Вторник, 30.04.2024, 01:35
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 947
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Доклады

Инновациялық іс-әрекет
[ Скачать с сервера (49.5 Kb) ] 19.01.2013, 14:09
Ардак Сыздыкова
Инновациялық іс-әрекет

Инновациялық іс-әрекетті зерттеген ғалымдардың пікірлерін бір жүйеге келтіре отырып, біз мынадай қорытыңдыға келдік. Инновациялық іс-әрекет дегеніміз, мұғалімнің жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие үрдісіне өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім дәрежесінде байланысты енгізуін айтамыз.
Инновациялық іс-әрекет жүзеге асыру іс-әрекетінің реті-жаңа білім беру бағдарламаларынан, әдіс-тәсілдерімен танысып, талдау;
* оларды өз жұмысында қолдану туралы шешім қабылдау;
*жаңашыл әдіс-тәсілдерді өз еңбегінде қолдану мақсаттарын белгілеу; *эксперименталды жұмыстың кезендерін жоспарлау;
*болашақ қиыншылықтарды болжау;
*жаңашыл әдіс-тәсілдерді, идеяларды педагогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс-әрекеттің нәтижесін қорытыңдылап, бағалау, талдау.
Бұл ғалымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктеліп көрсетілген: операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі қарым –қатынас құруға қажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады. И. Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.М.Мищенконың зерттеулерінде инновациялық іс-әрекетті құрылымында іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешуге дайын болу қасиетімен де тығыз байланысты.
Ал іс-әрекеттің «негізгі құрастырушы» ретінде Б.Ф. Ломов мыналарды бөліп көрсетеді: мотивті, мақатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматты, өңдеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс- әрекеттерді, қорытындыны тексеру және әрекеттерді түзету.
Жалпы іс- әрекеттің осы құралы бастауыш сынып мұғалімдердің инновациялық іс- әрекетіне тән. Мұғалімнің инновациялық іс- әрекеттінің диагностикасында ескерілетін бірнеше ережелер қатары бар:
1. Өз қызыметін және әріптестерінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай тиімділігін бірізді талаптар бойынша жан- жақты бағалауға үйрету.
2. Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрету маңызды.
3. Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және басқаға талап қоя білуге үйрету.
4. Мұғалімдердің инновациялық қызметін бағалауға белгілеріне сүйеніп, педагогикалық қызметті сараптау бағалауға тарту.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады.
Шынында бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
Педагогикалық жаңалық-жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Осыған байланысты педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды ерекше атап өту қажет. Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін ашу жаңалықтарды іске асырушы адамдарсыз мәнсіз болып табылады. Педагог-новатор нақты жаңалықты жүзеге асырушы сонымен бірге, жаңалықты жасаушы немесе үлгісін көрсетуші.Педагог-инноватор - субьект, үнемі инновацияны жасаушы, өз іс-әрекетін өзгертуге, жетілдіруге ұмтылушы. Инновациялық іс-әрекет субьектісінің басты мінездемесі-саналы түрде әрекет ете білу (өз инициативасының субъективті мүмкіндіктерімен қоғамдық тәжірибеге енгізу негіздерін өз әрекетінде көрсете білуі).
Инновацияның даму заңдылықтары білім берудегі дәстүрлі көзқарастан бас тартудан пайда болады. Прогрессивті идеялардың көпшілігі педагогикалық инновацияны белгілі дәрежеде тереңдетіп, енгізе алады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің кеңейтілген құрылымын М.Ф. Харламов береді.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе генезисін әр кезеңдердің бірлігіне байланысты сипаттайды:
1 кезең - педагогикалық іскерлік (теориялық, практикалық даярлығы);
2 кезең - педагогикалық шеберлік (мұғалімнің гуманистік бағыты, педагогикалық қабілеттері, педагогикалық техникасы);
3 кезең - педагогикалық шығармашылық (оқу-тәрбие жұмысының тәсілінің түр өзгерісі, олардың модернизациясы);
4 кезең - новаторлық кезеңі (оқыту процесіндегі жаңа прогрессивті идеяларды ұсыну мен жүзеге асыру).
