1. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан рәміздері. 4-сынып.
2.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтінді түсініп оқуға, сөздікпен жұмыс істеуге,сөйлемдерге сұрақ қоюға, ілік септігін жаттығу жұмыстары арқылы меңгертіп, көптік жалғауларды қайталау.
Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды Қазақстан рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Көрнекілік: Қазақстанның рәміздері, интерактивті тақта.
Сабақтың әдістері:әңгіме, сұрақ- жауап,жаттығу жұмыстары .
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Кезекші рапорты.
Үй тапсырмасын сұрап,қорытындылау.
Жаңа сабақ:
Сөздікпен жұмыс.
Рәміз – символика елтаңба - герб
Ту – флаг әнұран – гимн
Халық - народ тарих – история
Мәтінді түсініп оқып,аудару.
Қазақстан рәміздері
Қазақстанның рәміздері:ту, елтаңба, әнұран. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Ту көгілдір түсті.Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков және Шота(ман) Уәлиханов.Қазақстан Республикасының Мемлекетік Әнұранының сөзін Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған. Әнұранның әнін Шәмші Қалдаяқов жазған. Ұлттық рәміздер – халықтың тарихы.
1– тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойып жаз.
2– тапсырма. Төмендегі сөздерге ілік септігінің сұрақтарын қойып жаз,көптік жалғауларын жалға.
Берілген сөздер: ту, елтаңба, әнұран, автор.
3 – тапсырма. Диалогті толықтырып, досыңмен оқы.
- Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?
- Қазақстанның рәміздеріне ..... жатады.
- Тудың авторы кім?
- Тудың авторы : ...
- Елтаңбаның авторларын білесің бе?
- Иә, білемін. Олар: ..., ..., .... .
- Әнұранның сөзін кім жазды?
- Әнұранның сөзін жазғандар: ... және ...
- Ал әнін кім жазған?
- Әнін .... жазған.
4– тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Біздің ту
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда – қызыл күн,
Көк аспанда – жас қыран.
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан.
Туымызға жас туған
Біз қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
( Т.Молдағалие
5– тапсырма. Мәтіннен ілік септігінде тұрған сөздерді теріп жаз.
Жаңа сабақты бекіту:нені білдік,нені үйрендік ?
Үйге тапсырма өлеңді жаттау.
Баға қою.
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
Сабақтың мақсаты: Білімділік:сөйлемнің түрлерін қайталау.
Дамытушылық: мәтінді түсініп оқуға, мәтінге сұрақ дайындауға,сөйлемдерді сұраулы сөйлемге ауыстыруға,көп нүктенің орнына керекті сөздерді қоюға,оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:оқушыларды өз отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс -тәсілдер;сөздікпен жұмыс, мәтінді оқу, сұрақ- қою, жаттығу жұмысы.
Сабақ түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:отбасы туралы сурет,үлестірмелі кәртішкелер, АКТ
Сабақ барысы; Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып белсенділігін арттыру.
Оқушылардың субьективті белсенділігін өзекттендіру.Өткен тақырып бойынша қарама- қарсы сұрақтар.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Менің отбасым
1.Мәтінді түсініп оқу,аудару.
Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда адам бар. Олар: әкем, шешем, ағам, апам, және мен. Сіңлім, інім жоқ.Менің әкем- дәрігер. Ол егде адам. Шешем мектепте мұғалім. Ол егде адам емес, жас. Апам университетте мұғалім. Ол әлі тұрмыста емес. Ағам – зауытта жұмысшы. Мен оқушымын. Біздің отбасымыз өте тату. Үйіміз қаланың орталығында. Ол бес қабатты үй. Біздің пәтеріміз бесінші қабатта. Пәтерімізде төрт бөлме бар.
Мәтінге сұрақ дайындау
1-тапсырма. Сөйлемді сұраулы сөйлемге ауыстырып жаз.
1. Атам диванда отыр.
2. Әжем қолғап тоқып отыр.
3. Әкем мен шешем теледидар көріп отыр.
4. Біздің отбасымыз қалада (ауылда) тұрады.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.
Менің отбасым
Менің отбасымда ... адам бар. Олар: ..., ... , ... , ... , және мен. Сіңлім, інім бар(жоқ).
Менің әкем-... . Анам -... .Ағам -... . Мен- оқушымын. Мен ағамның қарындасымын . Біздің отбасымыз өте тату.
3-тапсырма.1.Синтаксистік талдау.
2.Морфологиялық талдау.
3. Мәтіннен сөз таптарын (зат есім, сын есімді) тап.
Жаңа сабақты бекіту: Отбасы сөзін ассосациялау
ОТБАСЫ
Сабақты қорытындылау:
Рефлексия
Бүгінгі сабақта не білдік?
Баға қою.
Үйге тапсырма:
Отбасы туралы диалог құрастыру,сөйлем түрлеріне мысал келтіру.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шымырбаева Мейрамкүл Акимжановна.
|