Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
№ 26 ОЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі Акбалина
Бақытқаным Ермеккалиевна
5-сыныпқа арналған емтихан билеттері
1-билет
- Қазақ әліпбиі
- Лексика дегеніміз не?
- Сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жаз.
Жазба, саналы, достық, жасыл, әсемпаз.
2-билет
- Сөздің тура және ауыспалы мағынасы туралы түсінік бер.
- Қазақ әліпбиіндегі қазақ әріптерінің жазылуы
- Тура мағыналы сөзді 1-ші бағанға , ауыспалы мағыналы сөзді 2-ші бағанға жаз.
Күннің көзі, адамның көзі, жиналыстың аяғы, аяғын ауыртып алды, дәптердің беті, баланың беті, есіктің кілті, дүниенің кілті.
3-билет
- Көп мағыналы сөздер
- Дауысты дыбыстар
- Бас сөзінің көп мағыналы сөз екенін дәлелде.
4-билет
- Жуан және жіңішке дауыстылар
- Омонимдер дегеніміз не?
- Қара , айт, арық, жүз, ара сөздерінің омонимдік мағынасын көрсететіндей сөз тіркесін құра.
5-билет
- Ашық және қысаң дауыстылар
- Синонимдер қалай жасалады?
- Синоним сөзге 5 мысал жаз.
6- билет
- Еріндік және езулік дауыстылар
- Антонимдер қалай жасалады?
- Антонимдерге 5 мысал жаз.
7- билет
- Дауыстылардың жазылуы
- Табу деген не?
- Қандай табу сөздерді білесің?
8- билет
- Қысаң дауыстылардың жазылуы
- Эвфемизм мен дисфемизмнің айырмашылығы неде?
- Эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек жаз.
Сөзуар, өтірік айту, қолды болды, өлді.
9-билет
- Дауыссыз дыбыстар
- Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
- Тұрақты тіркестердің мағынасын жаз.
Төбесі көкке жету, сужүрек, ит өлген жер, ақ саусақ, айы оңынан туды.
10-билет
- Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- Мақал қандай сөз?
- Мақалдың жалғасын тап.
Кең болсаң, .................................................
Бидайдың кеудесін көтергені -................
Отансыз адам- ..........................................
11-билет
- Қатаң дауыссыз дыбыстар
- Мәтел деген не?
- Мәтелдің жалғасын тап.
Біреу тоңып секіреді,.............................
Үй менікі демеңіз,..................................
Қызым саған айтам,...............................
12-билет
- Үнді дауыссыздар
- Көнерген сөздер нешеге бөлінеді?
- Көнерген сөзді тап.
Садақ, адам, жүрек, сауыт, жебе, кітап, найза, дүрия, барымта.
13-билет
- Ұяң дауыссыздар
- Диалект сөздер деген не?
- Мына сөздердің әдеби тілдегі баламасын жаз.
Сым, әңгелек, жар, тыңла, дарбаза.
14-билет
- Диалект сөздер
- Буын
- Сөздерге фонетикалық талдау жаса
Қарындас, ғылым, емтихан
15-билет
- Кірме сөздер
- Буынның түрлері
- Сөздерді буынға бөліп жаз, буын түріне ажырат
16-билет
- Кәсіби сөздер
- Еріндік дауыстылар
- Сөздерге фонетикалық талдау жаса
Мақала, дәурен, құлын
17-билет
- Фразеологизмдер
- Жаңа сөздер
- Сөздерге фонетикалық талдау жаса
Қызанақ, зейнеткер, жасуша
18-билет
- Жалпылама лексика
- Кірме сөздер
- Сөздерді буынға бөліп жаз
Жазушылар, мектеп, ағылшындық
19-билет
- Буынның түрлері
- Сөзжасам
- Жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жаса
Көр,біл, ек, сүз, өр
20-билет
- Екпін
- Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер
- Берілген сөздерден біріккен сөз жаса
Үш, ақ, тас, сыр, көк,өнер
21-билет
- Дыбыс екпіні
- Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер
- Берілген сөздерден қос сөз жаса
Дәрі, жақсы, ыдыс,туған, көрпе
22-билет
- Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер
- Орфография
- Сөздерге фонетикалық талдау жаса
Көктем,атай, достық
23-билет
- Үндестік заңы
- Езулік дауыссыздар
- Ілгерінді ықпалға 5 мысал жаз
24-билет
- Орфоэпия
- Ашық дауыстылар
- Сөздерге фонетикалық талдау жаса
Жайлау, ермексаз, құжат
25-билет
- Кейінді ықпал
- Термин сөздер
- Сөздерге фонетикалық талдау жаса
Ғаламшар, мұнай, жүрек
|