Қызылорда қаласы,№101 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі
Көзейбаева Ұлмекен Пірназарқызы
Сыныбы: 8
Пәні: Геометрия
Сабақтың тақырыбы: Трапецияның ауданы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың тіктөртбұрыштың, параллелограмның, үшбұрыштың аудандарының формулаларын білетіндігін тексеру және осы формулаларды трапецияның ауданын тауып, трапецияның ауданы туралы теореманы пайдаланып практикалық есептер шығарғанда қолдана білулерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Сабақта оқушылардың шығармашылық және ойлау іс – әрекеттерін дамыту, геометрияға деген қызығушылықтарын арттыру. Өз ойын нақты дәл жеткізуге үйрету, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды математикалық сауаттылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Мамандық таңдауға бейімдеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Интеграциялық сабақ (геометрия – физика – алгебра).
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызғыш, қабырғаларының мәні жазылған үшбұрыштар мен төртбұрыштардың суреті бар таратпалар.
Сабақтың міндеті:
Ауданның қасиеттерін пайдаланып, фигуралардың ауданын таба білу. Трапецияның ауданы туралы теореманы тұжырымдап, дәлелдей білу. Есептерді шығару барысында теореманы қолдана білу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Далее - в архиве....
|