|
Сөз мерген
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті № 1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразбаева Бақыт Төкірқызы
Сабақтың тақырыбы: Сөз мерген Сабақтың мақсаты: Білімдік: Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді меңгерту арқылы сөз құдіретін терең түсініп, тілді әлеуметтік қызметіне сай жұмсай білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана тілінің мәртебесін көтеруге тәрбиелеу Сабақтың түрі: тіл сайысы Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: слайд, қоржын
Мұғалім: Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өзана тілін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне уызынан жарыған адам қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек. Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Ел бетіне қалай түзу қараймын, Ана тілім, Егер сені білмесем Ана тілім - Дана тілім, бақ тілім, Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? Сенсің менің қасіретім, шаттығым, Сенсің менің тазалығым, пәктігім. Ана тілім- Алтын ұям, құндағым, Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым. Сенің жазың, сенің әнің айтарым, Снам сөніп, Байланғанша тіл-жағым! - дей келе бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Сөз мерген» атты тіл сайысымызды бастаймыз. Әрқашанда білім көптік етпеген, Талапсыз жан мұратына жетпеген. Салем бердік ұландарға талапкер, Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен – деп ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Қазылар алқасымен таныстыру) І тур «Мықты болсаң тауып көр» Бұл турдың шарты екі бағандағы сөздерден тұрақты тіркес құрастырып, мағынасын ашу керек. Жауап нақты, тез болуы керек. Бағалануы – 10 ұпай. 1. Жүрек Көз Ауыз ашпау Жүзік Жұмған аузын ашпау – үндемеу, сөйлемеу. 2. Түк Шаш Өсімдік бар Гүл Жүрегінің түгі бар – батыр. 3. Қарға Сауысқан Бозторғай жұмыртқалау Қарлығаш Қой үстінде бозторғай жұмыртқалау – бейбітшілік. 4. Мұрын Ауыз Қол танадай Құлақ Құлаққа ұрған танадаій – тыныштық. 5. Жүзік Сақина Білезік тілеу Сырға Сау басына сақина тілеу – қиындық тілеу. 6. Жіп Сөз Уәде байлау Арқан Сөз байлдау – уәделесу. 7. Олжа Табыс Кір іздеу Ақша Тырнақ астынан кір іздеу – бәле іздеу. 8. Жылқы Мұрт Тай шаппайды Ағаш Мұртын балта шаппайды – азаймайды. 9. Тәуекл Сабыр Шындық байлау Орамал Тәуекелге бел байлау – көну. 10. Тіл Қол Алақан тістеу Бармақ
Бармағын тістеу - өкіну. І турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады. ІІ тур «Жүйрік болсаң шауып көр» Бұл турдың шарты берілген сөздерді қатыстыра отырып, мақал-мәтел құрау, мәнін ашу. 1. Тіл Найза Сөз Пышақ Қылыш Тіл – қылыштан өткір. 2. Көз Аяқ Батыр Еңбек Шындық Көз – қорқақ, қол – батыр. 3. Сұлтан Ел Тіс Ұйқы Отан Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 4. Пәле Адам Құлақ Бас Шешен Басқа пәле тілден. 5. Мәйек Қалам Сөз Ақыл Бірлік Мақал – сөздің мәйегі. 6. Сәлем Ел Күріш Сөз Киім Сәлем – сөздің атасы. 7. Тіл От Ұста Сүйек Піл Тілде сүйек, таста тамыр жоқ. 8. Ұялу Әзіл Тек Ұстаз Хат Ұялған тек тұрмас. ІІ турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығырнылады.
ІІІ тур «Ойлы болсаң озып көр» Бұл турда көнерген сөздердің мағынасын ашу. 1. Дүрия қандай мағынаны береді? Дүрия – матаның атауы 2. Шатұқ дегеніміз не? Шатұқ – теңіз балығының мүйізі 3. Саптыаяқ дегеніміз не? Саптыаяқ – қымыз құятын ыдыс Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады, марапатталады. Мұғілім: Ал, ендеше ,оқушылар, сөз халыққа, жүлде сіздерге болсын деп, «Сөз мерген» сайысын аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!
|
Категория: Уроки | Добавил: Gummy (14.08.2013)
| Автор: Оразбаева Бақыт Төкірқызы E
|
Просмотров: 3005
| Рейтинг: 4.0/1 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|