Тақырыбы: Тазалық –денсаулық кепілі
Мақсаты:
1. Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын уағыздау, оның басты қағидалары мен ережелерін түсіндіру. Сабын қайнату, алабота өсімдігінің пайдасын түсіндіру.
2. Оқушылардың денсаулығын сақтау, қорғау, жетілдіру, дамыту тәрізді дағдыларын қалыптастыру.
3. Балаларды тазалыққа үйрету. Қоршаған ортаны таза ұстап, аялауға тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдатыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе
Еріншектен –салақтық,
Салақтықтан –надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық.
Еріншек таза жүре алмас,
Кір қолын да жуа алмас.
Қарекет жоқ, білім жоқ.
Өз бойынан ұялмас,
-деп Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз айтқандай,
еріншек адам қандай болады екен?
(ассоциация әдісі)
Абай атамыз айтқан:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Денсаулықтың қастарының бірі –еріншектік. Бетін суық суға тигізгеннен қорқып, денесін шынықтырмай, есік алдына шығып, ойнамай, еңбек етпей жүрген балаларды айтамыз.
Денсаулықтың қастарының бірі -әке-шешенің, мұғалімнің, үлкен адамдардың айтқандарын тыңдамау. Ол кісілер оқы, үйрен дейді. Ал оқып үйренсең, ойдың сергектігі, денсаулықты тазалыққа жетелейді.
Ән, «Жас дәуірдің түлегіміз»
Мұғалім:
-Балалар бізге бүгін қонақ келді. Келген қонақты қарсы алайық.
Кірқоймас:
-Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен Кірқоймаспын. Сендер мені жақсы танисыңдар. Күнделікті ертемен жуынасыңдар, үнемі қолдарыңды шаясыңдар.
Оқушы:
- Сәлеметсіз бе Кірқоймас! Төрге шығыңыз.
Мұғалім:
- Балалар тағы қонақтар келді, қарсы алыңдар. Олар біздің сыныбымыздың ұқыпты, таза оқушысы және тазалық секторлары Қарабайды алып келді.
Таза бала:
- Мен таза баламын. Кірқоймас екеуміз доспыз. Мен үнемі таза жүруді ұнатамын.
Кірқоймас:
Бұл бала,
Қай бала?
Пай-пай!
Қарашы, үстіңе,
Өзіңе!
Бір кіршік,
Түсті ме,
Кзіңе?
Пай –пай!
Тап –таза
Ақ қағаздай,
Киімі
Мұнтаздай.
Пай! Пай!
Жарайсың.
Балақай!
Дейміз біз
Мадақтай!
Пай! Пай!
1- тазалықшы:
Бұл бала
Қай бала?
Бай! Бай!
Қарашы
Үстіңе,
Өзіңе,
Адам ба?
Түсті не?
Көзіңе
Бет –ауыз
Кір, айғыз,
Бес батпан
Мойыны
Күс қатқан.
Тырнағы сояудай
Бай! Бай!
2-тазалықшы:
Аяқ –қол
Жарылған,
Батпаққа
Малынған,
Бай! Бай!
Ұят-ай,
Балақай!
Дейміз біз,
Мазақтай!
1-оқушы:
Бақа, бақа, бақ-бақ,
Сеніп жүрсем мақтап,
Бетің неге сатпақ?
Бақа, бақа, бақ-бақ,
Жүру үшін мақтап
Болу керек аппақ.
Мұғалім:
-Балалар, Қарабайдың кірін кетіретін не? (сабын, су)
-Дұрыс, сабын. Осы сабыынды қалай жасайтынын тыңдап көрейік.
2-оқушы:
- Балалар, мен сендерге сабынды қалай жасайтындығын айтып берейін.
Ұзақ ғасырлыр тарихында зауыт, фабрика болмаса да қазақ халқы тұрмысына керек сабынды қолдан жасаған. Ол үшін алабота, малдың сүйегі мен майы керек.
Алабота –шөп тектес өсімдік. Ол жол жиектерінде, мал қораларының маңайында қаулап өседі. Балалар осы алаботаны тасып, тау-тау ғып үйіп тастайды. Оны өртейді. Өртегеннен кейін күлі қалады. Мұны «сақар» дейді. Ал шешелеріміз қысқы соғымның сүйегін шашау шығармай, қапқа сала береді. Енді сол сүйекті қазанға салып қайнатады. Малдың майын қазанға салып шыжғырады. Енді қазанға үшеуін салып қайнатады. Қайнап жатқанда кепсермен неше сапырылып, неше тұндырылады. Әлден уақытта шидің үстіне сопақша ұзынша, төртбұрышты қара сабындар тізіліп жатады. Осыны «бұзаушық» дейді. Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз сабынды осылайша дайындаған.
Мұғалім:
-Таза бала, саған көп-көп рахмет.
Сен балаларға құнды мәлімет әкеліпсің. Енді Қарабайға қандай ақыл берер едің?
Таза бала:
- Қарабай, таза жүру керек! Түріңе қарашы, үстің алба –жұлба. Сенің қасыңа ешкім де жолағысы келмейді
Көрінбе
Ешкімнің
Көзіне,
Жүрме енді,
Сен бұлай.
Бай! Бай! Бай!
3- оқушы:
Тазаланып жүру керек
Ертемен кеш жас бала
Кір-кір болу елден ерек
Мүлдем ұят, масқара!
Мүлдем ұят, масқара!
Жаса, жаса түкті орамал!
Жаса сабын хош иіс.
Тіс щеткасы, боз құнан жал,
Жылтыр тарақ, жиі тіс.
4- оқушы:
Шомылайық кел, балалар,
Айдын көлде, астауда.
Монша, өзен суларға бар.
Шашып көбік аспанға.
Қайда болсын, қашпай тура,
Жуынайық үнемі.
Мәңгі алғыс бізден суға,
Тазалықтың тірегі.
Мұғалім:
-Балалар, ендігі сөзді тазалықшыларға берейік. Тазалықшылар бізге тазалық жайында мәлімет әкеліпті.
Тазалықшы:
«Гигиенос» грек тілінен аударғанда «емдік», «денсаулық әкелуші» деген мағынаны білдіреді. Адам денсаулығына сыртқы және ішкі ортаның тигізетін әсері әртүрлі. Гигиена осы әсерлерді зерттеп, олардың алдын-алу шараларын қарастырады.
Гигиена 3-ке бөлінеді:
1. Жеке бастың гигиенасы
2. Мектеп гигиенасы.
3. Санитарлық-гигиеналық талаптар.
5-оқушы:
- Мектеп гигиенасы оқушылар денсаулығын қорғау және күшейту мәселелерін, оқу режимінің ретін, мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру, мектептің тазалық мәселелерін қамтиды.
6-оқушы:
-Күнделікті бөлмені ылғал шүберекпен тазалап, жуып, сүртіп тұрған дұрыс. Жұқпалы аурулардан сақтану үшін бөлмені арнайы залалсыздандыратын ерітінділермен жуған жөн.
7-оқушы:
- Су ішу ережесін сақтау да маңызды. Бұл ішек –қарын ауруларынан сақтануға жағдай жасайды. Ашық құбырлардан еш уақытта су ішуге болмайды.
8- оқушы:
- Осындау тазалықты үйде де сақта. Үйге кіреберісте сырт киімің мен аяқ киіміңді шеш. Денсаулығыңның сыныптағы және үйдегі тазалыққа байланысты екенін ұмытпа!
Ән, «Болайықшы осындай»
Мұғалім:
- Балалар, тазалықшылар бізге жұмбақ жасырғылары келіп тұр. Қанекей
мұқият тыңдап отырыңдар.
9- оқушы:
Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір –ласың
Тап-таза боласың.
Бұл не? (сабын)
10-оқушы:
Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне.
Бұл не?
(айна)
11-оқушы:
Аузы жоқ, көзі жоқ.
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар.
Басыңмен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)
12-оқушы:
Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сипайды қолын да,
Сипайды жанын да.
Бұл не? (сүлгі)
13-оқушы:
Қарабай деген бір бала
Қол –аяғы кір бала.
«Тазамын» деп таласар.
«Киімім бар үр жаңа!»
Жауқазындай балаға
Кіршіксіз дені тазаға.
Жаңа киім жарасар!
Сөзім сонда садаға.
Үр жаңа рас киімің
Кір жаға, бетің, миығың.
Қамыстанып нанбасаң.
Салшы көздің қиығын!
