Понедельник, 23.12.2024, 16:51
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

БУТЕРБРОД ЖАСАУ (АРАЛАС САБАҚ)
БУТЕРБРОД ЖАСАУ
(АРАЛАС САБАҚ)
Анаргуль Сагидоллаевна Құрманғалиева,
технология пәні мұғалімі
Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ
Қамысты ауылы,
Жәнібек ауданы, БҚО.

Сабақтың тақырыбы: Бутерброд жасау.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды бутерброд түрлерін жасап үйренуге баулу.
2. Өзіне – өзі қызмет ету және ұқыптылық пен тазалықты сақтау дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.
3. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, дұрыс тамақтануға үйрету.
Дидактикалық көрнекі құралдар: оқулық, суреттер, «Бутерброд түрлері» тақырыбындағы плакат.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару,
- Сабақ жоспарымен оқушыларды таныстыру.
2. Кіріспе әңгіме.
Әңгімелесуге арналған сұрақтар:
1. «Ас – адамның арқауы» дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Адам ағзасы үшін дәруменнің рөлі қандай?
3. Адам ағзасы үшін қандай қоректік заттарды білесіңдер?
3. Жаңа сабақ.
«Ас атасы - нан» деп нанды жоғары бағалаймыз.Нан өнімдері сан алуан, солардың бір түрі бутерброд. Дәмді, сырт көрнісі тәбет шақыратындай дайындалған бутербродтар бүгінде күнделікті ас мәзірімізде кеңінен қолданылады.
Бутерброд дайындау көп уақытты алмайды, үйде, жолсапарда жүргенде тамақтануға ығңайлы. Бутерброд дайындауда көбіне бидай нанын пайдаланады. Бутерброд әр түрлі пішінде бола береді: төртбұрышты, дөңгелек, үшбұрышты.Дайындау технологиясы жағынан бутербродтар суық және ыстық болып бөлінеді және бетіне, ішіне салынатын тағамдарына қарай жабық, ашық, араласқан түрімен ерекшеленеді.

Прикрепление 1

Ашық бутербродтар қарапайым және күрделі болады. Қарапайым бутербродтар бір тамақтың түрінен дайындалады. Күрделі бутербродтар дәмі мен түрі жақсы үйлесетін бірнеше тамақтардан дайындалады. Жеңіл тамаққа арналған бутербродтар жолаушылардың, демалушылардың тамақтануына ыңғайлы. Оны ұсақ кесілген нанның бетіне май, шұжық, ірімшік, жұмыртқа, көкөністерді үйлестіріп, бірнеше қабаттап немесе бүтін бөлке нанның арасына салып дайындайды.
4. Сарамандық жұмыс.
Оқушылар оқулықтың 34- 37 беттеріндегі үлгі бойынша бутерброд жасап үйренеді. Жұмыс барысында мұғалім пышақты дұрыс пайдалану ережелерін оқушылардың есіне түсіреді.

Прикрепление 2

5. Қорыту.
- Бутербродтың басқа тағамдардан қандай айырмашылғы қандай?
- Тәтті бутербродты қалай жасар едің?
- Дастарқанды әзірлегенде қандай талаптар ескерілу қажет?
6. Үйге тапсырма: демалыс күні үлкендердің көмегімен өз бетінше бутерброд дайындау, олардың пікірін дәптерге жазу.
Категория: Уроки | Добавил: Arman2958 (21.01.2015)
Просмотров: 2624 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика