|
"Өткенді пысықтау" математика пәні 2 сынып
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Калинов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Турлубекова Гульмира Абикеевна Математика 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау Сабақтың мақсаты:әртүрлі үлгідегі есеп түрлерін шешу дағдыларындамыту. Сабақ мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін және есептеу дағдыларын дамыту. Дамытушылық: есептеп шығару арқылы логикалық шығармашылық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік мәні: шапшандық пен тазалық қасиеттерін қалыптастыру. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: есептеу, түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі а) Психологиялықдайындық. Кел балалар ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық. Үй жұмысын тексеру № 6т,73 бет Тірек білімдерін белсендіру. 1. Кестелік қосу және азайту дағдыларын қайталау. «Баспалдақ» ойыны. 2. Математикалық диктант. - 9-ды 3-ке арттыр. - 16 мен 4-тің қосындысын тап. - 36-ны 30-ға кеміт. - Азайғыш 15, азайтқыш 5. Айырманың мәнін тап. - Бос торкөздерді қосындысының мәні шығатындай толтыр. Оқулықпен жұмыс. №2. Тақтада сайыс түрінде.Ең әдемі, ең дұрыс орындаған оқушының жұмысын жазамыз. а) Хайуанаттар бағында пілдерге 15кг картоп берілді, бұл сәбізге қарағанда 7кг артық.Пілдерге неше килограмм сәбіз берілді? Ә) Есептің шартын алдыңғы есепте берілген мәліметпен толықтыру. Хайуанаттар бағында пілдерге ... кг сәбіз және 20кг картоп берілді. Пілдерге барлығы неше килограмм көкөніс берілді? №3.Атауын айтпай-ақ, фигураларды сипаттау.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолымызды жазайық. Қарлығаш боп ұшайық, Орнымызға қонайық. №4.Фигуралардың периметрін табу. 1.Р= 2см+2см+2см+2см 2. Р = 3см+1см+3см+1см Р= 8см7 Р= 8см 3. Р=2см+2см+2см 4. Р= 2см+2см+1см+2см+1см Р= 6см Р= 8см. №5.Тік емес бұрыштарды тап және олардың реттік нөмірлерін жаз.
№2; №3; №5. №6.Кім жылдам? (Эстафеталық жарыс) 30+70-20 = 18-9+30 = 55-5-40 = 30+(70-50) = 60+(14-6)= 97-7-80= №7.Ұзындығы 3см, ені 2см тіктөртбұрыш сыз және периметрін тап. Логикалық тапсырма Әр қатардағы «артық» санды тап.
31 1 63 22 77 88
5 45 85 47 61 2
Қорытынды: - Көпбұрыштың перимертін қалай табамыз? - Шаршының қасиетін ата. - Тіктөртбұрыштың қасиетін ата. Бағалау. Үй тапсырмасы: № 6 т, 74 бет
|
Категория: Уроки | Добавил: Речной1 (19.01.2015)
| Автор: Турлубекова Г.А E
|
Просмотров: 4642
| Рейтинг: 3.0/1 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|