Понедельник, 23.12.2024, 17:16
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Уроки [284]
Статьи [79]
Презентации [11]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Статьи » Материалы педагогов » Уроки

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.»(С)

Курабаева Гульмира Амангельдиновна

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

 Симферополь орта мектебінің

 бастауыш сыным мұғалімі

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.»

                        МАҚСАТЫ:

 1) Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету.

Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.                 

 2) Ата-анаға мейрімді, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға, мектеп мүліктерін сындырмауға баулу.                                                                                                                             3) Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.   КӨРНЕКІЛІКТЕР: Өнегелі сөздер,мақал-мәтел.

Жоспар: тәрбие сағаты 8 бөліммен тұрады.

1-бөлім.Әдеби монтаж.НЕ ДЕУ КЕРЕК?

2-бөлім. Мақал-мәтелдер.

3-бөлім. Сұрақ-жауап.Ізгілік, әдептілік адамгершілік жөнінде.

4-бөлім. Көрініс «Кімнің немересі жақсы?» 0 «А»класс.

5-бөлім. Қазақтың ырымдары. Аулақ  бол жаман әдеттен.

6-бөлім. Тәрбие әлеміне саяхат.

               1.Сіз қонақтасыз.

               2.Телефонмен сөйлесу мәнері.

               3.Көшеде кездескенде.

               4.Қалалық көлікте жүру тәртібі.

7-бөлім. Концертік жоспар.Би-0 «А» класс.

8-бөлім. Ақ баталар.

1.Кіріспе сөз.

Құрметті оқушылар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі болатын 0-3 сынып оқушыларының «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

-Құрметті балалар! Сендер болашақ өмірдің мұрагерісіңдер.Осы тәрбие сағатында сендерді әсемдікке, әдемілікке дағдыландыру, үлкенді сыйлау, кішіге көмек беру, өзін-өзі қалай ұстау керектігі айтылады.Сендер 6 жастан мектепке келген күннен бастап оқушылар ережесімен таныстыңдар және оны орындайсыңдар кейде сол ережені біле тұрсақ та әдепсіздік, тәртіпсіздік жасайтын оқушылар арамызда кездесіп қалады. Сондай тәртіпсіздікті, әдепсіздікті болдырмау үшін біз  кез келген жерде болсақ та қандай болуымыз керек?

1-бөлім.Әдеби монтаж. НЕ ДЕУ КЕРЕК?

 Татенова:

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенің, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек? «Рахмет!»

                

 Қалымбек:   Естіледі шу-айқай

                                          Сенде шықтың көршіңді,

                                          Қағып кеттің байқамай.

                                          Мұндайда не деу керек?

                                          «Кешіріңіз!» деу керек.

Қиянбек:

Осы келген бетінде

Допты құдың жарыстың

Көшенің сол шетінде

Кезекті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді?

«Сәлеметсің бе» деу керек.

                     Үй артында қоқысты

                     Жатқан көптен үйіліп,

                     Тазалайды қарт кісі

                     Белі зорға иіліп

                     Не дегенің жөн еді?

(Барлығы: «Көмектесейін» -деу керек.)

ХОР -0 «А»:  Оқулықты мектебін,

                        Берер саған теп-тегін,

                        Білмейсің –ау сен бірақ,

                        Қаншама еңбек кеткенін.

                        Оқулықты құрметте,

                        Күтіп ұста,кірлетпе.

                        Кішілерге табыс ет,

                        Дақ түсірмей бір бет.

 

Ортаға екі оқушы шығады, біреу-салақ (Мадина),біреу-жақсы(Меруерт).

Мұғалім:

-Күнделікті өмірде кездесетін қандай заттарға ұқыпты қарауымыз керек?

[ Оқу құралдарына, киімдерімізге, мектеп мүліктеріне, ас атасына ұқыптылықпен қарауымыз керек.]

Мадина 3кл.:

«Бөпеме жақсы қарар ем,                        Сиырды өзім сауар ем,

Жыламаса ғой «өкіріп».                          Теппесе мені мөңіреп.

Мектепке күнде барар ем,                       Отынды да жарар ем,

Қоймаса егер екілік.                                 Болмаса ойын көбірек».

Меруерт 3 кл.:

Өлеңін өстіп айтады,

Жалқаулық басқан Мадина.

 

 

Апайым басын шайқады,

«Қандай бұл адам болар?» деп.

Мұғалім:Жұмсағанға бармайтын,айтқан тілді алмайтын, сондайды «Тілазар» деп атайды.

Өлең өстіп айтатын балаға ұқсауға болама?

[Жоқ, себебі жалқау, тілазарлы болмау керек.Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қажет.]                

Жалқаулыққа жол бермеу керек!

2-бөлім. Мақал-мәтелдер.

Карина:

  1.  Сыйламаған жолдасын,

     Сыйлай да алмас өз басын.

Бахтияр:

  1.  Өнерлі бала-сүйкімді,

     Жақсы бала сүйкті.

Алдияр:

  1. Ақылды аңдап сөйлер,

Әр сөзін таңдап сөйлер.

Әділхан:

  1. Өнерлі адам өрге озар,

Өнерсіз адам жер соғар.

Алдияр:

  1. Біліп тұрсаң да сұрап ал.

Асылхан:

  1. Көп біл, аз сөйле.

Мұғалім:

Тәрбие сағатымыздың тақырыбы-«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» деген мақалға қалай жауап берер едіңдер?

[Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен.Үйренеміз жақсы мінез әдеппен!]

3-бөлім. Ізгілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ-жауап.

Мұғалім:

                Сыйлап үлкен ағаны

                Сәлем берген баланы

                Кім дейміз?

( Әдепті екен бұл дейміз!)

                 Кітап, дәптер, қаламы

                 Кір шалмаған баланы

                 Кім дейміз?

( Ұқыпты екен бұл дейміз!)

                  Таудай биік талабы

                  Жақсы оқитын баланы

                  Кім дейміз?

 

5-бөлім. Қазақтың ырымдары.Аулақ  бол жаман әдеттен.

            Алдияр:    1.Бүйріңді таянба!

              Карина:  2.Жалғыз ағашты кеспе!

             Арман:    3.Үйді айналып жүгірме!

             Әділхан:  4.Отты шашпа!

              Асылхан:5.Күлді баспа!

              Мадина:  6.Үлкеннің алдын кеспе!

3 класс:

1) Есікке керілме.Себебі, Бұл әрекет жаман ырымға жатады.

2) Бүйріңді таянба. Таяққа сүйінбе- бұлар жаман әдет.Ертеде кісісі өлген үйдің әр адамдары таяққа сүйеніп тұрған, ал әйел адамдары екі қолымен бүйірін таянып, жоқтау айтып, жылаған. Ендеше, бұл әдетті жасамау керек, бұл- қайғы шақыру болып табылады екен.

3) Батар күнмен таласып ұйықтама-бұл өмірден үміті жоқ адамның ісі.

4)Үйге қарай жүгірме. Үйді айналып жүгірме. Себебі, тосын жағдай болғанда, жаман хабар жеткізірде үйге қарай жүгірген.

5) Отқа түкірме, су құйма.Себебі, от-өмір, тіршілік көзі саналған.

 

6-бөлім.Тәрбие әлеміне саяхат.

               1. Сіз қонақтасыз.

Алдияр:-Үйге келген кісі шанраққа сәлем беріп кіреді. Үй иесі сәлемін алып, жасы кіші болса, қайта сәлем беріп, «Хош келдіңіз», «Төрге шығыңыз» деп ілтипат көрсетеді.

К.Мадина:-Ас үстіне келгендер «ас тәтті (дәмді) болсын» дейді.