М.Ф. Харламов педагогикалық шығармашылық пен новаторлық түсініктерінің ерекшеліктерін саралап көрсетеді [2, 54 б.].
Инновацияның педагогика ғылымында дамуы, ғалымдардың айтуы бойынша, диалектикалық процесс. Оның дамуы басқа ғылымдармен тығыз байланыса отырып, мынандай өзгерістерге ұшырайды:
- кез-келген жаңалық, қоғамдық сұранысты өтегеннен кейін үйреншікті нәрсеге айналады;
- инновациялық процесс кезеңдеріне сәйкес инновациялық іс-әрекет;
- шығармашылық қабілет негізінде қаралатын репродуктивті, продуктивті қызметтердің диалектикалық бірлігі болып табылады;
- инновацияның дамуы бірқатар негізгі және қосалқы қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталады.
Бұлардың біреуі әрі қарай тереңдетілуі, біреуі алынып тасталуы мүмкін жаңалықтарды іске асыруда инновация мәселесінінің жаңа қырлары ашылады да, инновация потенциалын жаңалықтарды енгізуде әр түрлі бағыттағы қажеттіліктерді толық қанағаттандырады.
Ғылыми талдаулар негізінде жасалған жалпы жаңалықтардың топтамасы төмендегідей:
- жаңалықтар: а) мүлде жаңа, бұрыннан белгісіз педагогикалық идеялар мен әрекеттер; ә) белгілі ортада көкейтесті мәселелерді шешетін, белгілі уақыт көлемінде білім беруді дамытатын, сыннан өткен, кеңейтілген немесе қайта өңделген идеялар мен әрекеттер; б) қайта өңделген (реадаптацияланған) педагогикалық жаңалықтар, яғни өзгерген жағдайларда бұрыннан белгілі идеялар мен әрекеттерді қайталау;
- радикалды: а) дәстүрлі бағдарларды жетілдіруші және дамытушы; ә) оларды модификациялау; б) жаңа бағыт ашушы;
- көлемді: жалпы, түбегейлі: білім беру жүйесін реформалау, жаңа білім стандартын енгізу; жаңа педагогикалық ашылымдар т.с.с., кіші, аз көлемді: жекелеген оқу орындарындағы өзгерістер, оқу пәндеріндегі мазмұндық немесе технологиялық өзгерістер, оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық жаңалықтар;
- шығу тәсіліне байланысты және іске асу жолдары:
а) ұйымдастырылған арнайы жоспарланған, алдын-ала ойластырылған, мектеп немесе білім беру мекемесі ұсынған сыртқы ортадан келген жаңалықтар; ә) аяқ-асты пайда болған жаңалықтар, шығармашылықпен айналысушы ұстаздардың жұмысында пайда болған ішкі жаңалықтар;
- шығуы мен қолданылуы: білім беру мазмұнында (оқу бағдарламалары мен жоспарларындағы өзгерістер, жаңа оқу пәнін енгізу, кіріктірілген пәндер енгізу) оқу пәндері мазмұнындағы өзгерістер, оқыту әдістеріндегі және технологиялық жаңалықтар;
- мұғалімнің іс-әрекетінің тәсіліне байланысты: тәсілдері, техникасы, технологиясы (мысалы: сыныптан тыс жұмыстар) әдістемесі (мысалы: тәрбиелеу);
ұйымдастыру түріне жеке жұмыстар,сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлерінің жаңа кешені мен жүйесі
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.Қоғамның дарында адамдарға деген қажетін қанағаттандары талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Қазіргі жағдайда инновациялық процестер, жылдам басқару мәселесі педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйіні болып табылады.
Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына көлемді практикалық және теориялық материалды қосуды талап етеді. Алайда, мектепте жоғары оқу орнында оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман талабынан шығатын маманды дайындауға жеткілікті білімді саралауды таңдап алу мәселесі көтерілуде.
Инновациялық процестерді олардың дамуындағы тенденциялары мен қайшылықтарды аша отырып талдау қажет.
Инновациялық процестер - бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады.
Категория: Доклады | Добавил: Kairat
Просмотров: 10473 | Загрузок: 635 | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика