Амиржанова Гульдана Каршыбаевна,
учитель информатики
в классах с казахским языком обучения
школы-гимназии № 8, г. Щучинск.
5 сынып
25 сабақ. 06.12.13
Сабақтың тақырыбы : PAINT графикалық редакторымен танысу.
Cабақтың мақсаты: PAINT графикалық редакторын бағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету.
Білімділік: «Растрлық графикалық редактор» ұғымын.
Тәрбиелік: сурет өлшемін орнатуды, сақтауды. Түстер палитрасын іске қосуды. Қылқалам, қарындаш, сызық, доғал, масштаб құралдарын қолдануды.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру
- Жаңа сабақ
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма
Жаңа сабақ.
Адамдардың бәрі суретті жақсы сала алмайды . Сондықтан адамзат ұзақ жылдар графикалық бейнелерді құруды механикаландыруға тырысты және бұған есептеу техникасының арқасында қол жеткізді.
Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындары:
- Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет және т.б.);
- Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар).
Көріп отырсыңдар, терезе Windows жүйесінің стандартты түрі сияқты, бірақ мұнда салынатын кескіннің түсін таңдап қана қоймай, оның фонының түсін де таңдауға болатын түстер палитрасы қосылған. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістік – сурет салу алаңы алады. Оның сол жағында таңбашалар тобы – құралдар тақтасы орналасқан. Терезенің төменгі жағында түстер палитрасы бар.
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі – біз онымен сурет салатын түс және қосымша – бұл фон беретін түсі. Программаны іске қосқанда, ешқандай әрекет болмаса, келісім бойынша кескіннің түсі – қара, ал фонның түсі ақ болып шығады.
Далее - скачать с архива...
|