              2.Телефонмен сөйлесу мәнері.Телефонмен қалай сөйлесу                              керектігі жайлы айтылады.

               3.Көшеде кездескенде.

К.Мадина:-Тәңертеңгілік немесе таң атып келе жатқанда кездескен адамдар « Қайырлы таң болсын» деп тілектестік білдіреді.Амандасады.

Мұғалім:

-Балалар,енді сендерге мен мынандай жұмбақ-әңгіме оқып берейін, шешуін кім табар екен.

«Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатыр. Ол әбден қартайып кеткен.Бір бала оған қарсы келе жатты. Әлгі бала қартқа жақындағанда оған жол берді. Үлкен адам алғыс айтты.»

-Балалар, әлгі бала қандай сөз айтты?

[Сәлеметсіз бе, ата, өтіңіз,-деді.]

           4.Қалалық көлікте жүру тәртібі

Ақжол.

 

 

 

 

 

7- бөлім. Концерттік :1.Би-0«А» класс.

 

2. Балардың әні «Әжелер-немерелер туралы.»

-Бізге қонаққа әжелер келеді. Қарсы алайық.(Үстеріне көйлек киіп, басына орамал байлап, сөмке көтерген төрт ер бала келеді ).

Бахтияр мен Алдияр:

  Келіннен қорқып саспайық,

  Келіңдер, өсек бастайық.

  Немеренің әр түрлі,

  Қылығын айтып тастайық.

Қайырмасы:

Ойбай, белім-ай,

Қайда кетті келін-ай }2 рет.

Бахтияр:

Немерем менің блатной,

Күндіз тыным таппайды.

«Дивиди көру керек»,-деп,

Түнгі ұйқыға жатпайды.

 

                         Қайырмасы:

            Ойбай, сұмдық-ай,

            Ұят екен масқара-ай!

Алдияр:

Немерем менің теңгеге,

Үйір болып алыпты.

Жүз теңгені сағызға,

Аямай бере салыпты.

                             Қайырмасы:

             Ойбай, сұмдық-ай,

             Ұят екен масқара-ай!

Әділхан:

Немерем менің ән салса,

Махаббат деп айтады.

«Қызын бар ма?»-деп едім,

«Жоқ!» - деп басын шайқайды,

                             Қайырмасы:

             Ойбай, сұмдық-ай,

             Ұят екен масқара-ай!

Әділхан:

Келіндер келіпті қапты ғой,

Біз де үйге кетейік.

Немере шіркін тәтті ғой,

Барына шүкір етейік.

                              (Ж..Қалжанова.)

 

 

Қорытынды.

Сиқырлы сөздерді атаңдар:

Рахмет, Кешіріңіз, Рақым етіңіз, Қайырлы күн, Сәлеметсіз бе, Сау болыңыз.

 

     8-бөлім. Ақ баталар.

Баталар екі жасқа, дастарқанға, асқа, шілдеханаға айтылады.

                       Әумин!Десең маған

       Камила: Құдай берсін саған!

                       Оң жағыңа қарасаң

                      Алтыннан терең орнасан

                      Сол жағыңа қарасаң

                     Күмістен терең орнасан

                      Еш жамандық бермесін

                     Әумин!

               

                    Әділхан:  Адамныңжаласынан

                                      Бұлттың аласынан

                                      Көрінер-көрінбес

                                      Мың да бір бәлесінен

                                      Патша құдайым өзі сақтасын.

                                      Әумин!

 

 

Мадина 0 класс:

Астарың көп болсын!

Тамақтарың тоқ болсың!

Бәрімізге дарысын Қыдыр ата,

Қыдыр қиялсын,

Періште ұяласың,

Осы отырған бәрімізге

Бармақтай бақ берсін.

Әумин!

 

Құрметті тыңдарман қауым! Осымен сіздерге арналған «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

                              

Категория: Уроки | Добавил: Kairat (27.01.2015)
Просмотров: 2560 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика