Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы,Жәнібек ауылы,
жалпы білім беретін Т.Жароков
атындағы орта мектебінің
ІІ санатты психологы
Жаксагулова Айнур Жасулановна
Отбасым асыл қазынам
ата-аналар және балалармен
тренинг
(6 сынып)
Мақсаты: Ата-аналар мен балалалар арасындағы жылы және
жағымды қарым- қатынасты нығайту;
Ата-аналарды өз балаларын түсіне білуге және көмек көрсете
білуге; балаларымен қарым-қатынаста өздерін бақылай
білуге және балаларының сезімдерін басқара білуге үйрету.
Қазіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын
қалыптастыру.
Міндеті:
1. Ата-ананың тәрбиедегі алатын орны маңыздылығын айтып өту;
2. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлін ашу;
3. Қатысушыларға отбасының әлеуметтік міндеттерін айтып өтіп,
Өту барысы:
Кіріспе.
- Құрметті ата-аналар және оқушылар! Бүгін бәріміз «Отбасым-алтын қазынам» атты ата-аналар мен балалар арасында өткізгелі отырған тренингке жиналып отырмыз.
- Балалар, сіздерге мынадай сұрақ: «Қалай ойлайсыз, ата-аналарыңыз неге келіп отыр бүгін?»
- Ата-аналар, бүгінгі тренингтен не күтесіз?
- Танысу «Қуыршақ терапиясы»
- Құрметті ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі тренингімді мен «Танысу» жаттығуымен бастағым келіп отыр. Ата-аналармен танысуды «Қуыршақ» терапиясы арқылы жүзеге асырамыз. Бұл қарапайым фольга, бірақта бұның сиқырлы қасиеті бар. Яғни қазір әрбір ата-ана осы фольгадан қуыршақ жасайды. Жасап болғасын ол сол қуыршақ арқылы өзін таныстырады. Олай болса, қуыршаққа есім береміз, яғни ат қоямыз. Оны өз қалауыңызша атауға болады. Ол Сіздің атыңызбен аталуы мүмкін немесе сізге ұнайтын, әлде сіздің бала кезіңіздегі өзіңізге ұнайтын ат болуы да мүмкін. Ол өз қалауыңызға байланысты.
- Танысқанда «Бір кезде бір қуыршақ дүниеге келіпті...» деп ертегісін бастайды. Яғни сол жасаған қуыршақ арқылы өзі туралы айтып, қайда туып-өскені, неше баласы бар екені, отбасы туралы айтып, баяндап береді.
- Ал балалар болса сіздер 2 топқа ұлдар мен қыздар болып бөлінуіңіз сұралады. Міне әр топқа 1 бет қағаз. Осы қағазға топтағы оқушылардың бәрін жазып, әр қайсысының тұсына қандай екенін жазыңыз.
Жазып болғаннан кейін, әр топ өз мүшелерінің қасиеттерін оқыса, келесі топ ол кім екенін тауып алуы керек.
- Қазір әр бала өз ата-анасының қасына отыру сұралады.
2. Мини-дәріс: «Отбасым – өмірімнің айнасы»
-Құрметті ата- аналар бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Отбасым-алтын қазынам».
Міне, отбасы құрылды, кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы- адам баласының өсіп- өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Сонымен бірлесе жүретін біздің өміріміздің жайы: ол туысқандық байланысымыз – ата- ана, ата - әже, балалар - ұл,қыз. Осы аталған құрметті адамдар өмірде бір- бірімен тығыз байланыста болады.
Кез – келген ата-ана өз баласының дені сау, бақытты, сыйлы адам балғанын армандайды емес пе? Отбасындағы тәрбиенің адам баласына әсері мол. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», - деп халық даналығы айтқандай, ата-ананың жеке басты үлгі-өнегелері, отбасындағы ахуал баланың дұрыс тәрбиеленуіне ықпал ететіні сөзсіз. Олай дейтініміз, баланың бойында жеткілікті өмір тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен ол үлкендердің мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс-әрекетіне, басқалармен ара-қатынасына еліктейді және өзінің үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылдайды Көріп отырғаныңыздай, отбасындағы тәрбиенің мәні өте зор және оны ұштастыруда үлкен мағына жатыр.
Отбасының қайнар көзі - ол бақыттылығы. Отбасының іргесі нық болса, құрған қамалдары берік болса - аталған отбасындағы тәрбие де дұрыс болады. Ұрпақ – адамзаттың болашағы. Егер отбасында дұрыс тәрбие берілсе, қоғамға да, еліне де, жеріне де ол болшақтың берері де мол болады. Бұл деген аса маңызды міндеттің бірі.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
3. Отбасын гүл бейнесінде бейнелеу
Тренингке қатысушыларға гуашь бояуы арқылы өз отбасыларының мүшелерін гүл бейнесінде суреттеу тапсырылады.
4. «Біздің отбасымыздың дәстүрі»
- Құрметті тренингке қатысушы ата-аналар және оқушылар! Әрбір адам үшін өз отбасымен бірге өткізген уақыттың маңызы өте зор. Сонымен қатар, отбасыңызда өткізген уақытыңыз маңызды да мәнді болуы қажет.Әр отбасының өзінде қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын дәстүрлері де болады. Отбасылар әр түрлі, сондықтан әр отбасының дәстүрі де әр түрлі. Ол, мысалы қандай да болса мерекелік кештер, бірге демалу, бірігіп кітап оқу және т.б.
Олай болса, бүгінгі тренингке жиналған отбасылардың да дәстүрлерімен таныс боламыз. Қазір әр отбасы мүшелері өз отбасыларының дәстүрлері туралы айтып береді. Отырып ойыңызды жинақтауға аз ғана уақыт.
Талдау: Осындай отбасыңызбен бірге әрі қызықты өткізетін алтын уақыттарыңыз көп болсын! Отбасыңыздың бақыты берік болсын!
5. «Комплименттер портреті диалогы» жаттығуы
- Ендігі кезекте арт-терапия жаттығуы. Арт-терапия – бұл сурет салу арқылы ішкі сезіміңізді жеткізу. Қазір ата-аналарыңызға қарама-қарсы отыруыңыз сұралады. Алдымен кім сурет салатынын белгілеп алыңыз: ата-анаңыз ба әлде балаңыз ба. Суретті бояумен әйнекке саламыз. Салған суретіміздің ерекшелігі – біз алдымыздағы отырған адамның бет-әлпетін суреттейміз. Ол үшін кімді салады – сол әйнекті ұстап отырады, ал кім салады – сол қарап отырып, салады. Енді бір ерекшелігі – портретті салып отырған адам үндемей отырмау керек, міндетті түрде кімді салып отыр, соған (өз анасына немесе баласына) комплимент айтып отыру қажет. Мысалы, қандай әдемісің, көзің қандай әдемі, бет-әлпетің немесе қандай мейірімді, қайырымды жансың, т.б. өзінің ішінен шыққан сөздерді айтып отыру қажет.
(Осы кезде музыка қосылады).
Талдау:
- Сізге комплимент айту қиын болды ма?
- Комплимент айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?
- Сурет салған кезде не байқадыңыз?
- Жылы лебіз бен сөзді естігенде қандай сезімде болдыңыз?
- Осындай сөздерді жиі естіп тұрасыз ба?
Олай болса, күнделікті өмірде бір-бірімізге тек қана жылы сөздер, комплименттер айтып жүрейік.
6. Упражнение «Қарым-қатынас шеңбері»
Барлығы ортаға шақырылады. Аналар сырқы шеңберді құрап, ал балалар ішкі шеңберді құрап тұрады. Айтылған тапсырманы орындайсыз. Сөйлеуге болмайды.
- Бір-біріңіздің қолдарынан үстап, сәлемдесіңіз;
- Бір-біріңіздің иығыңызға қолыңызды қойып, көзіңізге қарап, жымиыңыз;
- Қолыңызбен күштесіңіз;
- Қолыңыздан ұстап, достасыңыз;
- Қоштасыңыз;
- Бір-біріңізге арқаңызды тақаңыз да отырыңыз;
- Бір-біріңіздің шашыңызды дұрыстаңыз;
- Бір-біріңіздің киіміңізді дұрыстаңыз;
- Көптен көрмеген досыңызды кездестіргендей, қуанышыңызды білдіріңіз;
- Бір-біріңізді құшақтаңыз.
Рефлексия.
7. Жаттығу «Менің отбасым» (аяқтамаған сөйлем әдісі бойынша)
- Менің отбасым – ол...
- Менің балаларым - ....
- Менің балам мектепке жиналғанда, мен...
- Мен өз баламды көргенде ...
- Мен өз баламның...
- Мен ата-анамды...
|