|
Сөз өнері – біздің тарихи мұрамыз
Ермағамбетова Мадина Қуанышбайқызы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК
Сабақтың тақырыбы: «Сөз өнері – біздің тарихи мұрамыз» Мақсаты: 1. оқушылардың оқу, жазу, сөйлесу дағдыларын қалыптастыру; 2. түрлі жаттығудың жазбаша, ауызша жұмыстарын өткізу; 3. ата-баба аманат еткен тілді қадірлей білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу;
І Ұйымдастыру кезені Сәлеметсіңдер ме? Отырыңыздар! Бугінгі сабағымызда «Шешендік сөздер» деп аталатын 2-ші параграфты бекітеміз. Өткен 9 әңгімені еске аламыз. Сабағымызды қазақ халқының атақты жазушы Ахмет Байтұрсынұлының сөздерімен бастағым келеді: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»
Ұлы атамыздың айтқаның қалай түсінесіңдер? /Өз тіліңді білу және үйрену - өз ұлтынды тану/
ІІ Өткенді қайталау Назар аударыңдар, осы портреттерде кім бейнеленген? /Қазақ халқының ұлы билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би/ Аубакиров Бағдатқа билер туралы қысқаша мәлімет дайындауға берілген тапсырманы тыңдайық. 1-ші тапсырма /тақтада жұмыс/ Берілген сұрақтарға жауап жазу және түсіндіру. 1/ Дау мұраты не? /біту/ 2/ Сауда мұраты не? /ұту/ 3/ Қыз мұраты не? /кету/ 4/ Жол мұраты не? /жету/
2-ші тапсырма /карточка бойынша жұмыс/ Ана тілі, тіл өнері жайындағы мақал-мәтелдердің мағынасын жалғастыру. Карточка №1 • Өнер алды қызыл (тіл) • (Сөз) тапқанға қолқа жоқ • Шебердің қолы ортақ шешеннің (тілі) ортақ • (Сөз) бас жарады, бас жармаса тас жарады
Карточка №2 • Көз жетпеген жерге (сөз) жетеді • (Сөз) сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді • (Сөз анасы) – құлақ, жол анасы – тұяқ, су анасы - бұлақ • Басқа пәле (тілден)
Карточка №3 • Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді • Көлді жел қозғайды, ойды (сөз) қозғайды • Аз (сөйлеп), көп тыңда • Білмесең – үндеме, білгенді күндеме
Карточка №4 • Ашуың келсе – қолың тарт, айтпас жерде – (тілің) тарт • Шешеннің (сөзі) – мерген, шебердің көзі – мерген • Көп (сөз) – күміс, аз сөз – алтын
3-ші тапсырма /кітаппен жұмыс/ 30 бет. «Жерден ауыр не?» атты мазмұнды оқу және түсіндіру. «Бала би шешен қартайған шағында халқын жинап: - Жерден ауыр не? - Судан терең не? - Оттан ыстық не? – деп 3 сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Бала би өзі қойған сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен: - Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім - Судан терең дегенім – оқу, ғылым - Оттан ыстықдегенім – адамның өмірі»
4-ші тапсырма / тақтада жазбаша жұмыс / Сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару. 1. Каждый человек должен ценить и уважать свой язык /Әр адам өз тіліңді бағалау және құрметтеу керек/ 2. Ораторское слово занимает особое место в устном творчестве /Шешендік сөз әдеби шығармашылықта ерекше орын алады/ 3. У народных ораторов язык богатый и сочный мысли глубокие /Халық шешендерінің тілдері бай және мағыналы ойлары терең/ 4. Знать и изучать свой язык – значит знать свою национальность /Өз тіліңді білу және үйрену - өз ұлтынды тану/
5-ші тапсырма Сөздік диктант 1. мағыналы 6. дау-жанжал 2. құрметтеу 7. шебер 3. көңіл 8. өзгеріс 4. асыл мұра 9. адамның өмірі 5. терең ой 10. шешендік сөздер
ІІІ Бекіту 6-ші тапсырма Сызба негізінде «Шешендік сөздер» деген тақырыпты бекітейік.
ІV Үй жұмысы «Әбунасыр Әл-Фараби» туралы келесі сабаққа өмірбаянын жұмыс дәптерлеріне жазып әкелу. V Баға қою
VІ Рефлексия Сабақта не ұнады? Сабақта не ұнамады? Өздеріне жаңадан не алдыңдар? Жаңадан не білдіңдер?
|
Категория: Уроки | Добавил: madina-emk (19.04.2015)
| Автор: Ермагамбетова Мадина Куанышпаевна E
|
Просмотров: 1054
| Рейтинг: 5.0/2 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|