Понедельник, 23.12.2024, 12:37
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

Сан есім(С)

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

Е. Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі

Джумагалиева Гульмира Алибековна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қазақ тілі, 2 - сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: а) Сан есім туралы түсінік беру. Сөйлемнен сан есімді     

                                          таба білуге үйрету.

                                  ә) Балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, адалдық-

                                      қа, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

                                  б) Оқушылардың ақыл – ойын, байқағыштық қабілеттерін

                                      каллиграфиясын жетілдіру.Сөздік қорын, күнделікті

                                      сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың түрі:            аралас

Сабақтың әдісі:       ауызша, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың  көрнекілігі: «Ойлан!» кестесі, домбыра, киіз үй құрылысы

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын түгендеу.

                          II. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережені сұрау. 400 – жаттығу.

                                 III. Жаңа сабақ

  • Балалар, біз бүгін зерттеуші болып үйренеміз. Мен сендерді зерттеуші болуға шақырамын. Ал мен ғылыми жетекшілерің боламын. Біз енді сабағымызды математика сабағымен байланыстыра отырып, мынау бір ойынмен сөз табайық.

1

2

8

 

5

10

8

 

6

9

60

Б

Е

С

 

Б

О

С

 

А

Т

А

  • Бұл ойынның сырын таптық. Енді мына суретке қарайық.
  • Бұл суреттен не көріп тұрсыз? (киіз үй)
  • Киіз үй жабдықтарын атап беріңдерші.  (шаңырақ, уық, кереге т.б.)
  • Енді осы киіз үйдің шаңырағын зерттейік. (зат есім, сан есім, сын есім, етістік)
  • Қане, бәріміз ережесін еске түсірейікші.

 

Сұрақтар:

  1. Зат есім деген не?
  2. Зат есім нешеге бөлінеді?
  3. Зат есімнің сұрақтары.
  4. Етістік деген не?
  5. Етістіктің сұрақтары.
  6. Сын есім деген не?
  7. Сын есімнің сұрақтары.

Сұрақ – жауап.

  • Сен нешінші сыныпта оқисың?
  • Сен неше жастасың?
  • Нешінші партада отырасың?
  • Сыныпта неше оқушы бар?
  • Неше терезе бар?

Оқулықпен жұмыс.

401 – жаттығу.

  • Екі көзің не үшін керек?
  • Жақсыларды көру үшін.
  • Екі қолың не үшін керек?
  • Елге көмек беру үшін.
  • Осы өлеңде қарамен жазылған сөз қайсы? Оған қандай сұрақтар қоямыз? Енді не байқадыңдар? Біз зерттеушілерміз, ал енді кім сан есімнің ережесін айтып береді? (1 – 2 оқушы өз түсінгендері бойынша айтып береді?

Ережемен жұмыс.

  • Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мыс: бес, жеті жүз, екінші, он алтыншы.

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

402 – жаттығу.

Жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап.

Тоғыз белбеу, қос жібек,

  • Екі мұрын, бір шүмек. (домбыра)
  • Енді математикалық ойын – есепті зерттейік.

Табақта 15 алма,

Қолымда 4 алма.

Барлығын қосқанда,

Болады неше алма?

Екеуін бердім апама,

Екеуін алды атам да.

Екеуін бердім әке-шешеме,

Үшеуін алды інім де.

Нешеуі қалды өзімде?

Ішінен сан есімді табу.

Мақал – мәтелдерден сан есімді табу.

  1. Жігітке жетпіс өнер де аз.
  2. Бір күн дәм татқанға – мың күн сәлем.
  3. Мың қосшыға – бір басшы.
  4. Ер қаруы – бес қару.
  5. Елу жылда – ел жаңа.

Мақал – мәтелдерден сан есімдерді табу, мағынасын ашу.

                       IVЖаңа сабақты қорытындылау.

Сұрақ – жауап:

  • Сонымен сан есім дегеніміз не?
  • Қандай сұрақтарға жауап береді екен?
  • Мысал келтірейікші.
  • Кім толық ережесін айтады?

«Жалғастыр» ойыны.

 1 – топ сан есім айтса, 2 – топ зат есім тіркеп айтулары керек.

  • Міне бүгін өзім үшін үлкен жаңалық аштым. Болашақта сіздерден үлкен әріппен жазылатын нағыз зерттеуші шығады деп ойлаймын. Бұл сіздердің бүгінгі сабаққа белсене қатысып, барлық тапсырмаларды өте жақсы орындағандарыңнан көрініп тұр. 
  • Енді мына сыр сандықты ашайық. Мұндағы шарларда әріптер жазылған. Сол әріптерден сөз құрастырайық. («Рақмет!» сөзі )

V. Үйге тапсырма.  404 – жаттығу. Ереже жаттау.

VI. Бағалау. 

Категория: Уроки | Добавил: Kairat (12.02.2015)
Просмотров: 1603 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика