Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1.Қ дыбысы мен бас әрпін балаларға таныстыру. "Қ" дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Дәптерге Қ дыбысының бас әрпінің жазба түрін жазғызып үйрету. 2. Ой-өрістерін кеңейту, сөздік қорларын, тілін дамыту. 3. Әсемділікке, әдемілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қ әрпі, суреттер, тірек-сызбалар Әдіс-тәсілі: үйрету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап Түрі: ертегі сабақ Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, көк аспан! Амансың ба, достарым! Амансыздар ма, қонақтар! Сабағымызды бастайық. Жамандықты тастайық. -Жарайсыңдар балалар, көңіл-күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастайық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. -62,63 бет оқу ІІІ. Жаңа сабақ. -Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз жай сабақ емес, ертегі сабақ, яғни, «Шалқан» ертегісі. Бұл ертегіні барлығымыз білеміз бе? -Бұл ертегіде қандай ертегі кейіпкерлері болады? -Жақсы, балалар! Енді, біз атаға шалқанды жұлып алып беру үшін ертегі кейіпкерлерінің әр түрлі тапсырмаларын орындаймыз. -Орындаймыз ба? Атаның тапсырмасы: Ойын: «Сиқырлы сандар» Балалар қазір біз «Сиқырлы сандар» ойынын ойнаймыз. Біз білімді, әрі тәртіпті болсақ сандардың бізге не жасырып тұрғанын білеміз Ребусты шеш.
-Әр ребусты шешкен сайын сандар алынып астынан әр түрлі суреттер шығады. -Балалар ненің суретін көріп тұрмыз? (Қасқыр, құлпынай, қоян, қалам) -Жарайсыңдар, осы сөдердің басында қандай дыбыс естіліп тұр? (Қ) -Қ дыбысын хормен айтқызу. -Қ дыбысы қандай дыбыс? –Қандай текшемен белгілейміз?-Қ дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. -Жарайсыңдар! Ата шалқанды тартады-тартады, бірақ жұла алмайды. Енді ол көмекке кемпірін шақырады. –«Кемпірім, кемпірім, маған көмекке келші деп...» Кемпірдің тапсырмасы: -Тақтада берілген суреттерді ата, дыбыстық талдау жаса. (касық, кесе, шанышқы, қазан) -Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атайды? (Ыдыстар) -Шал мен кемпір шалқанды тартады-тартады, бірақ әлі де болса жұла алмайды, енді олар көмекке немересін шақырады.-«Немерем, немерем бізге көмекке келші деп...» Немересінің тапсырмасы: ІІІ. Сергіту сәті. «Арива» биі -Шал,шалдан кемпір, кемпірден немересі ұстап, шалқанды тартады-тартады, бірақ әлі де болса жұла алмайды, енді олар көмекке итті шақырады.-«итім, итім бізге көмекке келші деп...» Иттің тапсырмасы: ІҮ. Оқулықпен жұмыс -Мәтінді оқу, мәтін бойынша сұрақтар қою, әңгімелеу. -Бұл суретте кімдерді көріп тұрсыңдар? –Олар не істеп отыр екен? -Мәтінде Қ әрпінен басталатын адамның аты бар ма?-Ал, ыдыстардың ше? -Олар қандай тамақ жеді? (қуырдақ) – Не ішті? (қатық) -қуырдақ, қатық деген сөздерді буынға бөлу. -«Ас-адамның арқауы» мақалдың мағынасын ашу. -Бағыт бойынша сөздерді оқу, мағынасын ашу. та – мақ дақ та – ну қу - ыр шат маш
-Шал,шалдан кемпір, кемпірден немересі, немересінен ит ұстап, шалқанды тартады-тартады, бірақ әлі де болса жұла алмайды, енді олар көмекке мысықты шақырады.-«мысық, мысық бізге көмекке келші деп...» Мысықтың тапсырмасы: -Сурет бойынша әңгімелеу. -Бағыт бойынша сөздерді оқып, мағынасын ашу. оқу аң оқыту шы жылқы жыр мал
-Шал,шалдан кемпір, кемпірден немересі, немересінен ит, иттен мысық ұстап, шалқанды тартады-тартады, бірақ әлі де болса жұла алмайды, енді олар көмекке тышқанды шақырады.-«тышқан, тышқан бізге көмекке келші деп...» Тышқанның тапсырмасы: Ү. Дәптермен жұмыс Дәптердегі Қ дыбысының бас әрпінің элементімен таныстырып көркем жазуға үйрету. Қ әрпін ауада жазу. ҮІ. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. -Тақтада Қ әрпінің кіші әрпін, бас әрпін жаздырту. ҮІІ. Қорытынды -Шал,шалдан кемпір, кемпірден немересі, немересінен ит, иттен мысық, мысықтан тышқан ұстап, шалқанды тартады-тартады, бір кезде шалқанды жұлып алады. -Шалқан бізде қалай болып өскен? -Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық ? -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Ендеше қонақтармен қоштасайық. Аспанымыз ашық болсын! Көк туымыз биік болсын! Еліміз тыныш болсын! Деніміз сау болсын! - Сау болыңыздар. ҮІІІ. Үйге тапсырма беру 64, 65 бет оқу ІХ. Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.