Воскресенье, 22.12.2024, 12:39
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 400
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

Етістік шақтары 4 сынып
19.01.2013, 22:47
Ардак Сыздыкова
Етістік шақтары
4 сынып
1. Білімділік: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен,осы және келер шақ түрлерімен танысу, жаттығулар арқылы тақырыпты бекіту.
2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Технологиясы: Дамыта оқыту (сын тұрғысынан ойлау)
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қазғау, топтастыру, түсіндіру, ой қозғау.
Сабақ көрнекілігі: Мәтіндер, парақшалар, семантикалық кесте, бағалау,
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі 5 минут мәнерлеп оқу
Оқушылармен амандасу, қажетті құрал-жабдықтарын тексеру.
1.Қызығушылықты ояту. Ризамын сендерге, ризамын бүгінге, ризамын қазырге Бүгін сабақта өз-өздерінді бағалайсыңдар. Алдарында жатқан кестеге бағаларынды қойып отырасындар.
1 2 3 4
Алихан

Ертеде бір Етістік деген ел болыпты.Табиғаты керемет, тұрғындары мейрімді екен. Бір жылы экологиялық жағдаймен көлдері кеуіп, егіндері өспей қалыпты. Етістік елінде тіршілік ететің жан қалмапты. Бұл елде Етістік ата деген шал тұрыпты.Етістік ата елін қимай, үйін қимай қалыпты. Қартайған шалдың көздері көрмей қалыпты.
Әрі қарай не болғаның білгілерін келеді ме? Мына тапсырмаларды орындайық. Етістік атаның көздері көреді.
Көру диктанты 5 секунд
Тау жақтан аспанға қалың сұр бұлт көтерілді
Әлия балалармен бірге топсаяхатқа кетті
Жер астынан су шығып таза бұлаққа айналды
-Дәптерлерінді ауыстырып тексереміз, бағалаймыз.
Етістік ата ағаштың басында отырып өз балаларын сағынып есіне алып «Сөз тума» құрастырады екен.
«Сөз тума» сөз құрастыру ІТ КЕ ЫРАТ
СТІ ҚАШ
ЕТІСТІК ШАҚТАРЫ
-Балалар етістік туралы не білесіндер? Кластер құрастырайық. Интерактивті тақтада жұмыс.
-Шалдың үш ұлы болыпты Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ. Ұлдары өсіп жұмыс іздеп кетіпті.Бармаған жерлері жоқ, аралаған елдері жоқ, балалары өз бетімен өмір сүріпті.
Әрі қалай білу үшін тапсырмаларды орындау керек.
Қазір сендерге қайталауға тапсырмалар беріледі үш деңгейлі.
І деңгейлік тапсырма
1.Сөздердің арасындағы етістіктерді сызып көрсет.
Отан,орындады, таң, жүгір, ыдыс, қызыл, келіп кетті, халық, жеді, жауын, ірімшік, барма, жел, сөйлеп тұр, дала, үй, өрік, ел, отырма, құлап қалды.
ІІ деңгейлік тапсырма
1.Зат есімді жекеше түрінде жікте Дәрігер
Мен..............
Сен ................
.....................
Ол................
2.Бес дара және күрделі етістіктерді жаз.
.....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

ІІІ деңгейлік тапсырма
1.Болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдыр
Кел-
Жаз-
Құрт-
Күт-
2.Сөйлемдегі етістіктің астын сөз
Самат теледидар көріп отыр. Қызықты кино болып жатыр.
Марат әжесіне қайшы апарып берді.
3.Етістікті жекеше жіктеп көр Жина
Мен..........................
Сен.........................
................................
Ол...........................
-Бағалаймыз
Шал кеуіп қалған көлдің жағасында отырып балаларының бала кезіндегі ойындарын еске алып отырғанда –Әке –деген дауысты естиді. Қараса үлкен ұлы Осы шақ іздеп келеді. Осы шақ әкесін көріп қуанып кетеді. Осы шақ әкесімен Бармын, жүрмін, тұрмын жылап көріседі. Жылағанда аққан жастары жиналып көлге айналады.
Осы шақ Сөйлеп тұрған кезде бір іс-әрекетті білдіреді екен.
Кім шапшан?Берілген етістіктерге антоним тауып жаз.
Кірді-шықты, келді-кетті, тұрды-отырды, алды-берді, тазалады-ластады,қуанып отыр- ренжіп отыр.
-Келесі күні ойламаған кезде екінші баласы Өткен шақ әкесінің қал жағдайын білуге келеді. Бардым, жүрдім, тұрдым деп әкесіне құшақтап көріседі. Сыйлыққа бұтақтар әкеліп отырғызады.
Өткен шақ бұрын болып кеткенін білдіреді. Әрі қарай не болғаның білгілерін келеді ме? Мына тапсырмаларды орындайық.
Үш деңгейлі тапсырмалар
І деңгейлік тапсырма
1.Дара етістікті күрделі етістікке айналдыр
Оқы, жаз, кел, кет, жыла, құла
......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
ІІ деңгейлік тапсырма
1.Сызықпен жалғастыр
Оқысаң сусын ішесің
Аяғын ауырса күн жылынады
Көп ұйықтасаң қолымен сүртпе
Шөлдесең басын ауырады
Көзін ауырса көп жүрме
Жаз шықса түсінесің
2.Сөйлемдер құрастыр Келе жатырмын, сатып алдық, шошып кетті.
.................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
ІІІ деңгейлік тапсырма
1.Жекеше және көпше түрінде Жаз етістікті жікте.
Жекеше Көпше
I I
II II

III III

2.Эссе жаз «Менің ауылым»
Сергіту сәті слайд «Жаттығу» презентация 10 слайд
Бағалаймыз.Ағаштарды күтіп. Әдемі болып өсе бастады. Біраз күндер өтеді. Әкесі күтіп жүреді. Үшінші баласы Келер шақ келді. Әкесін көріп, ағаларын көріп қуанып қалады. Әкесіне әртүрлі гүлдер тұқымын ала келіпті.
Шал балаларымен егіп, суарып мәз болады.
Шалдың неше баласы болды? Есімдері қандай?
Оқулықпен жұмыс 117 бет 2жаттығу тақтада жұмыс.
Етістік еліне қарандаршы, табиғаты керемет, жайнап кетті не жетіспей тұр? –құстар
Құстар ұшып келу үшін мына тапсырмаларды орындайық 3 жаттығу 117 бет
Жұпқа бөлінейік 1 жұп 2 жұп 3 жұп
Осы шақ
Өткен шақ
Келер шақ
3 сөйлем құрастырып жазамыз.
Құстар ұшып келді. Құстар немен қоректенеді? Жәндіктер пайда болу үшін мына тапсырманы орындайық.
Сөзжұмбақ шешеміз
Мақал –мәтелдер жалғастыр, жауаптары сөзжұмбақта болады
1.Отансыздың оты жанбайды
2.Отан –отбасынан басталады.
3.Еңбек- барлығын жеңбек.
4. Адамды білім сақтайды
5.Ақыл азбайды, білім тозбайды
Мына тапсырмаларды орындайық жануарлар пайда болады. Мына етістіктер қай шақта тұрғаның айт.
Жылап отыр, кетеді, жыртты, киеді, тоқып отыр, қиып тастады, ұрысып қалды, жуып жатыр, оқып отыр,жинайды.
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Сөздер жазу жеке. Жануарлар пайда болады.
Етістік ата мәз болды. Балаларына ризашылығын білдірді. Сендерге көмектескендеріне рақмет айтып жатыр. Етістік атаның балалары өз елдеріне оралып отау құрды. Қазірде тұрып жатыр. Бізді де қонаққа шақырып жатыр.
Қорытынды. Мына ағашқа жапырақ жабыстырамыз тілек жазамыз. Бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Kairat
Просмотров: 9469 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика