Воскресенье, 22.12.2024, 04:55
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Профессия учителя-это
Всего ответов: 423
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Физика и математика

Сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуі (С)
[ Скачать с сервера (1.25 Mb) ] 14.03.2015, 06:57

Қорғанбаева Бақытгүл Ерланқызы
Математика пәнінің мұғалімі
Бексейіт орта мектебі
Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Бексейіт ауылы
Тақырыбы: Сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуі

Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуі
Сабақтың мақсаты: Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, қиылысуы мен бірігуін белгілеп жаза білуді үйрену.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуін анықтай алады. Оларды сан аралығымен көрсетіп, белгілеп жаза біледі.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, домбыра аспабы, шардағы тапсырмалар, кеспелер.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жұппен жұмыс, оқулықпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (көңіл- күй)
I. Қызығушылығын ояту. Үнтаспадан күй тыңдау. (А.Еңсеповтың күйі)
-Балалар, не тыңдадыңдар? (күй)
-Күй қандай аспапта орындалды? (домбыра)
-Домбыра туралы не білесіңдер? (оқушылар домбыра туралы өз білетіндерін айтады)
-Иә, домбыра біздің халқымыздың ұлттық музыкалық аспабы. Біздің халқымыз оны қазақтың қасиетті қара домбырасы дейді. Біздің мектебімізде де домбыра үйірмесі бар. Бүгінгі сабағымызда біз есептер шығара отырып, осы домбыраның құрылысына көңіл аударамыз. Қазір біз өзімізді домбыра жасайтын шеберханадамыз деп есептейік. Ал біз шеберлерміз. Домбыра жасау үшін ең бірінші оның қандай бөліктерден тұратынын білуіміз керек.
Домбыраның құрылысы.
Домбыраның төменгі жағын шанағы дейді, бетін қақпақ,ал қақпақтың бетінде дыбыс шығатын тесігі болады. Ұзына бойына пернемен бөліктерге бөліп қойған, бұны мойны деп атайды. Екі басындағы шекті ұстап тұрған құлағы мен шек қақпаққа тиіп тұрмау үшін көтеріп тұратын тиектері болады.

-Енді домбыра жасаудың алдында біз шеберханада дайындық жұмысын жүргізуіміз керек. Жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындайық. Ол үшін біз өткен тақырыпты еске түсірейік.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй жұмысын тексеру
Сәйкестендіру, сұрақ-жауап. Слайд
Міне, балалар, біз өткен тақырыпты қайталадық, яғни біздің қажетті құрал-жабдықтарымыз дайын деген сөз. Ендеше домбыраның негізгі бөлігі шанағын істеуге кірісейік. Домбыраның шанағын істеу барысындабіз бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымызды қарастырамыз. (сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау)
«Миға шабуыл»
және теңсіздіктеріндегі х-тің мәндерін табыңдар.
III. Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сан аралықтарының қиылысуы. [-2;4] және [1;6] сан аралықтарының қиылысуы - [1;4]. Бұл олардың ортақ сан аралығы.
Белгіленуі: [-2;4] [1;6]=[1;4]
Сан аралықтарының қиылыcпайтын болуы.
[-4;1] және [3;7] сан аралықтары қиылыспайды немесе оларға ортақ сан аралығы жоқ.
Белгіленуі: [-4;1] [3;7]=
Сан аралықтарының бірігуі. [-2;6] аралығының әрбір саны [-2;3] және [1;6] аралықтарының ең болмағанда біреуіне немесе екеуіне де тиісті.
Белгіленуі: [-2;3] [1;6]=[-2;6]
Мінеки, балалар, домбырамыздың шанағын істедік. Одан кейін мойынын жасау үшін бірнеше есептер шығарайық.
IV. Ой толғау. Оқулықпен жұмыс
№ 991. Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, олардың қиылысуын жазыңдар:
1) және
2) және
V.Шардағы тапсырма
№ 992. Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, олардың бірігуін жазыңдар:
1) және
2) және
(дәптерге орындау, сызбасын тақтада көрсету)
Міне осы есептерді шығару барысында біз домбыраның мойынын жасап, пернелерін тақтық. Енді домбырамыздың басы мен құлағын жасау үшін В тобының есептеріне көңіл аударайық. №998,999 (тақтада орындау). Міне, домбыраның басы жасалынды. Енді не жетіспейді?
Домбырамыздың дыбысын шығару үшін ішектерін тартып, тиегін салу керек. Ол үшін мына кестені толтырайық.
VI . Бекіту. № 1003.
Сан аралығы [-3;5]
[-1;9] (-5;9]
[7;12) (-4;8]
[0;10] (-7;6]
[3;15)
Сан аралығының қиылысуы
Сан аралығының бірігуі
Сонымен домбырамыз дайын болды.
VII. Рефлексия. Сонымен балалар, бүгінгі сабақта біз нені білдік, нені үйрендік?
Сан аралықтарының қиылысуы, бірігуі .
VIII. Үйге тапсырма: № 991, № 992 (3,4)
Біз есептер шығара отырып, домбырамызды жасап бітірдік.
Домбыра бізді неге үйретті? Слайд
Біз бәріміз де шебер екенбіз, жақсы жұмыс істеп, еңбектендік. Еңбегі үшін жұмысшыларға жалақы төленеді. Ал сендердің жалақыларың – бағаларың.
IX. Бағалау.
Енді домбырамыздың құлақ күйін келтіріп, тағы да бір күй тыңдайық.
Күй тыңдау («Ата толғауы»)

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: Математика 6- сынып оқулығы

Категория: Физика и математика | Добавил: Баха9806
Просмотров: 4246 | Загрузок: 175 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Сламхановна  
0
керемет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика