|
Кең байтақ -Қазақстаным
КЕҢ-БАЙТАҚ – Қазақстаным. Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік: өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін байкау, білімдерін тиянақтап, қорытындылау. Сұрақтарға жауап беру, сөздерді өзара байла – ныстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: ауызекі , еркін сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру , логикалық қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: өз Отанын, халқын, жерін сүюге, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, патриотизмге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивтік тақта, Қазақстан картасы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. ІІ. Сабақтың мақсатын қою. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру: сұрақтарға жауап беру, ІV. Жаңа сабақ. 1. Мәтін бойынша жұмыс: а) сөздік жұмыс; ә) мәтінді оқу, мазмұнын түсіну; б) сұрақтарға жауап беру: 1. Қазақстан неше аймаққа бөлінеді? 2. Батыс Қазақстан қай жерде орын тепкен? 3. Солтүстік Қазақстан қандай өлке? 4. Қандай сұлу жерлері бар? 5. Орталық Қазақстан қалай аталатын аймақ? 6. Сарыарқа ненің қоймасы? 7. Қандай металдарға өлке бай? 8. Шығыс Қазақстанда қандай әсем көлдер бар? 9. Оңтүстік Қазақстанда қандай ірі қалалар бар? 10. Оңтүстік Қазақстан немен бай?
2. Тапсырма: мәтіннен жалқы және жалпы зат есімді теріп жазу (7-8).
3. Тапсырма: мәтіннен синонимы бар сөздерді табу. Аймақ,өлке,өңірі; мемлекет, ел; сұлу, әсем; үлкен, ірі.
4. Мәтін бойынша Вен диаграмма жасау.
5. Тапсырма: орыс тілінен қазақ тіліне аударып жазу. Төртінші сөйлемге синтаксистік талдау жасау Казахстан многонациональное суверенное государство. Қазақстан көп ұлтты егеменді мемелекет. Казахстан богат полезными ископаемыми. Қазақстан пайдалы қазбаларға бай. Я родился и вырос в Казахстане. Мен Қазақстанда туып-өстім. Казакстан богат нефтью, золотом,углем и железом. Қазақстан мұнайға, алтынға, көмір мен темірге бай.
6. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз (ауызша).
Отан сүйген отқа жанбайды, суға батпайды. Отанды сүю отбасынан басталады. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Туған жердің жуасы да тәтті. Отан үшін отқа түс, күймейсің. Отан – оттан да ыстық. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. 7. Топтастыру (ассоциация): халық, мемлекет.
8. Электрондық оқулықпен жұмыс. а) Ту, Елтаңба туралы сөйлесу. - Балалар, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кімдер? - Балалар, Мемлекеттік Тудың авторы кім? ә) Интерактивтік тақтада Елтаңба туралы тестпен жұмыс. б) - Балалар, келесі тапсырманы орындаймыз: көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.
1. Елтаңбада ........, ......, ......., ......., бейнеленген. 2. Елтаңбаның түсі .... және ...... . 3. Елтаңбаның ..... ...... бес бұрышты жұлдыз бар. 4. Қазақстан деген жазу Елтаңбаның .... ..... . 5. ..... екі жағында қос пырақ бейнеленген. в) Интерактивтік тақтада Тудың суретімен жұмыс. - Балалар, біз Ту, Елтаңба туралы айттық. Ал үшінші мемлекеттік рәміз қандай? Дұрыс, үшінші мемлекеттік рәміз - Әнұран. Біздің елімізде бірінші рет Әнұран қай жылы қабылданды? Екінші рет Әнұран қай жылы қабылданды?
9. Интерактивтік тақтада жаттығу орындау.
1. Септеу: Отан, Астана, халық. 10. Қорытынды жасау.
1. Интерактивтік тақтамен жұмыс.
Берілген сұрақтарға жауап беру: 1. Қазақстан Республикасы қайда орналасқан? 2. Қазақстан қандай мемлекет? 3. Қазақстанның ел ордасы қандай қала? 4. Қазақстан неше елмен шектеседі? 5. Қазақстанның жер көлемі қандай? 6. Қазақстан тәуелсіз Республика болып қашан жарияланды? 7. Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаев қашан сайланды? 8. Мемлекеттік тіл қай тіл? Неше рет және қашан қабылданды? 9. Ата Заң қашан қабылданды? 10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру: мәтін бойынша диалог құрастырып келу.
|
Категория: Уроки | Добавил: 444 (06.06.2013)
| Автор: Абиғалиева Айнұр Сандиғалиевна
|
Просмотров: 2174
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|