9 - сынып
Көне қалалардағы сөздік қор
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: көне қалалар туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, тереңдету.
2. Дамытушылық: оқушыларды өз бетінше ізденіп, оқып-үйренуіне дағдыландыру, сөздік қорын молайту, электрондық оқулықпен тапсырмаларды орындату, құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау.
3. Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ (қазақ тілі мен география)
Сабақтың техникалық құрал – жабдығы:мультимедиялық проектор, компьютер, слайдтар топтамалары.
Сабақтың барысы: оқушылар өздеріне бұрыннан таныс материалдарға, өткен сабақтардан алған мәліметтерге сүйене отырып, мынадай сұрақтарға жауап береді:
1. Қазақстанда ең алғашқы қалалар қашан пайда болған?
2. Ежелгі қалалар қалай пайда болған?
3. Қалалардың көбі қандай жерлерге салынған?
4. Ертедегі қалалардың сыр- сипатын кімдер ашып береді?
5. Көне қалаларымыз қазір бар ма?
Өткен сабағымызда үйге тапсырма ретінде осы қалалар бойынша деректер жинап, шағын зерттеу жұмысын жүргізуді тапсырғанбыз. Енді қазір соны тыңдап көрейік.
1-ші оқушы:Түркістан қаласы (слайдтар көмегімен әңгімелейді)
2 -ші оқушы:Тараз қаласы (слайдтар көмегімен әңгімелейді)
3-ші оқушы: Отырар қаласы (слайдтар көмегімен әңгімелейді)
4-ші оқушы:М. Жұмабаевтың Түркістан қаласына арналған өлеңін жатқа айтады.
Мына сөздерді пайдаланып диалог құрастыру:
Қасиетті жер, рухани орталығы, саяси орталығы, кесене, ықпал етті.
1. Әр халықтың қандай жері, мекені бар?
(Әр халықтың қадір тұтатын жері, бас иер мекені бар.)
2. Түркістан, Тараз,Отырар қандай қалалар?
3. Түркістан қай халықтың рухани орталығы?
4. Түркістан қазақ хандығының мемлекет болуына қалай ықпал етті?
5. Қандай әлемге әйгілі ескерткіштерді білесің?
Грамматикалық тапсырма.
Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратыңдар, жасалу жолдарын, тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндіріңдер.
1. Түркістан қаласы біздің халықтың қасиетті жері және Түркістан қаласының тарихта алатын орны ерекше.
2. «Музыканың ұлы кітабы» жазылғаннан бері көп уақыт өтті, бірақ әл Фарабидің бұл кітабі музыка зерттеу ғылымы үшін күні бүгінге дейін өзінің құның жойған жоқ.
Тест (электрондық оқулықпен жұмыс)
Сабақты география пәнінің оқытушысы жалғастырады.
Қазіргі Түркістандағы, Тараздағы өзгерістер туралы оқушылар әңгімелейді (слайдтар арқылы).
1. В Южном Казахстане насчитываетрся 78 городов.
2. Тараз – находится на конусе выноса реки Талас при пересечении ее с ж/д., в центре крупного Талас – Ассинского оазиса.
3. Туркистан расположен на подгорной равнине к западу от хребта Каратау, в среднем течниии реки Сырдарья; расположен в 170 км. От Шымкента на т/д магистрали Оренбург – Ташкент.
Қорытынды (қорытынды бөлімді қазақ тілі пәнінің мұғалімі жүргізеді):
Қазақстанның көп ұлтты мәдениетін жаңғырту, сақтау және өркендету – қазіргі біздің негізгі басты мақсатымыз.
Сабақты бекіту. Венн диаграммасын толтыру керек.
Бағалау, үйге тапсырма.
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
ККМ №1 қазақ орта мектебініің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Зкенова Гүлняз Шариазденовна
|