Воскресенье, 22.12.2024, 16:07
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

"Төрт түлік мал" саяхат сабағы
17.06.2014, 13:49

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға төрт түлік мал туралы
мәлімет беріп, түсінік қалыптастыру.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту,
ой-өрісін дамыту.
3. Оқушыларды үй жануарларына
қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, дәптермен жұмыс, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, саяхат
бағыты, т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу. Психологиялық сәт:
Қазақ тілім, өз тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім..
Оқушыларды түгендеу.
- Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп, сендердің білімдеріңді сынайды.
- Балалар, қазір біз «Қазақ еліне» саяхат жасаймыз. Мұнда ауылдар бар екен. Әр ауылдың тұрғындары сендерге өз тапсырмаларын әзірлеп отыр.
- Қане, даяр болсақ, сапарға аттанайық.
Бірінші тоқтайтын ауылымыз: Ойсыл қара ауылы .
Бұл ауылдың тұрғындары – түйелер. Ботаның сендерге арнаған тапсырмасы бар.
Сөздік жұмысы.
Төрт түлік мал – 4 вида домашнего скота
Түйе – верблюд бота – верблюжонок
Жылқы – лошадь құлын – жеребенок
Сиыр – корова бұзау – теленок
Қой – овца қозы – ягненок
Ешкі – коза лақ – козленок
- Жаңа сөздерді хормен, жеке-дара оқушылардан аудармаларын сұрау.
- Слайд арқылы жаңа сөздерді таныстыру.
Сергіту сәті:
Сыңғыр-сыңғыр сырғалар,
Құлағымды ырғалар.
Оң қолымда білезік,
Сол қолымда білезік.
Саусақтарда сақина
Қане, санап көрейік:
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Сапарымызды одан әрі жалғастырамыз. Келесі ауылымыз: Зеңгі баба ауылы. Бұл ауылдың тұрғындары – сиырлар. Бұзаудың сендерге даярлаған тапсырмасы мынадай:
«Сөздерді аяқта» ойыны
Ойынның шарты: өлең шумақтары мен жұмбақтардың шешуін тауып, дәптерге жазу.
 Ұмытпай ғой, ұлым Басында екі таяғы бар,
Жылқы баласы – құ... Төрт аяғы бар.
 Құлақтары шұнақ, Адам деуге болмайды,
Ешкі баласы – ла... Сақалы тағы бар. Еш..
 Кезікті бір жануар, Кішкентай ғана бойы бар,
Үстінде екі тауы бар. Т... Айналдырып киген тоны бар....
 Біліп жүр, ұл мен қыз-ау,
Сиыр баласы – бұ...
Сапарымыздың келесі тоқталар ауылы – Қамбар ата ауылы. Бұл ауылдың тұрғындары – жылқылар. Ендеше, құлынның тапсырмасын көрелік. Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің ретін жазамыз.
1 – тапсырма
Сөйлемдегі сөздерге жақша ішіндегі дұрыс жалғауды жалғаймыз.
Сиыр (дың; дің) бұзауы бар.
Түйенің бота (сі; сы) бар.
Ешкі (де; да) лақ бар.
Жылқының құлын (ы; і) бар.
Сергіту сәті:
Жаза, жаза, саусағым,
Әлсіредім, шаршадым.
Билеп, билеп алайын,
Сосын қайта жазайын.
Міне, сапарымыздың соңғы тоқталар ауылы – Шопан ата ауылына да келіп жеттік. Бұл ауылдың тұрғындары – қойлар.
Балалар, қозының даярлаған тапсырмасын көрейік.
«Сөздерді тауып көр» ойыны.
Шарты: сызба ішінен әріптерді бір-біріне жалғап, сөздерді табу.
Сабақты қорыту: сұрақ-жауап әдісін қолдану.
- Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
- Түйе баласы қалай аталады?
- Қозының анасын қалай айтамыз? т.б.
«Енесін тап» ойыны.
Шарты: жануарлар мен олардың адасқан төлдерін тауып қосу.
Үйге тапсырма: 110 бет 3 – тапсырма. (өлеңді жаттау)
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне сай бағалау.
Марапаттау.
Қоштасу: осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!

Қосымша
«Сөздерді тауып көр» ойыны.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Gulsara4179
Просмотров: 1482 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика