Сейдалы Бакытгуль Кожахановна
Физика пәнінің мұғалімі
Алматы облысы
Ескелді ауданы
Қаратал ауылы
«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі МДШО» КММ
Коучинг-сессия жоспары
Тақырыбы: Оқудағы формативті бағалау
Мақсаты: Мұғалім – ата - ана – оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайта отырып, формативті бағалаудың маңыздылығын ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Қатысушылар өз ойын ашық жеткізуге, бір - бірінің пікірін құрметтеуге бейімделеді
2. Мұғалім – ата - ана – оқушы топта өзара әрекеттестікке түсіп, ынтымақтастық орнайды.
3. Бағалау туралы жалпы ақпарат алып, оқытуда күнделікті бағалап жатқан түрлерімен танысады
4. Сабақ барысында формативті бағалау түрлерін пайдалана отырып, оқудағы формативті бағалаудың маңыздылығын анықтайды.
Түйінді идея: Қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға бейімдеу.
Қолданылатын материалдар: Интербелсенді тақта, бейнеролик, таныстырылым
I. 5 мин . Психологиялық дайындық. Музыка әуенімен ретсіз амандасу
«Қалыптан тыс амандасу» ойыны
Ретсіз қозғала жүріп, бір-бірімен былай амандасады:
Бас иіп;
Күлімдеп;
Көзбен;
Қол алысып;
Иықпен;
Арқамен;
Тіземен.
II. 1 мин Топқа бөлу Қатысушылар: ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар. Соған орай, «Ата-аналар», «Оқушылар», «Мұғалімдер» тобына бөледі.
III. 3 мин. Бағаның әсері - Оқушы «5» алғанда, бұл баға оқушыға, ата-анаға, мұғалімге қалай әсер етеді?
- Оқушы «2» алғанда, бұл баға оқушыға, ата-анаға, мұғалімге қалай әсер етеді?
IV. 2 мин Тақырыпты ашу. «Күтім» жаттығуы - Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
- Бүгінгі сабақтан не күтесіз?
V. 10 мин Шығармашылық тапсырма «Отбасылық құндылық ағашы» Постерлер ұсынады. Сол постерге отбасы құндылықтарын маңыздылығына қарай орналастыру ұсынылады.
VI. Өзара бағалау
2 жұлдыз 1 тілек
VII. 10 мин «Күтпеген сыйлық» бейнежазбасы Бейнежазбаның біраз бөлігі көрсетілгеннен кейін, сұрақ қойылады. (1.35)
- Оқиға қалай жалғасуы мүмкін?
- Аяз ата не жасауы мүмкін? Неге?
Жауаптар тыңдалғаннан кейін бейнежазбаның жалғасы көрсетіледі.
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
VIII. 3 мин Таныстырылым Формативті бағалау туралы жалпы түсінік беріледі
IX. 2 мин Жағымды ахуал орнатылу Тақырыпқа қатысты смайликпен бағалау ұсынылады.
Жалғастыруға дайынмын Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес Түсінбеймін, қайталап қарау қажет
- Жалғастыруға дайынмын
- Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес
- Түсінбеймін, қайталап қарау қажет
X. 5 мин «Сіз кімсіз?» ойыны.
музыка
Қатысушыларға жануарлардың аттарымен қима қағаздар үлестіріледі. Қатысушалар өз жұптарын үнсіз, дыбыссыз, тек мимика арқылы табу ұсынылады.
Піл, тауық, қоян, аю, сиыр ( жазу)
- Осы ойыннан қандай әсер алдыңыз?
- Тапсырманы орындау қаншалықты қиынға соқты?
- Жұбыңызды қалай таптыңыз?
XI. 20 мин Тапсырма «Проблема-лық жағдаяттан шығу жолдары»
1-топ: Анасы баласынының сабақтарын тексеріп, үй тапсырмасын орындатып жатыр. Баласы қасындағы оқушының одан көшіретіндігін айтты. Анасы баласына оған көрсетпеуін, ешқандай оқушыға көмектеспеуін, егер көмектессе оның алатын бестігін басқа баланың алып алатындығын қатаң түрде ескертіп айтты.
2-топ: Сіз мұғалімсіз:
Сабақ уақытында сыныптағы Арманның анасы баласымен бірге келді. Сынып жетекшісі анасымен сөйлесіп баласының сабақ оқымайтындығын, сабаққа қатысып отырмайтындығын айтады. Бірақ анасы мұғалімнің сөзіне сенбей:
«Білмеймін күнде сабақ оқытып жіберемін мен сұрасам бәрін керемет қылып айтып береді. Неге сіз сұрағанда айтпайды мүмкін сіз дұрыс сұрамайтын шығарсыз немесе сізден қорқатын шығар деп сынып жетекшісіне тап береді.» Осындай жағдайда сіздер не істер едіңіздер?
3-топ: Балаңыз диктант дәптерін үйге әкелді. жазба жұмысынан «4» деген баға алған. Қатесін сіз де, балаңыз да көріп тұрсыздар, ал пән мұғалімі оны жөндемеген. Сіз балаңызға неліктен жөндемегенін балаға қалай түсіндіресіз?
4-топ: Логикалық тапсырма
Ата-ана баласына кітап береді.
- Егер осы кітапты оқып шықсаң, 2000 тг беремін.
Бір аптадан кейін кітапты оқып шыққанын айтады. Ал әкесі кітапты оқымағанын атады. Әкесі неге осындай шешімге келеді?
5-топ: Бейнелеу өнері сабағының мұғаліміне ата-ана баласының салған суретін алып келеді.
– Сіз қандай мұғалімсіз? Неге баланың жұмысын дұрыс бағаламайсыз? Міне, балам суретті жап-жақсы салған. Өзім көмектескем. Бірақ алатын бағасы - ылғи 3 пен 2. Сонда қалай болғаны?
XII. 5 мин Тапсырма «Оқудағы бағалау құндылықтары» Формативті бағалау сіздерге не береді?
1-топ: оқушы– гүл түрінде
2-топ: ата-ана - жапырақ
3-топ: мұғалім - жеміс
XIII. 10 мин. Рефлексия
Оқушыларға:
- Бүгінгі сабақтан алғаның туралы СМС жаз
Ата-аналарға:
- Сіздер бүгінгі білгеніңізді мына кестеде көрсетіңіздер?
«Бұрын ............... білмеуші едім, қазір білетін болдым»
Мұғалімдерге:
- Сабақ туралы 50/60 секундтық жаңалық жасау (камераға түсіріледі)
|