|
Қазақ тіліндегі екпін (орыс топтары ушін)
І. Сабақтың тақырыбы Қазақ тіліндегі екпін Кітапхана Сабақтың түрі және типі: Аралас сабақ 1. МақсатыЕкпіннің лексикалық мағынасын аша отырып, оның оқу, сөйлеу нормасына тән құбылыс екеніне түсіндіру, екпін түрлерін түсіндіру, меңгерту, екпін түрлерін ажырата білу, екпін түспейтін қосымшаларды білу; 2. Міндеттері а)Білімділік: екпін түрлерін түсіндіру, меңгерту, екпін түрлерін ажырата білу, екпін түспейтін қосымшаларды білу; ә) Тәрбиелік:Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру.Ұйымшылдыққа, ізденім-паздыққа, іскерлікке үйрету. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
б) Дамытушылық:Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін байыту, тапсырмалар орындау. Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
ІІ. Күтілетін нәтиже. а) оқушылар түсінуі тиіс Жаңа тақырыптымеңгеріп түсінуі тиіс. ә) оқушылар құндылық бағдары болуы Өткен сабақпен жаңа сабақтың арасында құндылық бағдары болуы керек. . б) оқушылар жасай біледіЖаңа материалдарды өз беттерінше жасай біледі.
Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын,орыс тілі Көрнекілік: кесте, интерактивті тақта, ойын. Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, а) Мотивация. Біз бүгінгі күнімізді жақсы көңілмен бастасақ күніміз жақсы өтуіне куә боламыз. (говорят если день начнешь с улыбки, то он обязательно будет хорошим. Давайте передадим друг другу нашу улыбку и начнем урок) б) Оқушыларды түгендеп, сабаққа зейіндерін аудару -2 мин - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қазақ тіліндегі екпін, лексикалық тақырыбымыз Кітапханада. Кәне дәптерлерімізді ашып жазып қояйық. Сіздермен жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсымасын тексеріп алайық. Сондықтан сабаққа жұмыла, белсенді қатысуларыңды сұраймын. Менің алдыма қойған мақсатым: тапсырмалар арқылы сендердің алған білімдеріңді тексеру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Мамандықтары туралы 10 сөз жазып келуге берілген Әр оқушы қол көтеру арқылы мамандыққа байланысты сөздермен сөйлемдер оқып талдайды.
«Полиглот» ойыны арқылы пысықтау. Мамандық, кәсіп - профессия –avocation, calling Мұғалім - учитель -teacher Дәрігер - врач -doctor Наубайшы - пекарь -baker Аспаз - повар -cook Полиция қызметкері - полицейский -policeman Теңізші - моряк -sailor Сатушы - продавец -seller Балташы - столяр –joiner Егінші, диқан - полевод, земледелец –tiller, cultivator Сауыншы - доярка -milkmaid Шаштараз - парикмахер -barber Почташы - почтальон -mailman Саяхатшы - турист -tourist Есепші –бухгалтер-accountant Кітапханашы - библиотекарь -librarin Ал енді балалар сендер мамандыққа байланысты сөздерді қазақ тілінен, орыс,ағылшын тілінде жақсы аудардыңдар, осы тілдерде Әр оқушы 2 сөйлемнен үш тілде құраңдар жылдамдық керек балалар. Мысалы: Дәрігер адамдарды емдейді. Біздің қонақтардың арасында ағылшын, орыс тілі мұғалімдерің отыр сондықтан мұқият болыңдар. Тексеру барысында құраған сөйлемдеріңді ағылшын,орыс тілі мұғалімдеріңнің көмегімен тексереміз. -Балалар біздің жаңа тақырыбымызға сәйкестендіріп Кітапхана тақырыбына іздену жұмыстарын жүргізіп келуге үйге тапсырма берген болатынмын. 3. Шығармашылық жұмыс беттері. Әр қатар өз жұмыстарын қорғайды және өздері бір –бірінің жұмыстарын сұрақ қою арқылы бағалайды. Ал енді балалар осы 3 топтың ізену жұмыстарында қандай сөздер көп қолданылды? - кәне кім тақтаға жазады? М/ы: Журнал, Кітап,Кітапхана т.б Осы сөздерді оқу кезінде сендер не байқап отырсыңдар? соңғы буынның көтеріңкі айтылуы яғни дауысты дыбысқа екпіннің түсуі. Жақсы олай болса бідің жаңа тақырыбымыз ... ІІІ. Жаңа сабақ. Сонымен біздің сабағымыздың тақырыбын жоғарыда айтып кеткен Қазақ тіліндегі екпін, ал лексикалық тақырыбымыз Кітапханада. Дұрыс кәне ережесін есімізге түсірейікші Екпін нелерге түседі екен? (Ереже бойынша атаңдар.) бір сөздің бір буынның Екпін бір дыбыстың көтеріңкі, күшті айтылуы бір тіркестің
Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз Ережені жинақтап, тірек- сызба жасайық.. (интерактивті тақтада өздеріне жазғызу)
Сөз екпіні
Дыбыс екпіні Екпін Ой екпіні
Тіркес екпіні
Жақсы енді екпіннің түрлеріне жеке- жеке тоқталайық
ЕКПІН
Сөз екпіні Дыбыс екпіні Ой екпіні Тіркес екпіні
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөзішіндегі екпіндауысты дыбысқатүседі. Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылудасөйлеушініңэмоциясынбілдіреді Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді. Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тұрақты болады:екпін сөздің ең соңғы буынына түседі.Мысалы: Кітап- білім- Кітапхана. Кітапханашы. Сөз екпіні сөйлемдегі барлық сөздің соңғы буынына түседі екен. Өзім тақтаға жазып көрсетемін.
Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:Слоги, не принимающие ударение * Көмекші сөздерге екпін түспейді:(Вспомогательные слова):ғой,шейін,соң,арқылы,туралы т.б *Жіктік жалғауына екпін түспейді: (Личные окончания). Оқушымын, барамыз, *Болымсыз етістіктің жұрнағына(Отрицательные суффиксы глагола): (ма,ме,па,пе, ба,бе),екпін түспейді * Сын есім жасайтын жұрнақтар –дай, -дей, -тай, -тей,- лай, - лей
«Тапқыр болсаң, айтып көр» 1 топ: Мақалды тап: К,а,і,қ,а,н,а,з,п,т,а,ы,н,л,ы,т Шешуі: Кітап-алтын қазына
Жақсы балалар сендер бағана кітапхана туралы өте жақсы іздену жұмыстарын жүргіздіңдер ал енді тақтаға назарларыңды аударыңдар біздің лексикалық тақырыбымыз қалай еді хормен Кітапханада жақсы олай болса өзіміздің колледж туралы дайындаған жұмысқа назар аударамыз мұқият тыңдап отырыңдар слайд сұхбат -Балалар сендерге бәрі түсінікті ма? ИӘ «Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын» Жақсы Сендер тыңдадыңдар, колледжіміздің кітапхана қызыметкері сендерге таныс, олай болса сендер осы интервию арқылы қазақ тілінде мәтін құраңдар. Ал орыс мектебінен келген оқушылар бір-біріңе сұрақ қою арқылы диалог құрап жазыңдар. 10 мин уақыт беріледі.
Жақсы сендер кітапхана тақырыбында сөйлем құрадыңдар енді тақтадағы кітап туралы дана сөздерге қарайық.
1. «Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді» Н.Ә.Назарбаев 2."Кітапхана тірі болса – халық та тірі, Ол өлсе – біздің өткеніміз бен болашағымыз да өледі"
Осы екі сөздің мағынасын ашып алу Марфологиялық талдау жасау.?????
Балалар біздің тақырыбымыз кітапханада ал кітапхана қорының негізгі кілті не? -Кітап - басты міндетіміз немен тығыз байланысты? -Кітаппен олай болса мен сендерге кітапқа байланысты мақал жасырайын БІЛЕГІҢЕ СЕНБЕ, БІЛІМІҢЕ СЕН. 1.Мақал-мәтелдерді аяқтап жазыңыз. 2.Кітап пен ғылым –тілсіз ....(мұғалім) 3.Кітап алтын ....(қазына) 4.Күш – білімде, Білім ...(кітапта). 5.Кітап - білім бұлағы, Білім -....( өнер шырағы). 6.Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа .....(маржан). 7. Кітап - оқығандікі, білім .....(тоқығандікі). (мұғалім,қазына,кітапта, өнер шырағы, маржан, тоқығандікі)
Мәтінмен жұмыс қазақ тілінде сөздер жазып орыс тіліне аудару. тақтадан тексерту
ІҮ Сабақты бекіту 1. Екпін дегеніміз не? 2. Оның қандай түрлері бар? 3 .Сөз екпіні дегеніміз не? 4. Ой екпіні дегеніміз не? 5. Тіркес екпін дегеніміз не? 6. Дыбыс екпіні дегеніміз не? 4. Екпін түспейтін қосымшаларды атаңдар
Рефлексеия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алғандарыңды байқайық І топ «Күншуақ»
ҮІ.Оқушыларды бағалау. Бағалау парақтарын өткізеді,сол арқылы тиісті бағаларын журналға қою. ҮІІ. Үйге тапсырма: Екпін түрлеріне мысалдар жазып келу. Келесі тақырыбымыз «Оқу залында» шығармашылық яғни іздену жұмысы.
|
Категория: Уроки | Добавил: gulmira_bieva (14.05.2015)
| Автор: Мукышева Айгуль Бакытовна E
|
Просмотров: 7094
| Рейтинг: 1.0/1 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|