Понедельник, 23.12.2024, 04:09
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Қысқа мерзімді жоспар информатика 5 сынып Сабаевтың тақырыбы: "Файлдар, бумалар және жарлықтар"
Қарымсақова Аида Қалқабековна 
Информатика-математика пәні мұғалімі 
Мыңбаев ауылындағы орта мектеп 
Алматы облысы, Жамбыл ауданы

Сабақтың тақырыбы :"Файлдар, бумалар және жарлықтар" 

Сілтеме Информатика 5-сынып, Вьюшкова Е.А, күнтізбелік жоспар

Жалпы мақсаты Оқушыларға файлдар, бумалар және жарлықтар туралы түсінік беру, олардың қолдану мақсатын ажырата алуға, жүйенің негізгі нысандарымен жұмыс жасауды көрсетіп, бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері
- Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы толықтырып, тақырыпты пысықтау ;
- Берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйрету;
-Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру;
-Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы
информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері;

Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сабақтың көрнекілігі слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, бағалау парағы.

Күтілетін нәтиже Оқушылар файлдар, бумалар және жарлықтар туралы, олардың қолдану мақсатын ажырата алуға, жүйенің негізгі нысандарымен жұмыс жасауды, бума мен файл қандай белгішемен белгіленуін білу, файл атауларындағы ортақ нәрсе не екенін білу, бума не үшін керек екенін білу, жарлықтың қызметін білу, тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттері;
Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі
2 минут Смайликтер бойынша 3 топқа бөлу /12 оқушы
Бағалау критерийлері
• Өз бетімен білім алуы
• Дербес жұмыс жасауы
• Жұпта жұмыс жасауы
• Информатикалық білімі
• Информатикалық терминді пайдалану

Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Білу - 3 минут
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету. Өздеріне мысал келтірту.
А) Жаңа сабақ бойынша не білетінін айту.
Ә) Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды.

ТҮСІНУ - 5 мин
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.
А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды, дұрыс немесе дұрыс емес екендігін айтады. Түйінді сөздерді (анықтамаларды) дәптерге жазу.
Ә) Суреттерді топтастыру.

ҚОЛДАНУ – 15 мин
Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар Тапсырмаларды орындау:
А деңгейі:
1. Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар.
2. Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды 4 тәсілмен реттеңдер.
3. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.
4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
5. Құрылған бір жарлықты қоржынға апарыңдар.
6. Қатесіз жарлықтарды жойыңдар.
В деңгейі:
1. Бірінің ішіне салынған бірнеше бума құрыңдар.
2. Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.
3. Жұмыс үстелінде өздерінің бумаларың үшін жарлықтар құрыңдар.
4. Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.
5. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.
6. Құрылған бір жарлықты қоржынға апарыңдар.

ТАЛДАУ – 7 мин
Сыни ойлауын дамыту.
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар: (95-бет)
1. Файл деген не?
2. Файл атауының ең үлкен ұзындығы қандай?
3. Бума деген не?
4. Файлға дейінгі жолдың файлдың толық атауынан айырмашылығы неде?
5. Файлдың атауындағы шектеулерді атаңдар.
6. Файлдың бумадан айырмашылығы неде?
7. Буманы қалай құрамыз?
8. Жарлық деген не?
9. Жарлықты жойдыңдар делік. Осы жойылған жарлықтағы көрсетілген нысанға қол жеткізуге бола ма?
10. Жарлықты қалай құрамыз?
11. Жарлықты Жұмыс үстеліне қалай орналастырамыз?

ЖИНАҚТАУ- 6 мин
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету Тест. (95 - 97 беттер)
1. А)
2. А)
3. D)
4. C)
5. C)
6. cool
7. C)
8. A)
9. D)
10. cool
Жұптармен алмасып тексеру. (жауабы тақтада)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
БББ кестесін тарату
білемін білдім Білгім келеді


2 минут

Оқушылар кестені толтырады

Бағалау 2 минут
Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті

Қорытынды баға шығару Бағалау парағы бойынша бағалау.
Үйге тапсырма беру / 1минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Үйге 11 – тақырып, С деңгейіндегі тапсырмаларды орындау.


Рефлекция / 1 минут

Стиккерлер тарату

Оқушылар стикерлерге «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып жапсырады.
Категория: Уроки | Добавил: Айко (12.01.2014) | Автор: Карымсакова Аида КАлкабековна E
Просмотров: 9117 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 1
1 meder  
0
Өте жақсы!!!Осыған қарап мен Информатикадан 5 алдым!!!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика