|
Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
[ Скачать с сервера (63.0 Kb)
]
| 11.02.2014, 22:03 |
№ 101 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Ақбаева Гүлсім Жетербайқызы 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері Сабақтың мақсаты : а) білімділік: оқушыларды үш таңбалы санға бөлудің жаңа түрімен және оны шығару амалдарымен таныстыру; әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру; математикалық терминдерді орынды пайдалана білуге үйрету. ә) дамытушылық :оқушылардың логикалық ойлау , танымдық қабілетін дамыту, белсенділігін , зейінділігін арттыру, математикаға деген қызығушылықтарын ояту. б) тәрбиелік : оқушыларды ұқыптылыққа , шапшаңдылыққа ,тазалыққа , жігерлікке , еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі : жаңа сабақ Сабақтың түрі : жарыс сабақ Сабақтың әдісі : түсіндіру, сұрақ-жауап ,топтық ,өзіндік жұмыс Сабақтың көрнекілігі : Астана қаласының кешендерінің суреттері , өлшем бірліктер , сөзжұмбақ ,кесте , бағалау парақшалары Сабақтың басқа пәнмен байланысы: дүниетану ,әдебиеттік оқу Сабақтың барысы : І .Ұйымдастыру кезеңі :оқушылар назарын сабаққа аудару , оқу құралдарын қадағалау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру : 4-тапсырма :
Граммен өрнекте: 6 кг = г 147 кг = г 5 кг 2 г = г 5 кг 458 г = г 7 кг 4 г = г 9 кг 678 г = г 6-есеп : Теңдеу құру арқылы шығар: Берілгені : а =14 дм , S = 126 дм , в =? дм 14 х в = 126 в = 126 : 14 в = 9 Тексеру : 14 х 9 = 126 126 = 126 Белгісіз көбейткішті қалай таптың ? Көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлдім.Ал , тіктөртбұрыштың белгісіз енін қалай табамыз ? Тікбөртбұрыштың ауданын ұзындыққа бөлеміз . ІІІ. Үй тапсырмасын бағалау. ІV. Жаңа сабақ : 1. Кіріспе бөлім : Бүгін санды үш таңбалы санға бөлудің жазбаша тәсілдері мен әртүрлі есептерді шығаруды үйренеміз. Ол үшін сыныпты үш топқа бөлеміз. І топ : « Болашақ» ІІ топ « Достық» ІІІ топ « Бірлік» Әр топ өздеріне берілген есептерді жылдам , дұрыс әрі тез орындау керек. Сабағымызды атақты орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың : « Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін - математика , сондықтан да оны оқу керек» деген сөзімен бастағым келеді. 2.Негізгі бөлім : 1 – тапсырма ( ауызша). Есептемей салыстыру: І топ : ІІ топ : ІІІ топ: 4 219 х 26 * 26 х 4 219 60 х 523 * 670 х 523 3 700 х 540 * 540 х 3 600 4 200 : 70 * 4 200 х 2 5 480 : 2 * 5 480 : 20 2 800 х 38 * 28 х 21 800 2 –тапсырма : а) Бөлінгіш : 1 072 Бөлгіш : 134 Бөліндінің мәні : ? Түсіндіру : 1 072 – ні 134 –ке бөлу керек. Ол үшін 1 072-ні 10-ге бөлемін , 10 шығады. 10 саны бөліндінің мәні болмайды , себебі разрядтағы ең үлкен бірлік – 9 саны.Яғни 9-ды аламын. Тексеремін : 134-ті 9-ға көбейтемін. 1 206 саны шығады. Бұл 1 072-ге қарағанда үлкен , сондықтан бөліндінің мәнінде 9-дан кіші сан болу керек. 8 санын алып көремін.Тексеремін : 134 х 8 =1 072.Бөліндінің мәні 8-ге тең. Бөлінгіш : 1 072 Бөлгіш : 134 Бөліндінің мәні : 8 ә) Есептеп дұрыстығын тексер : І топ ІІ топ ІІІ топ 1 206 : 134 = 1 188 : 132 = 2 528 : 316 = 1 960 : 245 = 2 097 : 233 = 1 107 : 123 = 3 – тапсырма : Өрнектердің мәнін табу : Атақты неміс математигі Карл Фридрих Гаусс : «Математика бар ғылымның патшасы , арифметика – математика патшасы» дегендей амалдардың орындалу ретімен дұрыс шығарады деп сенемін. І топ : ІІ топ : ( 13 968 – 9 756) : 234 = 7 791 : ( 10 000 – 9 629) = ІІІ топ : 15 953 : 53 + 29 080 х 18 – 490 076 = Сергіту сәті : Адымдаймыз , адымдаймыз, Қолды биік көтереміз Басымызды түзу ұстап Баяу терең дем аламыз.
І топ : 4 – есеп : Әртүрлі тәсілмен шығару : Ш : 1 қ. ж. – 67 ( л) су І – с. – 19 ( қ) ІІ – с. – 35 ( қ) Ш : 1- тәсіл : 67 х 19 + 67 х 35 = 3 618( л) су 2 – тәсіл : ( 19 + 35) х 67 = 3 618 ( л) су Ж : Барлығы : 3 618 ( л) су Ауызша тест : 1) Ең жас қала ? - Астана қаласы 2) Астананың символы не ? – Бәйтерек 3) Қай жылы Астана болды ? – 1998 жылы 6 мамырда 4) Астанада қандай кешендер бар ? - Ақ орда , Н.Ә.Назарбаев универсиеті , Хан шатыры , Думан , Бәйтерек , Бейбітшілік және келісім сарайы т. б. Келесі есептер Астананың екі кешеніне байланысты.Бірінші Бәйтерек кешені - ол Астананың символы , қаланың дәл ортасына орналастырылған. Қаланың қай шетіне барсаң да Бәйтерек көзге түседі.Бәйтеректің қай жылы салынғаны мен биіктігін есепті шығару арқылы білеміз. ІІ топ : 6 – есеп : а) Радиус деген не ? – Шеңберден центрге дейін жүргізілген кесінді. Диаметр деген не ? – Шеңбердің центрі арқылы өтетін екі нүктені қосатын кесінді. D = 22 м . R = ? м R = D : 2 R = 22 м : 2 = 11 м = 1 100 см = 11 000 мм
Қосымша сұрақтар: Қазақтың халқының байырғы қандай өлшем бірліктерін білесің ? Азық- түлікке қатысты : 1 асым, 1 уыс , 1 шөкім , 1 шымшым. Саусақпен өлшенетін өлшемдер : 1 елі , 1 тұтам , 1 сүйем , 1 қарыс. ІІІ топ : Пирамида пішінінде салынған Бейбітшілік пен келісім сарайы 7 қабаттан тұрады . Бірінші қабатынан жетінші қабатына дейінгі баспалдақ жиегінде 120 түрлі гүлдермен безендірген.Соңғы 6-шы және 7-ші қабаттары әйнектен салынған , онда бейбітшіліктің символы ақ көгершіндердің суреттері бейнеленген.Ол кешеннің биіктігін білу үшін , мына есепті шығарайық. ә) Һ ( П) = 62 м =620 дм Һ (Б) = ? 350 дм > Һ = 620 дм + 350 дм =970 дм =97 м Һ ( Б ) =97 м Сұрақ: биіктігі неге 97 м ? Жауабы : себебі 1997 жылы салынған. Қосымша сұрақтар: Қазақ халқының байырғы қандай өлшем бірліктерін білесің ? Қолмен өлшейтін өлшем бірліктер : білем , шынтақ , құлаш , кере құлаш. Ауырлық өлшемдері : мысқал ( 5 г) , қадақ ( 400 г) , пұт ( 16 кг) ,қап ( 4 пұт 64 кг) 7 – тапсырма : Өзіндік жұмыс « Құрастыр» Бір- бірін бағалау. « Математиктердің өзіне тән тілі бар , ол формула» деп орыс математигі Софья Васильевна Ковалевская айтқандай формулалар арқылы кестемен жұмыс жасаймыз. Тіктөртбұрыштың ені 17 м 36 см ? дм 18 мм ? см Тіктөртбұрыштың ұзындығы 18 м ? см 26 дм ? 17 мм > 15 см Периметрі ? м 158 см ? дм ? мм 48 см Ауданы ? м ? см 624 дм ? мм ? см
3 .Қорытынды бөлім : Сөзжұмбақ « Рахмет» Р - 1. Бәйтеректің биіктігі қанша метр ( см. өрнекте) 97 м =9700 см А – 2. Негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен қанша метр және сантиметрге орналасқан ? ( см. өрнекте) 4 м 80 см =480 см Х - 3. Алтын шардың өзі қанша метр және сантиметр ? ( см.өрнекте) 76 м 90 см =7690 см М – 4. Астана қаласында электр желілері қанша километр ?( метрмен өрнекте ) 180 км =180 000 м Е – 5. Су құбыры қанша километр ?( метрмен өрнекте) 62 км =62 000 м Т – 6. Телефон сымдары қанша километрге тартылды ?( метрмен өрнекте) 50 км = 50 000 м Атақты орыс математигі Николай Иванович Лобачевскийді 3 нәрсе данышпандыққа жеткізді , олар : дарын , жігер және еңбек. Сендерде осындай данышпандыққа жетеді деп мынадай тілектермен бағалаймын. Әр оқушыға тілек жазылған гүлдер ұсынамын. V. Үйге тапсырма : 5-есеп , 8-тапсырма ,52 бет
|
Категория: Физика и математика | Добавил: Kairat
|
Просмотров: 4605 | Загрузок: 196
| Рейтинг: 5.0/1 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|