Суббота, 21.12.2024, 18:46
САЙТ ТВОРЧЕСКИХ УЧИТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА
Вы вошли как Гость | Группа "Гости"Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Педагогика и психология [8]
ИЗО и черчение [6]
Русский язык и литература [36]
Казахский язык и литература [61]
Иностранные языки [22]
Физика и математика [64]
Химия и биология [25]
История и география [26]
Технология труда и экономика [18]
НВП и физкультура [11]
Музыка и пение [9]
Начальная школа [47]
Внеклассная работа [6]
Самопознание [5]
Информатика [15]
Основы права [1]
Воспитательный час [6]
Доклады [6]
Авторские программы [6]
Работы учеников [2]
Нормативная база [1]
Презентации [10]
Курсы валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Наш опрос
Кто посещает наш сайт?
Всего ответов: 950
Гости сайта
free counters
Погода
Погода в Казахстане
Форма входа
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

Қазақ сазгерлері
[ Скачать с сервера (16.0 Kb) ] 28.05.2015, 12:34
Сабақ тақырыбы: Қазақ сазгерлері
Сабақ мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлы адамдар өмірімен
танысуды жалғастыру.
2. Өзін еркін ұстауға, өз ойын түсінікті жеткізе
білуге, тіл мәдениетін сақтауға дағдыландыра
түсу сол арқылы тіл байлығын арттыру.
3. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, жазу, оқу
Көрнекілігі: портреттер, слаид, домино, ребус, күннің көзі мен бұлттар
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
А)Амандасу
Ә) Рапорт
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Сабақ мақсаты мен барысын айту
IV. Жаңа сабақ
1.Психологиялық ахуал
-бір-біріне жақсы тілектер айту
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру
-ребус шешу арқылы жаңа тақырып атын шешу
-жаңа тақырыпты түсіндіру
-кіріспе сөзімді айтамын
Балалар бүгін біз сіздермен қазақ сазгерлері тақырыбымен танысамыз. Өткен сабақта күй аңыздарымен танысқанбыз. Онда да күйлер мен оны жазушылар туралы мағлұмат алған болатынсыңдар. Бүгін сол тақырыпты жалғастырамыз.

Ахмет Жұбанов 1906 жылы туып, 1968 жылы қайтыс болған. Ол Қазақстанның халық артисті, қазақ әндерін зерттеуші, академик, өнер ғылымының докторы, профессор. Ахмет Жұбанов Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әнге деген қызығушылығын ол әкесі мен ағасынан алған. Бала кезінен домбыра мен скрипкада ойнаған. Алматы консерваториясында халық аспаптар кафедрасын басқарған. Ол Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестірін құраған. Ол Құрманғазының шығармашылығын зерттеп, оның күйлерін оркестрмен ойнау үшін келтірген. «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлы» атты ән өнерінің тарихын жазған. Көптеген әндерге музыка, пьессалар және опералар жазған.



Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жыл Бөкей ордасында Жиделі тоғайы (қазір Жаңақала ауданы, Батыс – Қазақстан облысы) кедей Сағырбай киіз үйінде дүниеге келген. Бала кезінен домбырада ойнаған. Ерте кезден байқала бастаған әнге деген қызығушылығы әкесі жақтырмады. Құрманғазының шешесі Алқа болса ашық –жарқын тұлғалы адам ұлының музыкаға деген қызығушылығын құптады. 6 жас шамасында кедейліктің қыспағынан қой бағуға берілді. Оның көптеген күйлері бар. Олар Сарыарқа, Алатау, Кішкентай, Балбырауын және т.б

-Слаид көрсету. Сол арқылы әңгімелесу.

Сабақты қадағалап, топтарды бағалап отыратын жюри таңдап алу. Сыныпты екі топқа бөлу

2. Жаңа сөздермен танысу. Тақтадағы жұмыс
-жаңа сөздерді оқиды
-кезекпен оқиды
-дәптерге жазып алады
-жаңа сөздерді қаншалықты есте сақтағандары бойынша «Домино» ойынын ойнату.
(Домино парақшаларының бір жақ жартысында қазақша, екінші бөлігінде орысша атаулар жазылған. Әр шағын топтың оқушылары атаулардың аудармасын тауып, домино парақшаларды ұзынынан қою арқылы домино ойнайды. Доминоны тақтада ойнайды. Әр қағазды пластелин немесе скоч арқылы тақтаға жапсырып, әр топ өзара жарысады. Қай топ жылдам орындаса сол топ жеңімпаз).

3. Кітаппен жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Ауызша жұмыс
-мәтінді ішінен оқып, дайындалады
-кезекпен оқып, бірге аудару
-мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру (сұрақтар тақтада ілулі тұрады)
- қай топ сұрақтарға дұрыс, айқайламай, қол көтеріп жауап берген топ жеңеді.

1. Құрманғазы Сағырбаев кім?
2. Құрманғазының күйлері
3. «Құрманғазы» атты поэманы кім жазды?
4. Құрманғазы атымен Алматыда не аталады?
5. Құрманғазының портретін жасаған суретші


4. Сергіту сәті «Мені таны» ойынын өткізейік.
Ойынның шарты: бір портертті ұстап тұрамын олар айқайлама, қол көтеріп жауап береді. Әр топтың портреттері әр – түрлі. Онда күйші-сазгерлердің, оқушылардың портреттері көрсетіледі, қай топ дұрыс жауап беріп, қателеспесе сол топ жеңімпаз.(Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпейісова, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Абай, «Ұлытау тобы» т.б

5. Дәптермен жұмыс
3-тапсырма. Сөйлемдердегі кірме сөздерді теріп жаз, нүктелі сөздерге тиісті көптік жалғауларын қойып жазыңдар.
Жауап үлгісі: композитор, оркестрінің, дирижері, операсы, спектакль, кинофильмдерге, музыка.
Жылдар, аспаптары, жылдарында, әндері, спектакльдер, кинофильмдерге,

-тақтаға топ командирлері келіп жұмыс істейді

1-тапсырма. Мәтін ішінен септік жалғаулары бар сөздерді көшіріп жазып, олардың септіктерін көрсет.
Жауап үлгісі: Қазақтың, музыкасының, озбырлыққа, жолында, түрмеден,

4-тапсырма.Кестені толықтырып, «Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа әңгіме дайындаңдар.

V.Үй жұмысы
VI. Қорыту
Оқушылар өздеріне қаншалықты сабақ ұнаса солай қарай сабақты да бағалайды.

Өте ұнады ұнады ұнамады
деген үш бұлт тақтада ілулі тұрады, оқушыларға сабақ өте ұнаса сол бұлтқа қояды, ұнамаса ұнамады деген бұлтты жабады.
VII. Бағалау
Оқушыларды біліміне, өз ойын, пікірін дәлелдей алу қабілетіне қарай бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aina7244
Просмотров: 1631 | Загрузок: 41 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Irina_n  
0
"Мені таны" ойыны      ұнады.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Время
Большая перемена
Друзья сайта
Бесплатный школьный портал ПроШколу.ру
Учительский портал
Коллеги
Каталог образовательных сайтов
Домашние ремесла
Домашние ремесла
WEB100KZ
Web100kz.com - каталог сайтов
Web-круг друзей
Сайт учителей Казахстана.Все права защищены.При использовании материалов ссылка на //sabak.ucoz.org обязательна © 2024Сделать бесплатный сайт с uCozЯндекс.Метрика