|
Мақал-мәтел.
[ Скачать с сервера (79.3 Kb)
]
| 06.03.2014, 14:43 |
Сейтмұратова Айнагүл Қызылорда қаласы №101 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Мақал-мәтел. Сабақтың мақсаты:мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде қолдана білу,олардың тіліміздегі сөздің көркі екенін ұқтыру. Дамытушылық:түйінді ой айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу шығармашылық ізденісін арттыру. Тәрбиелік:мақал арқылы адамгершілікке,отаншылдыққа,елжандылыққа тәрбиелеу. Әдісі:сұрақ-жауап,іздендіру,сын тұрғыснан ойлауды дамыту. Көрнекілігі:интерактивті тақта ,слайдтар. I. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Оқушылардың түгелдеу,зейіндерін сабаққа аудару. Үй жұмысын сұрау,бағалау,қортындылау. 1.Ауыз әдебиеті дегеніміз не? 2.Ауыз әдебиетінің түрлерін ата. 3.Тұрмыс-салт жырлары дегеніміз не? 4.Тұрмыс-салт жырларының түрлерін ата. 5.Жұмбақ дегеніміз не?
II. Жаңа сабақ. Балалар,дәптерлеріңе күн ретін жазыңдар.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз. о м о н и м а қ а л - м ә т е л
1. Жазылуы бірдей,мағыналары әр түрлі сөздер. 2 Заттың атын білдіретін сөз табы. 3 Жылқы пірі. 4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер. 5 Жеке заттарға қойылатын атау. 6. Балаға ең қымбат. 7. Білім беретін мекеме 8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді. 9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстарып бейнелеу. 10. Сиыр пірі. 11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. -Қандай сөз шықты? III-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:”Мақал-мәтел”екен. Мақал-мәтелдер-ерте заманнан ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан халықтық мұра,сөз өрнегі.Тілімізде “сөздің көркі-мақал”деген аталы сөз бар.Мақал-мәтел ықшам әрі көркем түрде жасалып,терең ой, кең мазмұнды қамтиды.Мақал-мәтелдер-ауыз әдебиетінің бір түрі.Мақал-мәтелдерде нақыл,ақыл айтылады. Мақалды көп біліп,көп қолданған адамдардың білімі де,ақылы да арта түседі. IY. Білсеңдер қазір біз “Топтастыру” әдісі арқалы мақалдардың тақырыптарын анықтаймыз.Ол үшін әр тақырыпқа бір-бір мақал айтайық.
Мақал-мәтелдер де өлең сияқты көркем,ұйқасып тұрады.Сөйлемдері ықшам,артық сөз болмайды. Мақал-мәтелдер қосарлана айтылып,бір-біріне туыс болғанымен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түсіндіру жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Y Мақал Мәтел Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді Әлін білмеген әлек. Ер жігітің екі сөйлегені-өлгені, Еменнің илгені-сынғаны Көппен көрген-ұлы той Еңбектің нанны тәтті,жалқаудың жаны тәтті Көрмес түйені де көрмес
YI Мақал мен мәтелді енді салыстырып көрейік.Ой қалай айтылған? Мақал Ортақ Мәтел
Y II Оқулықпен жұмыс 1. Отан,туған жер,халық туралы 2. Еңбек,ерлік,батырлық 3. Достық жолдастық оқу білім
Y III. Ыбырай Алтынсариның “Кел балалар оқылық” өлеңін кім жатқа айтады. Балалар өлең не туралы айтылған ? Оқу,білім туралы мақал-мәтел айтқызу дәптерге жазу.
IX .Ы.Алтынсариның “Таза бұлақ”әңгімесін мазмұндау. Осы әңгімеден қандай ой түйдік? Не білдік. Не үйрендік. Мақсатқа жетуді, Еңбекті үйрендік Бойыңды таза ұстауды жақсылықты,адалдықты X.Сергіту сәті. Мына суретке қарап қандай мақал-мәтел айтуға болады. Отан отбасынан басталады. Балалы үй -базар XI.Қызықты сұрақтар арқылы тиісті мақал-мәтелді табу. 1. Қорқақ неден қорқады? 2. Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды? 3. Ердің атын не шығарады? 4. Қандай батыр алдырмас? 5. Оқусыз не жоқ?Білімсіз не жоқ? 6. Ұлдың ұяты кімге?Қыздың ұяты кімге? XII.Сабақты қортындылау. Мақал-мәтел-ғасыр шежіресі.Онда халық тарихи,оның әлеуметтік тіршілігі,ақыл-өнегесі тоғысқан.Халық аз сөзге көп мағына сыйғызған. Сабақ “Орныңды тап” ойынымен аяқталады.Оқушыларға мақалдың әр сөзі беріледі. Өздері ойланып,қажетті орындарына тұрып,сол сөзден мақал құрайды.Мақалдың мазмұнын түсіндіреді. Отанды сүю отбасынан басталады. Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен. Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ. XIII. Бағалау. XIY.Үй тапсырмасы. Бұрын көп айтылмаған бес мақал-мәтел жазып келу,жатқа айту.
|
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Kairasul
|
Просмотров: 1697 | Загрузок: 98
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
|