Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы
№101 орта мектеп мұғалімі
Мангулова Гүлнұр Қожантайқызы
Пәні: Математика
Сыныбы: 5 «В»
Сабақтың тақырыбы: Ең кіші
ортақ еселік тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың білімділік мақсаты:
Оқушылардың ЕКОЕ тақырыбына есептер шығарту барысында білімдерін
тиянақтау, тереңдету және бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушыларға өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен
ұйымдасып жұмыс істеуі, өзін-өзі басқаруына ықпал ету.
Сабақтың көрнекілігі: Тест
тапсырмасы, Жаттығулар, сабақ құрылысы «Жүйелі білім» жедел пойызының жол
схемасы, есеп, плакаттар, мәдени мұра буклеті т.б.
Сабақтың типі: Бекіту
сабағы
Сабақтың түрі: Жарыс
түріндегі саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп
оқыту.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, жаратылыстану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. (Оқушылармен
амандасу, түгелдеу, тақтаны борды дайындау, сыныптағы оқушыларды А, В,С
топтарына бөліп, «Жүйелі білім» жедел пойыздарына мінгізіп көне Жаркент қазіргі
Қазалы ауданынан қасиетті Түркістан шаһарына қарай саяхат жасау. Ондағы Ахмет
Иассауи кесенесіне барып Тайқазаннан өз үлестерін алып қайту. Қай пойыз бірінші
мәреге жетеді, сол топ жеңіске жетеді)
II.
Үй
тапсырмасын сұрау. №326, 327
№ 326 Өрнекті ықшамда:
А) 12*6х-50х+45+18х-19=40x+26
Б) 95х+14х-55+87=54х+87
В)
246:41+35х+246-8*3х-77=11х+175
Г)
65х:5+46х+35-35х-29=24х+6
№ 327 Ең кіші ортақ
еселікті тап:
А) 32*5 және
2*3*52
ЕКОЕ (45,150) =2*3*52*3=450
Б) 22*32*5 және 2*52
ЕКОЕ (180,50) =22*32*55=900
В) 23*3 және 2*32*7
ЕКОЕ (24,126) =2*32*7*2*2=23*32*7=504
Г) 2*3*5; 22*5 және 22*32
ЕКОЕ (30,20,36) =22*32*5=180
Д) 2*3; 22*3 және 22*3*11
ЕКОЕ (6,12,132) =22*3*11=132
Е) 2*3*52; 5*7 және 3*5*7
ЕКОЕ (150,35,105) = 2*3*52*7=1050
Жауап берген оқушыларға қосымша сұрақтар
қойылады.
1.
Натурал сан дегеніміз не?
2.
Санды өрнек дегеніміз не?
3.
Әріпті өрнек дегеніміз не?
4.
Теңдеу
5.
Құрама сан
6.
Жай сан
7.
ЕҮОБ
8.
ЕКОЕ
9.
Формулалар
10.
2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін санда
III. Өткен сабақты пысықтау.
ЕКОЕ тақырыбын оқушыларға
ережесімен қайталап естеріне түсіру.
I. БЕКЕТ. Қазалыдағы көне Жанкент
қаласы
Тест тапсырмалары таратылады.
1. Сандардың ЕКОЕ
тап: 2 және 5
А) 2 В) 5 С) 10 Д)
12
2. 12 мен 35
сандарының ЕҮОБ тап:
А)
5 В) 12 С) 35 Д) 1
3. Өзара жай
сандарды тап:
А)
5 пен 7 В) 6 мен 24 С) 7 мен 14 Д) 20 мен 10
4. Ең кіші жай сан:
А) 2 В) 3 С)
сол санның өзі Д) 10
5. Екі санның ЕКОЕ
А) Сол
сандардың қосындысына
В) Сол сандардың көбейтіндісіне
С) Сол сандардың бөліндісіне
Д) Сол санның айырымына тең
II. БЕКЕТ. Қармақшы ауданындағы Қорқыт
ата ескерткіші
А-деңгейінің есептері. №324 есеп
1) 16 мен 20 16=2*2*2*2 20=2*2*5
ЕКОЕ (16,20) = 2*2*5*2*2=80
2) 60 пен 15 60=2*2*3*5 15=3*5
ЕКОЕ (60,15) =60
3) 5 пен 11
ЕКОЕ (5,11) = 55
4) 6 мен 13 6=2*3
ЕКОЕ (6,13) = 13*2*3=78
5) 2 мен 7
ЕКОЕ (2,7) = 14
6) 19 бен 57
ЕКОЕ (19,57) = 57
III. БЕКЕТ. Шиелідегі Оқшы ата мазары
В-деңгейінің есептері. №329 есеп (мәселе
есеп)
Велосипедтің
үлкен шестернясының 54 тісі бар, ал кіші шестернясының 24 тісі бар. Шестернялар
алғашқы қалпына келу үшін үлкен шестерня ең аз дегенде неше айналым жасайды?
ШЕШУІ:
ЕКОЕ (54,24) = 23*32=216
216/54=4
Ж: 4 айналым
№330.
Ені 5см, ұзындығы 1дм 7см
қорапшаларды орналастыру үшін табаны квадрат пішінді жәшіктер дайындалды.
Жәшіктің табан қабырғасы ең кем дегенде неше см болуы керек?
ШЕШУІ:
ЕКОЕ (5,17) = 85
Ж: 85
№331.
Әлияның
қадамының ұзындығы 40см, ал Мәншүктің қадамының ұзындығы 60см. Әлия неше қадам
жасағанда олардың толық қадамдары ең алғаш рет сәйкес келіп теңеседі?
ШЕШУІ:
ЕКОЕ (40,60) = 120
120/40=3
120/60=2
IV. БЕКЕТ. Түркістандағы Қожа Ахмет
Иассауи кесенесі
№334
С деңгейінің есебі
1. 22*3
және 23*32*5
ЕКОЕ (12,360) =360
2. 2*3*11 және 32*11
ЕКОЕ (66,99) = 32*11*2=198
3. 2*3, 22*3*7
және 3*5
ЕКОЕ (6,84,15) = 22*3*7*5=420
Сергіту
тәсілі: «Еселік» ойыны
ойналады.
Оқушыларды бағалау: Топ басшыларының бағалау парағымен бағалаймын.
Жеңген топ басшысы Тайқазандағы бізді асықтырған өнегелі сөзді оқып, сол топ
бүгінгі жеңіске жетеді.
Үйге тапсырма: №333, 338
Қорытындылау: Не білемін? Не
білдім? Не білгім келеді?
|