Понедельник, 23.12.2024, 02:30
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Қазақтың ұлттық ойындары (С)

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Омаров Дәурен Давлетбаевич
«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі МДШО» КММ
Қаратал ауылы, Ескелді ауданы, Алматы облысы
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру, жарыс кезінде ойнату арқылы білік, дағдыларын дамыту.
Дамытушылық: оқушылардың спортқа деген қызығушылығын ояту, ептілікке, сабырлылыққа үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды басқа ұлттың салт дәстүрін, әдет ғұрпын құрметтеуге, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету, ұлттық ойындар ерекшелігін ұқтыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ойын элементтері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсатын, барысын айту
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі.
Сап түзел!
Тік тұр!
Реттік сан бойынша саналамыз.
Бірінші, екінші, үшінші.... санақ аяқталды
Солға бұрыл! Залмен алға қарай қадам бас!
Бақайдың ұшымен қолымызды көтереміз.
Өкшемен, қолымызды желкеге қоямыз.
Жүгіреміз! Бір орында сынып тоқта. Бірінші, екіншіге саналамыз!
Салеметсіздер ме! Қурметті оқушылар!
Сабағымызда көптеген ұлттық спорттық ойындар мен жарыстар болады. Сондықтан сабағымыздың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары» - деп аталады
1-ойын:
Ал енді біз бәріміз білетін ойынды ойнайық, «Қазақша күрес» - ойыны.
Ойынның ержесі:
Қазақша күрес-қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады. Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл боліп, дәріптеген.
2-ойын:
Ал енді келесі ойнайтын ойынымыз «Асық» - ойыны.
Ойынның ережесі:
Асық ойыны негізінен ер балаларға тән. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған. Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді. Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Қімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек, үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. Алтыатар ойыны бұдан басқаша. Көндегі кенейледің бір шетіне түпте қалған ( сақасы шықпаған) баланың сақасы тігіледі. Кенейдің арасында саңлау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м жерден су (сызық) ал 5-6 м жерден қарақшы белгілейді. Кімде кім түптегі сақаны жұлып кетсе (судан шығарса) бүкіл кенейді сол алады. Ал сақаға тимей кенейді ұшырса, оның судан шыққаны ғана соныкі болып табылады. Ату саны-6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған кенейдің бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі.
Екі топқа бөлінеміз де бір бірімізге қарап сызылған сызықтың екі жағында тұрамыз. Тұрдық па? Енді қарама - қарсы тұрғандар бір - бірінің қолынан ұстап әр бақталас топ өз жағына қарай тартады. Кімнің тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске жетед.і
Бұл ойынды сендермен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі жүргізеді.
Ал енді екі топқа бөлініп эстафета ойнаймыз.
Қай топтың мықты және тез екенін байқаймыз.
3-ойын: Ал енді келесі ойнайтын ойынымыз «Жаяу көкпар» - ойыны.
Жаяу көкпар. Қазақта нағыз көкпардан бөлек есек көкпар және жаяу көкпар ойындары да бар. Есек көкпар - балалардың ойыны. Әлі үлесіне тай тимеген балалар ағала¬рына еліктеп, бұйырған есекке мініп, қолдарына түскен теріні не кез келген затты тартысып ойнаған. Бұл - шын мәніндегі көкпарға жатпайды. Сонымен бірге жаяу көкпар ойыны бар. «Ұлттық ойындар» еңбегінде баяндалғандай, «Бұл ойын жазды күні, кең жазықта ойнала¬ды. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50-60 метр, көлденеңі 25-30 метрден кем бол¬майды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын дөңгелек шеңбер сызы¬лады да, ішіне құм түйілген ақ шүберек қойыла¬ды. Алаңның екінші шетінен де сондай сызық сызылып, оны көмбе деп белгілей¬ді. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлі¬неді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды жүргізу үшін екі топқа ортақ бір басқарушы тағайындалады. Орамал жатқан және көмбе етіп бел¬гіленген жерде екі ойыншы бақылаушы болып тұрады. Басқарушының берген белгісі бойынша ойын басталады. Әр топ¬тың ойыншысы құм түйілген шү¬бе¬рекке бұрын жетіп, оны көмбеге жет¬кізуге ты¬рысады. Топтың қалған ойын¬шылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ, одан шүберекті алып, өздері апаруға тыры¬сады. Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қол¬данып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының көмбеге бұрын әке¬луін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды. Көм¬беге белгіленген мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады. Ойынға допты да пайдалануға болады. Ойын жастардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, ден¬сау¬лықтарын жақсарта түседі». Жаяу көк-парды Аме¬рика футболы немесе рег¬биге ұқсата¬тындар көп. Аса үлкен айыр-ма¬шы¬лығы жоқ. Әлбетте, Америка бұл ойын¬да көш¬пелі халықтан көріп алды ма, әлде өз¬дерінің төл ойыны ма, бұл арасы - жұм¬бақ. Қалай десек те, жаяу көкпар ойнап жүрген мұхиттың арғы жағында¬ғы мемлекет тұрғындары қазақтың на¬ғыз көк¬парына қызығушылықпен қарап жүр¬геніне көп болды. Бішкекте орна¬лас¬қан халықаралық «Көкбөрі» көкпар феде¬рациясының атына жолданған ресми хатта америкалықтардың өз елін¬де көкпарды дамытуға құлшынып отыр¬ғандары баяндалған. Білетіндердің ай¬туынша, америкалықтардың көкпарға қызығушылығы «Рэмбо-ІІІ» фильмінде Сильвестер Сталлоне ауған көш¬пен¬ділерімен көкпар ойнауынан кейін оян¬ған.
4-ойын: Сабағымыздың ақырғы ойыны «Аркан тарту».
Ойынның ережесі: Арқан тарту халық арасында ертеден келе жатқан танымал ойындарының бірі Ойын көбіне мерекелерде, тойларда өткізіледі. Соңғы кездерде бастауыш сыныптардын дене шынықтыру сабақтарында, баланы сергіту сәттерінде де ойналып жүр. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан кеерек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадаңы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар женіске жетеді.
Қорытынды.
Бағалау.

Категория: Уроки | Добавил: Bahitgul (04.03.2015) | Автор: Омаров Дәурен Давлетбаевич E
Просмотров: 1136 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика