Қызылорда қаласы
№136 Т.Жүргенов атындағы
мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Умарова Нұрила Тұрлыбекқызы
Қадыр Мырзалиев поэзиясындағы философиялық ой-толғамдар
Адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді: бірі – өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі – өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалған жағдайда ғана шын мәніндегі әдеби туынды бар. Шын мәніндегі әдеби туынды дегеніміздің, Леонид Леонов айтқандай, мазмұн жағынан ашу, пішін жағынан өнер табу болатын себебі де сондықтан.
Қазақ поэзиясына жиырмасыншы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы жылдарда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы таланттың бірі – Қадыр Мырзалиев.
Далее - скачать с сервера...
|