Понедельник, 23.12.2024, 03:05
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Зат есім

 

Зат есім

Акмолинская область Бурабайский район школа № 6 г.Щучинск 

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім. 

Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің 
жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру. 
2. Сөз таптары бойынша меңгерген білімдеріне сүйене отырып, 
зат есім туралы түсініктерін дамыту, сауатты жазу, оқу 
дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру. 
3. Қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, 
тілдік- эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу, адамгершілік 
қасиеттерді бойларына дамыту 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ 

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, тірек сызба, тапсырма, түсіндіру, ой қозғау 

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, электрондық оқулық, тірек сызба. 
1. Ұйымдастыру кезеңі: 
а. амандасу. 
б. психологиялық ахуал 

Күн жарығын алақанға саламын, 
Жүрегіме басып ұстай аламын. 
Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді, 
Болып кетер сонда дереу жан-жағым 

в. «Бет пердесі» арқылы көңіл күйлерін анықтау. 
г. Сыныпты топқа бөлу. 

2. Үй тапсырмасын тексеру. 
- Біз балалар, алдыңғы сабақта «Күрделі сөздер» деп аталатын үлкен бір ауылда қонақта болдық. «Күрделі сөздер» ауылында біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз ауылы іргелес болып, тату- тәтті өмір кешуде екен. Біз «Күрделі сөздер» шаңырағының қонағы болып қайтып едік. Күрделі сөздер елі ынтымақта, бірлікте бақытты өмір кешуде. Бір-бірімен ажырамай, ұйымшыл болған екен. Осы ауылдан не білдік, не үйрендік, санамызға не түйдік? Соны ортаға салайық. 
Тірек сызбаларды қолдана отырып сұрап шығу. 
1.Күрделі сөздер 
а.Біріккен сөздер 
б.Қос сөздер 
в.Тіркесті сөздер 
г.Қысқарған сөздер 
Дәптермен жұмыс: 
а.Күні, айы,тақырыпты жазу 

Шығармашылық жұмыс. 
Терме диктант жүргізу. (Арқар суретін көрсету) 
Тапсырма. Мәтіннен қос сөздерді теріп жазу. 

Арқар. 
Таудың басы тып- тыныш. Бір кезде тық- тық басқан тұяқтың үні естілді. Ірілі -уақты тастар салдыр -гүлдір құлап түсті. Сөйткенше болған жоқ, арқардың бір топ үйірі шыға келді. Олар тастан-тасқа оңай атылады. Оларды қуып жету тіпті мүмкін емес. Жазық далада арқар машинаның жылдамдығындай сағатына 60 шақырым алады. 

Жаңа сабақ 
1.Айналаға бір уақыт зер салып қараңдаршы,сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр.Осы заттардың атын білдіретін сөздерді не дейміз?Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз « Зат есім». 

2.Топтық жұмыс. 
а. Бірінші топқа жалқы, жалпы есімдер. 
б. Екінші топқа деректі,дерексізесімдер. 
в. Ортаға шығып топ жетекшісі түсінгендерін айтады. 

3. 1 топ: Өздері білетін жалпы, жалқы есімдерді жазады. 
2 топ:Өздері білетін деректі, дерексіз зат есімдерді жазады. 

4.Электрондық оқулықпен жұмыс. Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау. 

5. Оқулықпен жұмыс: 118 - жаттығу 

Сабақты бекіту: 
а.Семантикалық картаны толтыру. 

Мысалдар Жалқы Жалпы Деректі Дерексіз 
Мұхтар Әуезов 
Өнер 
Дәріхана 
Астана 
Домбыра 
Әке-шеше 
Қызылордалық 
Шекарашы 
Жігіттер 
Қайғы 

Бағалау. 

Үй тапсырмасы: Жалпы,жалқы есімдерге 6 сөйлем құрастыру. Кез –келген деректі есіммен 5 жолды өлең құру. 

Рефлексия: «Бет перде» арқылы сабақтың соңындағы көңіл-күйлерін анықтау.

Категория: Уроки | Добавил: Bahitgul (02.03.2015) | Автор: Гулбахыт E
Просмотров: 1072 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика