Кастуганова Л.К
Орал қаласы
№26 ОЖББМ
қазақ тілі мен
әдебиеті пәні
мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың кіндік қаласы. Дауыссыз дыбыстар. 10 сынып.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, дауыссыз дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, білім алуға ұмтылуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, венн диаграммасы
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт, тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті
Күтілетін нәтиже: дауыссыз дыбыстарды меңгеру, астана туралы өз ойын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
11-тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Қазақтың кіндік қаласы» мәтіні бойынша жұптық жұмыс.
- Мәтінді оқиды.
- Мәтін бойынша сұрақ және жоспар құрайды.
- Көршісінің жауабын бағалайды.
1-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау.
2-тапсырма. Астана қаласының көрікті жерлері туралы әңгімелеу (суреттер бойынша).
3-тапсырма. Төмендегі сөздерді мағыналық жағынан сәйкестендіру.
4-тапсырма. Жарнаманы оқу. Мағынасын түсіндіру.
5-тапсырма. Жарнаманы оқып, қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.
6 – тапсырма. Мәтінді оқып, достарының қасиеттері туралы жазу.
Менің досымның қасиеттері
Ережемен жұмыс
Дауыссыз дыбыстар – айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуынан пайда болған дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,у (26)
Дауыссыз дыбыстардың түрлері:
1. қатаң: к,к,п,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ (11)
2. ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ ( 8 )
3. үнді: р,л,м,н,ң,й,у ( 7 )
ІV. Бекіту бөлімі
Венн диаграмасы
Астана қаласы Мәскеу қаласы
V. Үйге тапсырма
«Қазақтың кіндік қаласы» мәтінін мазмұндау. Жарнама жазу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау
|