Айна ал да, қара айнаға!
Айналып қара айнала.
Дерсің сонда өзіңе!
Мынау кір-кір қай бала?
14- оқушы:
Қарабай деген бала бар,
Өмірі таза жүрмейді.
Киімі күнде кірлейді,
Тазалықты білмейді.
Тазалықты сүймейді
Таза жүрсе, түнеріп
Ойнамайды, күлмейді.
Қызыққа онда бойлайды,
Күлкіге онда тоймайды.
Сабағының орнына
Ойынды ғана ойлайды.
Сабағың болды «қаза» деп,
Балалар оны мазақтар.
Бет –аузың тіпті таза деп
Кекетіп күліп қылжақтар
15- оқушы:
Тазалық керек басқа да,
Тазалық керек шашқа да.
Шашы таза келісті,
Болсаңшы анау баладай.
Қарабай:
-Балалар, мені мазақтамаңдаршы. Мен енді таза, ұқыпты боламын. Сабақты жақсы оқимын. Мен қателігімді түсіндім. (Жылайды)
Кірқоймас:
- Балалар, Қарабай қателігін түсінді. Қарабайға көмектесейік. Мына заттарды
жуынғанда пайдалан. Саған тазалыққа қажетті заттарың бар. Енді не істейсің?
Қарабай:
- Кірқоймас, мына берген заттарыңа рахмет! Мен жуынып тап-таза болып
жүремін. Кір болып жүру шынында да ұят екен. (Жуынуға кетеді)
Кірқоймас:
- Жүр, мен саған жуынуды үйретейін.
Қарабай:
- Жүр Кірқоймас, жуынайық!
16- оқушы:
Адам күш қуатты тамақтан алады. Денсаулықтың досы –тамақ. Тамақты асықпай дұрыстап шайнап жеу керек. Дұрыс шайналмаған ас асқазанға зиян келтіреді.
Тамақ жеп болғаннан кейін қолды жуып, тісті шаю керек.
17- оқушы:
Астан соң жу тісіңді
Ұмытпа бұл ісіңді.
Күнде екі рет жасауды
Қойғын кәмпит асауды.
Орнына оның жеміс же
Ол пайдалы тісіңе.
Ережені біл мына
Екі мәрте жылына
Дәрігерге барғайсың
Ақыл кеңесін алғайсың.
Сонда зардап тартпайсың
Тісті бүтін сақтайсың
Мұғалім:
- Бүгінгі біздің сабағымыздан кейін Қарабай қорытынды шығарып, таза
жүреді деп ойлаймыз.
18- оқушы:
- Денсаулықтың достарының бірі – тазалық. «Тамақты қазақша қолмен жесең, қолыңды сабындап жуу керек. Әсіресе бау-бақша өнімдерін жууды ұмытпауымыз керек. Өйткені жеміс-жидек өнімдері жұқпалы іш ауруларын жылдам туғызады.
19- оқушы:
- Денсаулықтың достарының бірі- қоршаған ортаны, жер, су, ауаны таза ұстау. Мұны грек тілінде экология дейді. Қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен улау үлкен індет аурулар әкеледі.
20- оқушы:
- Қазақта шешен көп. Соның бірі –арғыннан шыққан арғын-Абыз аталып кеткен шешен былай деген:
Ақ білектің қадірін,
Әл кеткенде білерсің.
Жиырма бестің қадірін,
Жас өткенде білерсің.
Отыз тістің қадірін,
Қақсағанда білерсің.
Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білерсің.
21- оқушы:
- Өмірдегі ең қымбат алтын емес, адам. Ең қымбатты адам болғаннан кейін оған қажеттісі –денсаулық. Денім сау болсын десең, денсаулықтың достарын біліп қойыңдар. Абай атамыз айтқан:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
22- оқушы:
- Денсаулықтың достары- таза ауа, күннің сәулесі. Денің сау болу үшін таза
ауа, күннің шуағы өте қажет екенін ұмытпа!
1. Түрік биі.
2. Ән «Күн әлемі»
Мұғалім:
Таза жүрсең деніміз де сау болады. Сондықтан халқымыз «Тазалық –денсаулық кепілі» деп бекер айтпаған, -деп сөзімді аяқтағым келіп отыр. Тыңдағандарыңызға рахмет!
|