Ахмадиева Алия Сансызбаевна
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Апта Күні Өнеге сағаты
Тақырыбы: Толеранттылық мәдениеті- қоғамның ішкі бірлігі.
Жалпы мақсаты: Толеранттылық туралы түсінік беру. Көпұлтты Қазақстан
Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық
және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып, төзімділікке,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ситуациялық тапсырмалар бере
отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын
кеңейту.
Күтілетін нәтижелер: а) Толеранттылық мәдениеті туралы біледі.
б) Қазақстанда тұратын өзге халықтардың салт- дәстүр
ерекшеліктерін таниды.
в) Діни, мәдени дәстүрлерге баға береді.
Сабақ әдісі: Слайд арқылы түсіндіру, топтық тапсырмалар.
Тапсырмалар: топтық тапсырмалар, диалогтық оқыту.
Керекті жабдықтар: компьютер,проектор,флипчарт,маркер,стикер,тапсырмалар.
Барысы:
Кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеттері
Кіріспе
5 минут Дөңгелене тұрып тілек айту 2 топқа бөлінеді.
Сынып оқушыларын 2 топқа бөлемін. Топтың көшбасшысын анықтайды.
Топ ережесімен таныстыру.
Тұсаукесер
8 минут «Наурыз» және «Масленица» Видеороликке назар аудару,
мерекелері туралы Топта талқылау.
видео-ролик көрсету.
Негізгі бөлім
20 минут Сұрақтар:
1. Бұл екі мереке де Қазақстанда Берілген тапсырма бойынша
тойланады. Бұған келісесің бе? топта жұмыстанады,
2. Бұл мерекелердің ұқсастық жақтары тақырыпты талқылап, әр
бар ма? топтан бір оқушы шығып
3. Масленица мерекесін қазақтар қорғайды.
тойлай ма?
4. Наурыз мерекесін барлық Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Қазақстандықтар тойлауға міндетті ме? білдіру.
Таныстырылым:
1-слайд.
Халықтың достығы мен бірлігі – толерантты қоғамның негізі.
2-слайд.
Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі –Қазақстандағы татулықтың негізі
3-слайд.
Толеранттылық – бұл…
4-слайд.
Әртүрлі мәдениеттегі толеранттылық
5-слайд.
Толеранттылық принциптерінің Декларациясы
6-слайд.
Толеранттылық философиясы
6-слайд.
Толеранттылық мәселелерінің мәдени аспектілері
7-слайд.
Толеранттылықтың қоғамдық өлшемі
8-слайд.
Толеранттылықтың заңнамалық жағы
9-слайд.
Толеранттылық психологиясы
10-слайд.
Толеранттылық педагогикасы
Қорытынды.
Ситуациялық тапсырмалар.
1-ситуациялық жағдай.
Мен қалада тұрамын.Демалыс күні үйде сабаққа дайындалып отыр едім, есіктің қоңырауы соғылды.
Есікті ашсам бір топ бала (ұлты орыс ) Пасха мейрамымен құттықтай келгендіктерін айтты.
Бұл мейрамдағы басты салттың бірі құттықтай келген адамдарға дәм ауыз тигізу еді.
Мысалы әр түске боялған жұмыртқа, тәтті тоқаш т.б.
Бұдан кейінгі менің әрекетім:
• Бұл мейрамды қазақтар арасында тойламайтындығын сыпайы түрде айтып шығарып салар едім.
• Ашуланып, үйден қуып шығар едім.
• Тәтті тағамдар ұсынып, мейрамдарымен құттықтар едім.
Сендер менің орнымда болсаңдар тағы басқа қандай іс-әрекетке барар едіңдер?
2-ситуациялық жағдай.
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Қазақ халқында тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Сен Тибет еліне саяхатқа бардың. Мұндай сәлемдесу рәсіміне қандай жауап қайтарар едің?
Қорытынды
7 минут
Шараның өзіндік талдауы
Тәжіриебелік сабақты талдау
Сабақ бойынша өзгертулер
|