Воскресенье, 22.12.2024, 21:14
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

«Ұлттық ойындар»

 

 

 

                                                                                 Батыс Қазақстан облысы

                                                                                Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы

                                                                                М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінің

                                                                                дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

                                                                                Кузергалиев Талап Калиллинұлы

 

Пәні: Дене тәрбиесі
Сынып: 3
Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар»
Сабақтың мақсаты:
а) теориялық ойын түрлерін, мазмұныны, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.
ә) жетілдіру өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін жетілдіру.
б) тәрбиелік Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан – жақты түсіндіру.
Құрал – жабдықтар: Ысқырық, доптар, сақина, арқан т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сапқа тұрғызу; Оқушы мәліметін қабылдау. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы «Солға»! «Оңға»! «Кері айнал»! жаттығуларын орындау.
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар:
1. Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.
2. Қол белде өкшемен жүру. Қол белде жартылай отырып жүру. Қол тізеде отырып жүру, секіру.
3. Екі қол белде өкшемен жүру
4. Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:
 - Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірімен жүгіру.
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.
- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізу жүгіру.
- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
- Дем алу, дем шығару.- Аяқ ұшымен өкшесімен, сыртқы ішкі қырымен жүруін ескерту. Оң және сол бүйірімен жүгіруін ескерту. Алақанға аяқтың ішкі сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту. Отырып жүру, жүгіруін ескерту.
 

Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар:

Соқыртеке. Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.

Түйе мен бота. Ойын көгалды жерде немесе спорт залда өтеді. Балалардың санына шек қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының «мысық-тышқан» ойынына ұқсас. Оның басқарушының нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі ботаның роліне сайланады. Қалған ойыншылар өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы ішінде қалады

Түйе шеңбердің сыртында жүріп ботасына үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді. Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал бота шеңбер бойымен айнала қашады. Ойын шарты бойынша бота шеңбердің ішіне кіріп-шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені аса еркіне жібермей, кей кездерде шеңбердін ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар қысып қалады. Ақырында түйе алдап жүріп ботасын колға түсіргенде, бота жібер дейді. Түйе жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:- «шөк, шөк» деп түйені шөгеруге тырысады. Түйе оған көнгісі келмегенімен көпшілік болып шөгереді, яғни жүресінен отырады.

Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-тесіп ботадан бастап шөккен түйенін үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен екі колын жерге тіреп отырады да, үстінен секіргендерді орнынан козғалмай қолымен ғана ұстай алады. Осы кезде түйе үстінен секірген ойыншылардын кайсысын бірінщі ұстаса, сол түйенің ролін ойнайды да, екінші ұстағаны ботаның ролін ойнайды. Осылайша ойынды қайта жалғастыруға болады.

Түйенің үстінен секірген ойыншы оған колымен, болмаса аяғымен тиюіне болмайды. Түйенін үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша алысқа түсуге тырысады. [5]

Ұшты-ұшты. Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:
— Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
— Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
— Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
— Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).

Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!», — деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді.

Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ой-ын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.


«Тұтқынға алу» - ойыны
Ойынның ережесі:
Екі топқа бөлінеміз де бір бірімізге қарап сызылған сызықтың екі жағында тұрамыз. Енді қарама - қарсы тұрғандар бір - бірінің қолынан ұстап әр бақталас топ өз жағына қарай тартады. Кімнің тобы мықтырақ, қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ жеңіске жетеді.
 

Тартыс — ұлттық ойын
Ойынның ережесі:
Ойыншылар тепе - тең екі топқа бөлінеді, екі - екіден жұптасып тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір - біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін - бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір - бірімен орын ауыстырады.

Асық ойыны:

«Тас қала» Ойынның ережесі:
Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7 — 8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші.
Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда саңалар қайта иіріледі.
Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта түрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмаганға дейін ата береді. Қалған ойыншыларды бүзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады. Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.
 

Хан талапай
Ойынның ережесі:
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Хан талапай». Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.
 

II. Қорытынды

1. Сапқа тұру.
2. Демалыс жаттығулары.
3. Бағалау.

Категория: Уроки | Добавил: Kairat (21.03.2015)
Просмотров: 1835 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика