БҚО,Жәнібек ауданы
Жалпы білім беретін Т. Жароков атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Умашева Жанар Булатовна
Түбір мен қосымшаның жазылуы.
(Қазақ тілі пәні) 3 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: түбір мен қосымшаның жазылуы туралы толық теориялық білім
беру. Ойлануға, ізденуге жетелеу.
Дамытушылығы: түбір сөздерге қосымшаның жалғану ерекшеліктерін ашу. Оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: бірінің пікірін бірі тыңдай білуге, әдемі, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада ережелер, тірек схемалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
- Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабағымызда қандай сөздер туралы айттық?
- Қандай тапсырма берілген еді?
4-жаттығу. Сөздерге үлгі бойынша қосымша қосып жазу.
лақ-лағы сеп-себу қап-қауып
өсімдік-өсімдігі кеп-кебу тап-тауып
арғымақ- арғымығы теп-тебу жап-жауып
- Түбір дегеніміз не?
- Түбір сөздерге қосымша жалғанғанда сөздің түбірі өзгере ме? /өзгермейді
- Түбір сөздің соңғы буыны жуан, жіңішке болған кезде қосымша қалай өзгереді?
Слайд №4.
- Түбір сөздерге қосымша жалғанғанда көбінесе сөздің түбірі өзгермейді.
- Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша жуан болады. Мыс: домбыра+лар.
- Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мыс: көше+де
- Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, онда түбірдің соңындағы қ, к, п дыбыстары г, ғ, б (немесе у) дыбыстарына өзгереді. Мыс: күрек-күрегі.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
«Ой қозғау» стратегиясы. Слайд №5
Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. (домбыра)
(Домбыраның шығу тарихын әңгімелеу)
-Дұрыс-ақ, бұл домбыра екен.
-Ендеше, бәріміз 1-жаттығуға көңіл аударайықшы. (1 оқушыға мәнерлеп оқыту.)
1-жаттығу (ауызша, тақтада орындау)
Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып,
дыбыстардың өзгеру себебін дәлелде.
Жібіне, саусағың
(ережені айтып дәлелдеңдер)
Слайд №6
2-жаттығу. (ауызша)
Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Құрастырған сөйлемдегі қосымша жалғанғанда
өзгерген дыбыстары бар сөздерді табу. (ережемен дәлелдеу)
Ұзын мұртты құмырсқа ,
Келе жатты жұмысқа.
Допты алды қолына,
Допты қойды жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады. (қимыл, іс-әрекетиен 2 рет қайталау)
4-жаттығу. (жазбаша)
Жұмбақты оқып, шешуін тап. Қосымша жалғанғанда дыбыстың өзгеріске ұшыраған түбір сөзді тауып жаз
Құшақ-құшағымды
-Бұл не екен?
Шар сөзімен екі сөйлем құрастырайық.
Слайд №7
Үрлесең жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк теңбіл,
Бұлтқа да жетеді. (шар)
5-жаттығу. (жазбаша, тақтада орындау)
Сөйлемдерді оқы. Өзгерген дыбыстары бар түбір сөздерді бір бөлек, туынды сөздерді бір
бөлек жаз:
өзгерген туынды
жүрегін дәрігерге
тәртібі оқушылар
әйнегін батылдығына
етегінде етегінде
батылдығына биіктігі
VI.Сабақты қорытындылау Слайд№8
«Кубизм» стратегиясы.
2.Туынды сөз дегеніміз не?
3.Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз?
4. Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
5.Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
6.Түбір сөзге жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, түбірдің соңындағы дыбыстар қалай өзгереді?
- Бағалау. Мадақтау.
- Үйге тапсырма. 3-жат. 21бет. Ереже жаттау
Сабақтың соңы
|