Суббота, 25.01.2025, 02:17
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 424
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Сын есімнің мағыналық түрлері
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті
№ 1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оразбаева Бақыт Төкірқызы
6 класс, қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты:
а) Білімдік: Сын есімдердің мағыналық ерекшеліктерін
таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді
меңгерту.

ә)Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқы-
лы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тап-
қырлық, іздемпаздық, алған білімдерін пай-
далана білу қабілеттерін арттыру.

б) Тәрбиелік: Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу, бі-
лім алуға, оқуға деген құштарлық сезімінің
артуына ықпал ету.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақ барысы
Ұйымдастыру оқушылармен амандасып, түгендеп, зейін-
дерін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау 133, 137, 141-жаттығуларды тексеру
Үй тапсырмасын бекіту
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді?
3. Негізгі сын есім дегеніміз не?
4. Туынды сын есім дегеніміз не?

Жаңа сабақ
Мұғалім: -Балалар, ендеше мына сызбадағы сын есімдерді тұлғасына қарай ажыратып көрелік.
өнерлі

жақсы ашық

аспалы Сын есімдер үлкен

қызылдау сұр


бойшаң

Мұғалім: - Ал, енді осы сөздерді қалай түсінеміз?
Оқушы: - Мағынасына қарап ажыратамыз.
Мұғалім: - Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сын есімнің мағыналық тірлері» деп аталады
Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айыр-масы, ең алдымен, білдіретін мағынасына байланысты болады.
Заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапа-лық сын есім дейміз. Мысалы: жақсы сөз
Ал заттың сын сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: өнерлі жі-гіт - өнердің неше түрін білетін жігіт.
Сын есім
мағынасына қарай

Сапалық сын есім Қатыстық сын есім

Түбір күйінде заттың сы- Басқа сөз таптарынан жа-
нын тікелей білдіретін салған сын есімдер
сын есім өнер-лі, аш-ық, ас-палы,
жақсы, үлкен, сүр, қызылдау бой-шаң

Мұғалім: -Ал енді кітапқа назар аударайық
146-жаттығу Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.

Сапалық сын есімдер Қатыстық сын есімдер
Ақшыл, жасыл, тәтті, үлкен, Аттылы, сазды,балалы, жігерлі, от-
қымбат, жаман, қызылды-жа- ты, егінді, имнды, еріншек, айтқыш,
сылды, кең, ұзын, қысқа. көргіш, білгір, шексіз, жазғы, күзгі,
былтырғы, алғыр, мінезді.

«Кім жылдам» ойыны. Сын есімнің астына қатарлап сын есім жазыңдар. тігінен оқығанда бірінші сөз шығатын болсын. Қатыстық сын есімді тап.

Үлгі: Асқақ тәтті жақсы аласа
Семіз
Қысқа
Ақылды
Қоңыр

147-жаттығу Жұмбақтарды оқып, қатыстық сын есімдерді теріп жаз.

Қатыстық сын есімдер: тап-қыш-ым, шығыршық-сыз, еңбек-кер-ге, ер-ін-шек-ке, тіре-у-сіз, сүйе-у-сіз.
«Екі жақты күнделік» Өлеңдерді оқып, тақырыбын анықтап, соған қатыс-ты мақал жазу, сын есімдерді ажырату.

1-қатар Шығамын тірі болсам, адам болып,
Жүрмеймін бұл өмірде жаман болып,
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір сүріп надан болып.

2-қатар Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

3-қатар Топтанып тұрған кәпірге,
Қобыланды жалғыз тиеді.
Бөлек-бөлек қылады,
Бөлінген қойдай қылады.

«Бір сөзбен айтқанда» Сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату.

1. Айтқанға көне салатын, еш нәрсені байқамайтын адам
(аңқау – сапалық сын есім)
2. Тез ашуланатын адам (ашушаң – қатыстық сын есім)
3. Көрінгенге соқтыға беретін адам (сотқар – сапалық сын есім)
4. Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың – сапалық сын есім)
5.Бойы ұзын адам (бойшаң – қатыстық сын есім)
6. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам
(өсекші – қатыстық сын есім)

Кеспемен жұмыс

Мақал-мәтелдерден сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырат

1. Талапты ерге нұр жауар.

2. Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.

3. Ақылды жігіт атқа да мінер,
Таққа да мінер

Төмендегі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра

Салмақты, ұзақ, көрікті, бағалы.

Төмендегі сөздерді тиісті сын есіммен тіркестір
Жазғы үй
Сары ырым
Ауыр бала
Биік дауыс
Жаман балапан
Әдепті демалыс
Көтеріңкі жүк

Өлең шумағынан сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырат.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей.

Шығармашылық жұмыс. Сын есімдерді қатыстыра отырып, суретті бейнелеп жазу, сын есімдерді мағынасына қарай ажырату.(Қазақстан, Б. Момышұлы, мектеп)

Сабақты бекіту
Мұғалім: - Ал, балалар, өткен және бүгінгі сабақтардан сын есімнің қандай түрлерін білдік? Мысал келтіп, топтастырып көрелік.

Негізгі

Дара Туынды
Сын есім

Қатыстық Сапалық

Күрделі

Венн диаграммасы. Сапалық және қатыстық сын есімдерді салыстыру

Сапалық сын есім Ортақ Қатыстық сын есім

Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды біліміне қарай бағалау.

Үй тапсырмасы: 155-жаттығу және сын есімдерді қатыстырып, партала-сын суреттеп жазу
Категория: Уроки | Добавил: Gummy (14.08.2013) | Автор: Оразбаева Бақыт Төкірқызы E
Просмотров: 10940 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2025Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика