Воскресенье, 22.12.2024, 10:46
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы:Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:ХХ ғасырдағы қазақ жазба әдебиетінің алыбы, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің
өмірі мен шығармашылығын еске түсіріп қайталай отыра, оқушылардың білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: тірек-сызбалар арқылы оқушыларға бағыт сілтей отыра, әр тұлғаның ізденуіне жол ашу.Ауызекісөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:жазушының өмір жолын, шығармаларының идеялық мазмұнын ұғындыру арқылы мейірімділікке, ерлікке, елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Ғ.Мүсіреповтің суреті, өмірі мен шығармашылық жолына арналған хронологиялық кесте, слайдтар.
Сабақтың түрі: пысықтау
Сабақтың типі:бекіту сабағы
Сабақтың әдісі:баяндау, кестемен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар,үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабағымызда тамаша новеллист, әңгіме жанрының асқан шебері, сұңғыла суреткер, роман-эпопеяның авторы, драматург, тұңғыш киносценарист, терең сыншы, академик Ғ.Мүсірепов туралы ой қозғау.
І.Кіріспе:
Халықпен өмір бір кешкен
Даңғайыр, дархан данышпан.
Еңбегіңді айтып тауыспан,
Қадіріңді айтып түгеспен.
Ғафу Қайырбеков
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»- дейді халқымыз.Ендеше ,балалар алдарыңыздағы тірек сызбаларға назар аудара отыра Ғабит атамыз жайлы өткен сыныптарда алған білімдерімізді еске түсіріп, ортаға салайық.
Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы,
Жаңажол ауылы
ІІ.Ғабит
Шаруа отбасында
Мүсірепов Ауыл молдасы
Пресногорьковка училищесі
өмірі Алғашқы ұстазы Бекет Өтетілеуов
1926 ж. Орынбор қаласы
1927 ж. Коммунистік партия
1928 ж. Алғашқы повесі

1938 ж.Қазақстан жазушылар одағы мүшесі

1958 ж. Жоғарғы Кеңес Одағының депутаты

Өмір жолы бойынша слайдтар тамашалау, әңгімелеу, толықтыру.

ІІІ.Ғабит Мүсірепов шығармаларын еске түсіріп, кестені толықтырамыз, қысқаша негізгі тақырыптарын әңгіме етеміз. (Мұғалім толықтырады)
әңгіме-повестері романдары драмалары аудармалары балладалары
«Автобиографиялық әңгіме» «Қазақ солдаты» «Қыз Жібек» «Өлімді жеңген ана» «Жапон балладасы»
«Ананың арашасы» «Ұлпан» «Ақан сері -Ақтоқты» «Антоний мен Клеопатра»
«Талпақ танау» «Оянған өлке» «Қозы көрпеш-Бапян сұлу» «Сараң»
«Тимка-Димка» «Амангелді» «Таланттылар
мен табынушылар»
ІV.Жаңа сабақ:
Жақсы, балалар, бүгін Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасымен» жақын танысамыз.
Баллада дегеніміз не? (Толық мағлұмат беру, түсіндіру)
Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқып шығу.
«Даналық ағашы» ойынының барысында деңгейлік тапсырмалар орындау:
І деңгей
Мәтіннің мазмұнын ауызша айтып бер.
ІІ деңгей
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр, жеке парақтарға жазып қорапқа сал.
ІІІ деңгей
Берілген сұрақтарға жауап бер.

V.Білімді тиянақтау
«Кім білгір?»
Ғабит атамыз туралы кім көп білетінін жедел сұрақтарға жауап беру арқылы анықтау.(интерактивті тақтададан беру)
1.Биыл Ғабит Мүсіреповтің туғанына қанша жыл ?
2.Қай ауданда дүниеге келді?
3.Әкесінің аты кім?
4.Ғ.Мүсіреповтің пьесалары?
5.«Легенда о Темирлане» қазақ тілінде қалай аталады?
6.Ғ.Мүсіреповтің ең жек көретін мінезі?
7.Біздің аудан қай жылдан бері Ғабит Мүсіреповтің атымен аталып келеді?
8.«Новелла» деген не?
9. «Қазақ солдаты» романының басты кейіпкері кім?
10. «Өлімді жеңген ана» новелласының бас кейіпкерлері?
11.Жазушы неше жасында қайтыс болды?
12. «Жапон балладасы» шығармасынында жазушы не туралы айтады?
13.Туған жері?
14.Оның мұражайы қайда?
15.Алғашқы ұстазы кім?
16.Қандай отбасында дүниеге келген?
17. «Ұлпан қандай шығарма?»
18.Өзінің дүниеге келгені жайлы қай әңгімесінде айтады?
19. «Қыз Жібек» драмасынан нені көруге болады?
20.Ғабит Мүсірепов кім?
VI.Қорытындылау кезеңі:
«INSERT» стратегиясы
Білемін Білгім келеді қызықтырды зерттеймін


VII. Иә, бүгінгі жазушының өнегелі өмір жолы мен артына қалдырған бай мұрасы сіздерді, яғни мектеп түлектерін, сонымен қатар оқушыларын тек жақсылыққа, адамгершілікке, отаншылдыққа, халықтар достығына баулитын қымбат қазына, рухани азық екендігімен бірге зор екендігін ұғындық.
Сондықтан бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың мына өлең жолдарымен аяқтағынымыз жөн болар:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!
Категория: Уроки | Добавил: Бахтыгул (11.02.2013) | Автор: Бахтыгул E
Просмотров: 13152 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика