Воскресенье, 22.12.2024, 17:24
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Біздің отбасымыз
3 «в» класс
Тақырыбы: Біздің отбасымыз.
Мақсаты: 1. «БжС» технологиясы бойынша «Ауызша сабақ-1» картасын меңгерту, «Отбасы» сөзінің мағынасын түсіндіру.
2. Оқу, сауатты жазу, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
3. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығын көрсете тәрбиелеу.
Әдісі:Сұрақ- жауап, мәтінмен жұмыс.
Көрнекілігі: слайдпен мәтін көрсету, тірек сызбалары.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
2. Сабақтың мақсатын айту.
-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз.
«Ауызша – сабақ-1» картасы бойынша өткіземіз.
3. I сергіту – 5 мин.
- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Отбасымыздағы ең жақын, аяулы адам кім деп ойлайсыңдар?
Ана туралы өлең оқу (барлығы бірге)
Ақ мамам
Менің мамам,ақ мамам,
Балын маған сақтаған.
Әнін маған сақтаған,
Бәрін маған сақтаған,
Менің мамам ақ мамам.
(С. Жиенбаев)
II. Тірек сызбасы -7 сөз. Норма 6-7 сөз.
Отбасы
Қарындас
Зейнеткер
Жұмыс
Әке
Әже
Асхана
А Ә Б В Г Ғ




1.
2.
3.
4.
III. Мәтінмен жұмыс. (оқу,аудару)
Біздің отбасымыз
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда жеті адам бар. Олар: атам,әжем,әкем,шешем,ағам ,қарындасым және мен. Атам мен әжем - зейнеткерлер. Әкем фирмада жұмыс істейді. Шешем асханада жұмыс істейді. Ағам – студент. Қарындасым бірінші сыныпта оқиды. Мен үшінші сыныпта оқимын.
Сергіту минөті.
1. Қиылысқан сұрақтар.
- Біздің отбасымыз қандай?
- Отбасымда неше адам бар?
- Олар кімдер?
- Атам мен әжем кімдер?
- Шешем қайда жұмыс істейді?
- Әкем қайда жұмыс істейді?
- Ағам кім?
- Қарындасым нешінші сыныпта оқиды?
- Ал мен нешінші сыныпта оқимын?
2. Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары. Қысқаша жауап беру. (иә, жоқ)
- Біздің отбасымыз үлкен?
- Отбасымызда жеті адам бар?
- Атам мен әжем жұмыс істейді?
- Отбасымызда әжем бар?
- Отбасымызда әкем бар?
- Әкем - дәрігер?
- Әкем асханада жұмыс істейді?
- Ағам - оқушы?
- Әкем фирмада жұмыс істейді?
- Мен бірінші сыныпта оқимын?
- Қарындасым балабақшаға барады?
- Қарындасым бірінші сыныпта оқиды?
- Мен үшінші сыныпта оқимын?
- Шешем асханада жұмыс істейді?
- Отбасымыз шағын?

IV. Тақырыптық сөздік қоры. ТСҚ -5 мин.Норма -37 сөз.
Бір-бірінің жұмыстарын тексеру.
4. Қорытынды.Сөзжұмбақты шешу.
1. Они
2. Дедушка
3. Ребенок
4. Старший брат
5. Младшая сестра девочек
6. Младшая сестра мальчиков




О Т Б А С Ы





5. Үй тапсырмасы. 62 бет. 1 – тапсырма (мазмұндау), 63 бет. 3 –тапсырма (аудару)
6. Оқушыларды бағалау.
Категория: Уроки | Добавил: 444 (06.06.2013) | Автор: Жакупова Айымгүл Ерболатовна
Просмотров: 1924 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика