керілсін керегесі. Шат күлкіге шомылып замандары, Бақыт кешсін ғайыптан адамдары. Әрбір жанның арманы орындалып, Сәтті болсын биылғы қадамдары. Ел-жұртымның тілеуін тілесейік, Жаңа жылда қалайық бір есейіп!
4 оқушы: Пришел к нам праздник Наурыз! На полях повеяло весною. Хозяйка юрты разливает всем кумыс, Идем встречать мы праздник Наурыз! Наурыз – начало года, Приход весенних праздников к нам в дом, Нам очень весело с друзьями, Мы вместе песенки поем!
5 оқушы: Наурыз көктем, наурыз жыр, Ана мейрім, шуақ нұр. Жан иесін жаңартқан, Аққан бұлақ, нәзік сыр. Наурыз әлем, наурыз құс, Сұлу дала, сағым түз. Самғай ұшқан қарлығаш Аққу қаздар мамық төс. Соңғы 6-шы тақпақты оқушылар бірге қосылып айтады: Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы - жыр аңыз. Қызып дулы мереке Қызық думан құрамыз. Жүргізуші: Ал енді балалар Наурызға жайылған ақ дастарқанымыздың сәнін кіргізген ұлттық тағамдарымызды атап айтпау мүмкін емес... Ортаға 3 «А» класынан 6 оқушы шығып, қазақтың ұллтық тағамдарының ерекшелігін, дайындалу әдісін түсіндіріп өтеді.Олар: бешбармақ, 7 шелпек, бауырсақ, көже, жент,т.б. Жент — ұлттық тағам. Жент қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайтын, соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан үлкен орын алған тағам. Жент шай дастарқанына қойылады. Жент жасалатын негізгі өнім — сөк. Диірменге тартылған немесе келіге салып түйіліп жармаланған сөкке тортасынан айырған сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып араластырылады. Содан соң ыдысқа салынып, беті тегістеледі де, салқын жерде сақталады. Құрамында 100 г сөк, 80 г ірімшік, 80 г бал, 80 г қант, 350 г сары май, 80 г мейіз немесе ұнтақталған жаңғақ дәні болады. Баурсаки - для начала смешиваем муку с сухими дрожжами солью и сахаром. Вливаем теплое молоко, теплую воду, подсолнечное масло. Вымешиваем не слишком тугое тесто, вымешивать нужно тщательно, чтобы тесто было эластичное. Помещаем в чашку, накрываем полотенцем и ставим в теплое место, для того чтобы тесто поднялось, примерно на 1,5 часа. Примерно через полчаса вынимаем тесто из чашки и раскатываем круг, толщиной чуть меньше 1 см. Из раскатанного круга вырезаем кружочки при помощи стакана. В глубокую сковороду или казанчик наливаем подсолнечное масло в таком количестве, чтобы наши баурсаки плавали в нем свободно. После того как масло раскалится, выкладываем в него баурсаки. Их нужно постоянно помешивать, чтобы они прожарились со всех сторон равномерно до золотистого цвета. Ұлттық тағамдарды таныстырғаннан кейін келген қонақтарға дәм татқызады.
Жүргізуші: Өте тамаша! Қазақтың ұлттық тағамдарынан ауыз тидік, ендеше ұлттық ойынына да тоқталып өтейік! Ортаға 3 «А» класс оқушысы шығып, қазақтың ұлттық ойыны «қол күресімен» таныстырып, ережесін түсіндіріп өтеді. Қол күресі – қазақтың ұлттық ойыны. Сайысқа қатысушылар ережеге сай арнайы үстелдің екі жағында тұрып күш сынасады. Төрешінің бұйрығымен шынтақтары арнайы жұмсақ шынтақшаларға қойылады. Алайда қол күресі кезінде шынтақты көтеруге, қозғауға болмайды. Ашық алақандар біріктіріліп, бас бармақтар бір-біріне айқастырылады. Шынтақ орнынан тайып кетсе, басы мен иығы үстелдің ортаңғы сызығын қиып өтсе немесе үстелге тиіп кетсе ереже бұзылған болып саналады. Шынтағы түскен қатысушы жеңілген болып саналады. 2 «Б» мен 3 «А» класс оқушыларының арасында «қол күресі» ойнатылады. Жүргізуші: Жарайсыңдар!!! Қазақтың ұлттық тағамын, ойынын көріп білдік, байқадық, енді думанымызды ұлттық аспабымыздың әуенімен жалғастырсақ....Ортада 3 «А» класс оқушысы Дүйсебаева Камила қобызбен Абай атамыздың өлеңдерінен үзінді келтіреді! Тамашалайық! Жүргізуші: Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай Жүрген жандар таныс тапса – досындай Ол – осынау Наурыздың арқасы! «Ұлыс күннің» шапағаты осындай! – демекші, Жаңа жылдық мерекемізді жайлы да жақсы көңіл-күймен бастап, аяқтағалы жатырмыз...Осынау ұлы мейрамда бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, ренжіткен адамдарымызға кешіріммен қарап, табысайық достар! Халқымыздың көрісу салтын осы ретте еске түсіріп, бір-бірімізге жылылық сыйлайық! Оқушылар төс түйістіріп, көрісу салтын өткізеді. Наурыз думанды қонағымыз ақ жаулықты ананың батасымен аяқтаймыз! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Дастарханың кең болсын! Уайым, қайғың жол болсын! Аумин!
|
Категория: Уроки | Добавил: Gummy (20.05.2013)
| Автор: Гульмира E
|
Просмотров: 2691
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|