Сабақтың тақырыбы: Күйшілік өнер.
1.Құрманғазы. "Сарыарқа", "Адай", "Балбырауын", "Кісен ашқан".
2.Тәттімбет. "Саржайлау", "Көкейкесті", "Сылқылдақ".
3.Сөзі: Х.Талғаров. Әні: И.Нүсіпбаевтікі. "Домбырасыз сән қайда".
Сабақтың мақсаты:
1.Білім беру - күйшілердің өмірі мен шығармалары туралы нақты, тиянақты таныстыру.
2.Тәрбиелеу - балаларды әсемдікті сезінуге, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге баулу. Өнер иелерін үлгі тұтып қастерлеу, енерлі оқушы болатынына сендіру.
3.Дамыту - музыкалыққабілеттерін арттыру. Ән айту дағдыларын қалыптастыру. Балалардың шығармашылық белсенділігін түрлі музыкалық тапсырмалар арқылы ояту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Өткізу әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, сурет, музыка.
Көрнекіліктер: композиторлардың суреттері, тақырыптық сурет салынған плакаттар, мақал-мәтелдер, үнтаспа, баян, домбыра, буклет, музыкалық аспаптар.
Сабақтың барысы: Оқушылар класқа Сарыарқа күйімен кіреді.
Ұйымдастыру кезеңі: Музыкамен сәлемдесу. Тақырыбын, мақсатын айту.
Сұрақ: "Күй дегеніміз не?"
Қазақтың домбыра, қобыз, шертер, сыбызғы сияқты ұлттық музыка аспаптарында орындалатын әуен-саз КҮЙ деп аталады.
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка дейміз.
Күй - бағдарлы мазмұны бар көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары тарихи оқиғалар, халық мерекелері, жан-жануарлар, аңыз-ертегілер, адам сезімдері, түрлі оқиғалар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тартыс күйлер, лирикалық күйлер болып жіктеледі. ХҮІІІ ғасырда Байжұма, Есжан, Байжігіт, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен танымал болған. XIXғасырда күйшілік өнердің одан әрі дамуына Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Ықылас, Қазанғап, Дина, Сүгір сияқты күйшілер өз үлестерін қосты.
- Біз кімнің қандай күйінің әуенімен класқа кірдік?
- Құрманғазының "Сарыарқа" күйі (оқушылар жауабы).
- Ендеше Құрманғазының өмірі мен күйлеріне тоқталайық.
XIX ғасырдың аса көрнекті композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол 1823 жылы Атырау облысында дүниеге келген.
Кішкентайынан күй өнері арқылы әділетсіздік пен теңсіздікке қарсы күрескен дара тұлға өзінің басынан кешкен өмірін, қайғы-қасіретін күй тілімен жырлап өткен.
Мұғалім: - Күйден нені байқадыңдар, күй сендерге қандай жайларды баяндап тұр. Күйдің көңіл-күйі қандай? ("Сарыарқа" күйін тыңдау).
Жауап: Күй қуанышты, шаттықты білдіреді. Аттың шабысын, қазақтың ең даласының тіршілігін баяндайды.
- Балалар қарындаш көмегімен суреттейік. (Шынар суреті)
Жауап: -Қазақтың кең байтақ даласының табиғат сұлулығы, әсемдігі, күйшінің батырлық мінезі сезілгендей болады.
- Бұл күйді қандай оркестрдің орындауында тыңдап отырсыңдар?
- Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі.
- "Сарыарқа" күйінің шығуы жайлы ел аузында мынадай аңыз әңгіме бар.
Құрманғазы бірде түрмеден қашқан жолында Арқадағы Тәттімбетке соғып, күй тартысып, сауық-сайран құрып, қонақ болыпты. Сонда Тәттімбеттің сыйына риза болған Құрманғазы "Сізге арнайы сыйым болсын" деп, "Сарыарқа" сүйін шығарыпты-мыс. Күйді тыңдап, айызы қанып, рахаттанған Тәттімбет "ендеше мен де саған күй арнаймын" деп, "Кекейкесті" күйін тарткан екен.
Құрманғазының "Адай" күйін тыңдап, көңіл-күйін, екпінін анықтау.
Бұл тыңдаған кімнің күйі?
Құрманғазының "Адай" күйі. Құрманғазының жастарға арналған "Балбырауын" күйін тыңдау, күйді талдау.
- Көңілді, би ырғақты, екпіні тез.
- Күй шертіледі, айналады.
- Күй орындауының неше әдісі бар?
- Екі әдісі бар: текпе және шертпе.
-Біздің тыңдаған күйлеріміз қандай әдіске жатады?
- Төкпе. "Сарыжайлау" күйін тыңдау
- Күй нені көз алдымызға елестетеді.
- Жайлаудың әсем, сұлу табиғатын.
- Бұл күй қандай әдіске жатады.
- Шертпе.
Шертпе күй шебері, композитор Тәттімбет Қазанғапұлы Қарағанды облысы, Қу ауданында 1817 жылы дүниеге келген. Тәттімбеттің атасы Мөшеке ойға жүйрік, сөзге шешен, тапқыр адам болған. Сондай атасының тәлімін өзі де зерек туған Тәттімбет тамаша күйші ғана емес, ақын, өткір тілді шешен болған.
Тындалған күйлердің өзара айырмашылығы, ұқсастығы неде?
Әдісі, екпіні, көңіл-күйі, табиғатында.
Тәттімбеттің "Бес төре", "Былқылдақ", "Қосбасар" күйлері ғасырлар бойы сан ұрпақтың рухани азығына айналып келеді.
Енді өнер туралы мақал-мәтелдер айтып көрейік.
1."Өнерлі өрге жүзеді".
2."Өнер-бұлақ, білім - шырақ".
3."Өнерлінің өрісі ұзақ".
Тағы кім мақал-мәтелдер айтып толықгырады. /3-4 мақал айтылады/.
Рахмет, балалар, мақал-мәтелерді жақсы біледі екенсіздер. Енді дауысымызды жаттықтырып алайық.
1."Киіз басу" әні.
2.Құрманғазының "Ақбай" күйі.
3."Құстар әні" (Н.Тілендиев).
"Домбырасыз сән қайда" әні. Сөзі -X. Талғаровтікі, әні - И. Нүсіпбаевтікі. Акын, әнші, күйші-композиторлар туралы айтылатын осы бір әнді орындайық,
Балалар, бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенімізді білу үшін КІМ БҰРЫН ойыныарқылы дұрыс жауап беріп,сабағымыздықорытындылайық. -Сұрақтары: 1.Құрманғазы кім? 2.Қандай күйдің атасы? 3.Қай жерде туған? 4. Қандай күйді тыңдадық?
5."Сарыарқа" күйінен алған әсерлері, оқушылардың өздері шығарған өлеңдері.
Сап-сары менің Сарыарқам,
Құрманғазы ата сенің арқаң.
Аталғаны жердің Сарыарқа,
Әсемдігіне таңқалып күнде жатам.
Қорытынды:
Міне, балалар, дәстүрлі күйшілік өнер дегеніміз осы.
Үй тапсырмасы.
Айтбек Тоқтаров
Қарағанды қаласы, №2 өнер
мектебінің оқытушысы.
|