|
Архимед заңы
Сабақтың тақырыбы: “Архимед заңы және денелердің жүзу шарттары” тақырыбына есептер шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділік: “Архимед заңы және денелердің жүзу шарттары” тақырыбын қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру және нақтылау. Дамытушылық: Оқушылардың түрлі есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілеттерін , белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа , алғырлыққа, тапқырлыққа, дәлдікке баулу. Сабақтың түрі: практикалық Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс Көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, интерактивті тақта, су, тұзды су, ыдыс, дене Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру а) сұрақ – жауап б) 30 – жаттығу № 3 есеп в) жұмыс дәптері (Архимед есептері) ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру. а) жұмыс дәптері (Кестені толтыр) б) жұмыс дәптері (Ұғымдар несімен ерекшеленеді) ІV. Жаңа сабақ а) жұмыс дәптері (Есептерді шығар) б) жұмыс дәптері (Суретпен жұмыс) в) тест V. Қорытындылау VІ. Үйге тапсырма. Бағалау
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру а) оқушылармен сәлемдесу б) оқушыларды түгелдеу в) сабаққа назарларын аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру а) Сұрақ – жауап 1. Архимед заңын түсіндір. Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді 2. Архимед күші қандай шамаларға тәуелді? FA архимед күші – сұйықтың тығыздығына, дененің көлеміне,еркін түсу үдеуіне 3. Архимед күші қандай күш? Архимед күші кері итеруші күш 4. Денелердің жүзу шарттарын тұжырымдаңдар F a>FA дене батады F a=FA дене жүзеді F a<FA дене қалқиды 5. Сұйық ішінде жүзіп жүрген денеге әрекет ететін ығыстырушы күштің шамасы неге тең? Жүзіп жүрген денеге әрекет ететін ығыстырушы күштің шамасы ауырлық күшіне тең , F ы=Fа 6. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме , әлде батып кете ме? Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса , , дене батады 7. Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кем болса, дене сұйықта жүзіп жүре ме , әлде батып кете ме? Дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан кем болса , , дене қалқиды
б) 30 – жаттығу № 3 есеп Массасы 100 кг , көлемі 0,2 м3 дене суат бетінде жүзіп жүре ме, әлде батып кете ме?
в) жұмыс дәптері (Архимед есептері) Дененің өзін өзгертпей , денеге әсер етуші архимед күшін арттыруға немесе кемітуге бола ма? Болады,сұйықтың тығыздығын өзгерту арқылы
Архимед денеге сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет ететінін дәлелдеді. Осы күштерді кері итеруші күші деп атайды.
Оны : формуласымен есептейді
мұндағы:
Архимед заңын тексеруге болатын тәжірибе ұсыныңыз. (оқушылар өздерінің тәжірибесін ұсынады)
ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру. а) жұмыс дәптері (Кестені толтыр) б) жұмыс дәптері (Ұғымдар несімен ерекшеленеді) Жүзеді- Батады- Қалқиды- ІV. Жаңа сабақ а) жұмыс дәптері (Есептерді шығар) №1. Массасы 500 г капрон білеушеге су тарапынан қандай Архимед күші әсер етеді?
№2. Егер керосиннің кері итеруші күші бірінші есептегі кері итеруші күшке тең болса, керосинге салынған мұздан жасалған дененің көлемі қандай болады?
№3. Көлемі екінші есептегі дененің көлеміне тең денеге 5,6 Н кері итеруші күш әсер етсе , ол дененің қандай сұйықта тұрғаны?
Есеп. Массасы m денені суретте көрсетілгендей етіп, суы бар мензуркаға батырған. Дененің қандай материалдан жасалғанын анықта.
Есеп: Дене суы бар мензуркаға салынды. Архимед күші неге тең?
б) жұмыс дәптері (Суретпен жұмыс) 1. Қай стаканда денеге әсер етуші архимед күші үлкен және неліктен? Жауабы: б) стаканда архимед күші үлкен.Себебі , сұйықтың көлемі неғұрлым үлкен болса ,соғұрлым архимед күші де үлкен болады.
2. Қай стаканда денеге әсер етуші архимед күші үлкен және неліктен? Жауабы: Негізі в) стаканда Архимед күші үлкен болу керек.Себебі , глицериннің суға, керосинге қарағанда тығыздығы үлкен. Бірақ болғандықтан үш стаканадағы сұйықтарда денелер жүзіп жүр.
3. Қай стаканда денеге әсер етуші архимед күші үлкен және неліктен? Жауабы: в) стаканда Архимед күші үлкен. Бұл суретте архимед күші дененің массасына байланысты көрсетілген.
4. Қай стаканда денеге әсер етуші архимед күші үлкен және неліктен? Жауабы: Бұл суретте архимед күші ауырлық күшіне байланысты көрсетілген. F a>FA
5. Қай стаканда денеге әсер етуші архимед күші үлкен және неліктен? Жауабы: Бұл суретте архимед күші ауырлық күшіне тең. F А=Fа
6. Қай стаканда денеге әсер етуші архимед күші үлкен және неліктен? Жауабы: в) стаканда архимед күші үлкен. Бұл суретте архимед күші сұйықтың тығыздығына Fa<FA, байланысты берілген.
в) тест І-нұсқа 1.Көлемді қалай белгілейді? а) P б) S в) V 2. Тығыздықтың өлшем бірлігі: а) кг/м3 б) м/с в) кг/м2 3. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын Fы ығыстырушы күшті ..... деп атайды. а) Ауырлық күші б) Архимед күші в) Дұрыс жауабы жоқ 4. Егер табанының ауданы 1м2 , көлемі 2м3 болса, қарағай бағана топыраққа қандай қысым түсіреді? (ρқарағай =400кг/м3) а) 5100 Па б) 250Па в) 8кПа 5.Сұйыққа батырылған дене жүзеді.Егер: а) Fa=FA б) Fa>FA
в) Fa<FA 6. Ауырлық күшін сипаттайтын формула: а) Fa=St б)Fa=mg в) Fa=PV 7. Архимед күші мына шамаларға тәуелді: а) ρgt б) mg в) ρcgVд 8. ρд >ρc болса, дене ..... а) батады б) жүзеді в) қалқиды 9. Күштің өлшем бірлігі: а) кг б) Н в) Па 10. ρд <ρc болса, дене ..... а) батады б) жүзеді в) қалқиды ІІ-нұсқа 1. F а=Fы тең болса, дене .... а) қалқиды б) жүзеді в) батады 2. Архимед қай елдің ғалымы? а)неміс ғалымы б)грек ғалымы в) ағылшын ғалымы 3. Көлемі 2м3 дене суға батырылған. Денені кері итеруші архимед күші неге тең? а) 20кН б) 2Н в) 200Н 4. Fa>FA болса , дене ..... а) батады б) жүзеді в) қалқиды 5. Кері итеруші күш қалай аталады? а)Ауырлық күші б) дұрыс жауабы жоқ в) Архимед күші
6. Б.з.б. 287-212 жж аралығында өмір сүрген грек ғалымы а) Ньютон б) Паскаль в) Архимед 7. Дұрыс формуланы тап. а) FA=ρдgVс б) FА=ρсgVд в) FА=ρсgVс 8. Архимед күшінің формуласы а) FА=ρсgVд б) Fa=PV в) Fa=mg 9. ρc > ρд болса, дене ..... а) батады б) жүзеді в) қалқиды 10. Fa=FA болса , дене ..... а) батады б) дұрыс жауабы жоқ в) қалқиды
Тест жауабы:
V. Қорытындылау 1. Архимед күші дегеніміз не? 2. Архимед күші қандай шамаларға тәуелді? 3. Біреуіне таза су, екіншісіне тұзды су құйылға екі шыны ыдыс алып, әр ыдысқа бір – бір картоптан сал. Тәжірибе нәтижесін түсіндір.(Эксперименттік тапсырма). 4. Дене қай кезде қалқиды ? 5. Дене қай кезде батады? 6. Дене қай кезде жүзеді ? VІ. Үйге тапсырма. Бағалау а) қайталау §55-56 б)№6 Зертханалық жұмыс “Денелердің жүзу шарттарын анықтау” дайындалып келу
|
Категория: Уроки | Добавил: Mereke (19.02.2015)
| Автор: Мамбетниязова Мереке Базарбаевна E
|
Просмотров: 2807
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|