Мугжанова Гульбаршин Сабикеновна учитель математики в казахских классах школы-гимназии №8 города Щучинска Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі және оларды шешу тәсілдері Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың теңдеулер жүйесі тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтап,жүйелеу, теңдеулер жүйесін шеше білу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық:шығармашылық топ құра отырып, оқушылардың білім деңгейінің артуына көңіл бөлу. Теңдеулер жүйелері жөнінде нақты тарихи мағлұматтар берумен толықтыру. Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға, өз жетістігін бағалай білуге дағдыландыру, ойлау, танымдық қабілеттерін, логикалық сауаттылығын, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйым-шылдыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу. ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, сөйлеу мәдениетіне көңіл аудару. Сабақтың типі: Қайталау және жүйелеу сабағы. Әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс. Көрнекіліктері: семантикалық карта, интербелсенді тақта, бағалау парағы, таратпа қағаз, флипчарт,тест тапсырмалары. Сабақтың әдісі:деңгейлік тапсырма, топтық жұмыс, тест есептер,флипчартпен жұмыс. Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі. топтарға бөліну. кезеңнен тұратын тапсырмалар. есептер шығару. тест сабақты қорытындылау. оқушыларды бағалау. І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау. Далее - в архиве...
|